Қош келдіңіз Геология және мұнай-газ индустриясы факультеті
Мұнайгаз ісі

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті үлестік нәтижесі бойынша басымдығы жоғары, маңызды факультеттердің бірі болып саналады. ҚазМұнайГаз компаниясы және басқа мұнай-газ компаниялары ҚБТУ-дың серіктестері болуымен қатар университетті технологиялық , ғылыми зерттеу , қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде ҚБТУ мұнай-газ саласы бойынша білім беру сапасын жоғарғы деңгейге жеткізуге мүмкіндік алады.
«Мұнай-газ ісі» магистрлік бағдарламасы мұнай-газ индустриясына арналған жоғары білікті және талапқа сай мамандарды дайындап шығарады. Мұнай-газ инженериясы кафедрасында магистрлер толық курсты өтіп, кең мөлшерде білім алып, әр түрлі төмендегі салаларда жұмыс істей алады: геологиялық барлау, мұнай ұңғымаларын бұрғылау , көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдау, мұнай-газ кенорындарын игеру, ұңғыманы зерттеу және қоршаған ортаны қорғау.

Оқыту пәндері:
• Жалпы білім беру пәндері
• Мұнай-газ кен орындары
• Қазіргі заманның бұрғылау әдістері
• Ұңғымалық мұнай өндіру
• Мұнай-газ кен орындарын зерттеу
• Резервуарды модельдеу(Petrel,Eclipse софттарында)
• Ұңғыманы гидродинамикалық зерттеу (Saphire софтында)
• Өнімді қабаттың мұнай бергіштігін арттыру тәсілдері
• Экономика және мұнай өндірісін меңгеру
• + магистрлік
 

«МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Оқу мерзімі: 1 жыл

Бір жылдың ішінде сіз керекті пәндердің толық тізімінен өтіп , мұнай-газ индустриясының Магистрлік дәрежесін алуға мүмкіндігініз туындайды.

Оқытушылар ұжымы

Курстар Қазақстандық және бізбен серіктес шетелдік жоғары оқу орындарының профессорларымен өткізіледі.

Даралап тіл табу

Әр магистрант өзінің профессионалдық қызметі және жеке артықшылығы бойынша өз диссертациялық тақырыбын таңдай алады. Қазір магистрлік жобалау топтары қалыптастырылуда.

Сабақтар кешкі уақытта модуль түрінде өткізіледі

Ыңғайлы кесте сабақты және өз жұмысыңды қатар алып жүруге мүмкіндік береді.

Батыс ЖОО-ның бағдарламасы бойынша оқыту

Сабақтар Стэнфорд , Хериот-Уот Университеттерінің , Губкин атындағы мұнай-газ индустриясының Ресей мемлекеттік университетінің және Түмен мемлекеттік мұнай-газ университетінің бағдарламалары бойынша өтеді.

Қазіргі инфрақұрылым , технология деңгейі және оқу процесінің тәсілдері

ҚБТУ мамандар даярлау процесі бойынша қажетті техника-технологиямен қамтамасыз етілген: Landmark, Schlumberger, Paradigm, DrillSim атты қазіргі бағдарламалармен жабдықталған зертханалар. Химиялық мұнай-газкәсіпшілігі және коррозиядан сақтау зертханасы; Бұрғылау жабдықтары зертханасы. Мұнай және газ кенорын игеру зертханасы, "Invensys" зертханасы.

Бұрғылау өнімнің симмуляциалық құрылғысы

DrillSim-5 және DrillSim-20 бұрғылау үрдісін практика жүзінде көруге мүмкіндік береді. Машықтану құрылғысында түсіріп-көтеру жұмысын модельдік тұрғыда жүргізуге , мұнай ұнғымасын бұрғылау жұмыстарын электронды жүйеде іске асыру .

Бағасы

Бағдарламаның бағасы нарықтық шарт бойынша есептеледі.
 

ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ

Құжат қабылдау 1 шілдеден 20 тамызға дейін жалғасады. Мекенжай: Алматы қ., Толе Би 59, 332 кабинет.

Кіріспе емтихан 1 тамыздан 20 тамызға дейін екі пән бойынша өтеді:

• Ағылшын тілі
• Мамандық бойынша (геология, бұрғылау,өндіру)

Қажетті құжаттар кеспесі:

• Нотариялдық расталған жоғары білім деңгей жайлы диплом көшірмесі(қосымшамен бірге)
• Кадр тіркеуі бойынша жеке парақша
• 6 сурет (3х4)
• Жеке куәліктің көшірмесі
• Еңбек кітапшасының көшірмесі (түпнұсқамен бірге)
• Медициналық анықтама №086-У
• Түйіндеме
• Мінездеме
• Тест тапсыру сертификатының көшірмесі TOEFL>560 или IELTS>6.0

Байланыс:

Мекенжай: Алматы қ., Толе Би 59, 332 кабинет.
телефоны: +7 (727) 2725615, 2725129
Email: n.zhumahanova @kbtu.kz

Top