Қош келдіңіз Ақпараттық технологиялар факультеті
Интелектуалды жүйелер

 

ҚБТУ Сіздердің назарларыңызға магистратураның «Интеллектуалды жүйелер» ("Intelligent Systems") жаңа бағдарламасын ұсынады! <

  • Бағдарламаның болашағы:

    • теориялық дағдылардан өзге практикалық білім дағдыларды біріктіретін бірегей үйлесімді бағдарлама;
    • бағдарлама EMC, Alem Research (басқа да) сияқты жеткізуші-компанияларда нақты проекттермен жұмыс жасай отырып әлеуетіңізді іске асыруға және кәсіби дағдыларыңызды дамытуға керемет мүмкіндік ұсынады;
    • бағдарлама Data Science/Machine Learning мамандарын дайындауға бағытталған;
    • үлкен көлемді деректерді жинаумен қоса, инновациялық ең алғы технологиялар бойынша оқыту, деректерді өңдеу тәсілімен бизнес проблемаларды шешу, бағдарламалау тілдерімен жұмыс жасау, оның ішінде R, Python, Matlab, машиналық оқыту мен бейнелерді айқындау сияқты дамыған аналитикалық құралдарды игеру;
    • кешенді жүйелерді және нақты осы шақтағы жүйелерді құрастыруға арналған тәсілдер мен құралдарды үйрету;
    • оқытуды жоғары классты мамандар, … сиякты ірі компаниялардағы бағдарламалық өнімді әзірлеушілер жүргізеді;
    • Саусгемптондық университеттің кәсіби сертификатталуы;
    • дипломды алғаннан кейін жоғары ақылы жұмыс;
    • оқудың толық кезеңі үшін бағдарламаның құны - 8 400 000 тенге.
    *ҚБТУ-дың ішкі грантына түсуге мүмкіндік бар.
    • Бағдарлама ұзақтығы - 15 ай (4 семестр);
    • оқыту бірыңғай технологияға негізделген, онда теориялық білімді бірден нақты практикалық проблемаларды шешуде қолдануға болады;
    • бүгін де пайдалы болатын баға жетпес білім.

  • Түсушілерге арналған негізгі талаптар:

    • “Ақпараттық жүйелер”, “Автоматтандыру және басқару”, “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” және басқа туыс мамандықтардың бакалавры болу;
    • машиналық оқытудың алгоритмдері, деректерді жинау және өңдеу, объектілі-бағытталған технологиялар, т.б. жайлы негізгі білім болу;
    • керекті деңгейде ағылшын тілін меңгеру.

    Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2017 жылдың 1 маусым - 29 шілде.

  • Емтихан мерзімі:

    1 ағын - 17 шілде 2017 ж.
    2 ағын - тамыз 2017ж.
    Оқу жылының басталуы - қыркүйек 2017 жыл,
    ҚБТУ грантына түсу үщін мамандық бойынша емтиханды сәтті тапсыру керек. Емтихан 2 ағында өткізіледі.
    Емтиханға қатысуға тіркелу үшін қажетті құжаттарды(төменде) өткізу қажет. 2017 ж. шілденің соңына дейін барлық құжаттар ішінара өткізілуі мүмкін. 28 шілде толық құжаттар тізімін өткізуіңіз керек.

  • Қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі:

    • ҚБТУ Ректорының атына мәлімдеме (ҚБТУда жазылады);
    • нотариалды куәландырылған дипломның және қосымшасының көшірмесі;
    • резюме (ағылшын және орыс тілдерінде);
    • 2 ұсыныс хаттары;
    • 6 сурет (3х4);
    • төлқұжат көшірмеси;
    • медициналық анықтама 086-У;
    • еңбек кітапшасының көшірмесі/жұмыс орнынан анықтама(бар болса);
    • TOEFL IbT/TOEFL(560тан жоғары) немесе IELTS (6.0тан жоғары) (бар болса) сертификатының көшірмесі;
    Егер IELTS сертификаты (6.0 минимум) қолыңызда болмаса, қабылдау комиссиясы барысында сіз ағылшын тілінен мемлекеттік бірыңғай естиханға тіркелесіз. Емтихан мемлекеттік университеттердің негізінде Алматы қаласында тамыздың ортасында өткізіледі. Емтиханның нақты күні жайлы ақпаратты біз Сізге қосымша хабарлаймыз.
    Мекен-жайымыз: ҚБТУ, Толе би көшесі, 59 үй, 2 қабат, каб. №264

Top