Қош келдіңіз Геология және мұнай-газ индустриясы факультеті

Құрметті талапкерлер!

Қазір Сіздерде болашақ мамандықтарыңызды таңдау мүмкіндігі бар, бұл жастардың өмірінде ғана емес, сонымен бірге сіздердің ата-аналарыңыз үшін де аса маңызды әрі жауапты кезең. Себебі мамандықты таңдау сіздің болашақ өмір жолыңызды анықтайды. Болашақ мамандықты таңдау кезінде сіздерге олардың қайсысы перспективалы әрі еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болатынын білу, сондай-ақ қай оқу орнында лайықты білім ала алатындығыңызды да шешу қажет.

Қазіргі таңда қазақстандық экономика жоғары білікті мамандарға аса зәру екендігі баршаңызға белгілі. Дегенмен елімізде жоғары техникалық білімі бар кадрларға деген сұраныс дереу артып келе жатқандығын ерекше атап өткіміз келеді. Бұл өз кезегінде «Геология және пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау» және «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша жоғары техникалық білім ұсынатын «Энергетика және мұнай-газ индустриясы» факультетінде оқу сіз үшін дұрыс таңдау екендігін дәлелдейді. Біздің Республикамыз барланған қорлар мен қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін өндіру деңгейі, көмірсутек шикізаты бойынша да әлемде көшбасшы орын алады. Қазақстандық экономиканың жетекші әрі қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ және тау-кен секторының дамуына орай Сіз геолог немесе мұнайшы мамандығын таңдау арқылы ертеңгі күніңізге сенімді бола аласыз.

ҚБТУ біздің факультеттегі екі мамандық бойынша да Корольдік грамота мен Біріккен корольдіктің Инженерлік кеңесінің лицензиясына ие әлемдегі ең ірі Британдық Теңіз инжинирингі, ғылым мен технология университеті (IMarEST) растаған халықаралық аккредитация туралы куәлікке ие бірден-бір отандық университет болып табылады. Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің (БСҚА) бас рейтінгісі бойынша "Мұнай-газ ісі" мамандығы соңғы 6 жыл бойы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында үздік академиялық бағдарлама деп танылып келеді, ал ҚБТУ еліміздегі үздік техникалық оқу орны ретінде мойындалған.

«Геология және пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау» мамандығы 2012 жылы ашылғандықтан, БСҚА рейтінгіне қатыспады, аталған мамандық бойынша бірінші бакалаврлар 2016 жылы бітіреді.

Біздің факультетіміз мұнай-газ секторындағы компаниялармен тығыз қарым-қатынас жасайды және ҚБТУ базалық факультеті болып табылады. Мұнда нарық пен қарқынды дамып жатқан өндірістің талаптарына сәйкес мамандарды даярлаудың жоғары сапасына әрдайым негізгі басымдық беріледі. Бізде оқу оңай емес, талапкерлер мен студенттерге қойылатын талаптар білікті әрі сауатты кадрлар дайындауға бағытталған. Факультетте мамандар даярлдауды екі кафедра қамтамасыз етеді: «Геология және Жер физикасы» кафедрасы «Геология және пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау» бағдарламасы бойынша жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын тау-кен және мұнай өндіруші компаниялар, сонымен қатар жер қойнауын оңтайлы пайдалану мен қорғау бойынша мемелкеттік бақылау органдары мен жоғары оқу орындары үшін мамандар даярлайды.

Аталған бағдарлама аясында 1-оқу жылын бітіргеннен кейін, Сіз төмендегі мамандықтардың бірін таңдай аласыз:

   • Пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері

   • Мұнай-газ геологиясы

   • Геология және қатты пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау

«Мұнай-газ инжинирингі» кафедрасы «Мұнай-газ ісі» бағдарламасы аясында мұнай және газ кенорындарын бұрғылау, дайындау және өндіру, сонымен қатар мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау, жабдықтау, жөндеу мен пайдалану салалары бойынша мамандарды даярлайды.

Аталған бағдарлама аясында 1-оқу жылын бітіргеннен кейін, Сіз тағы төмендегі мамандықтардың кез-келгенін таңдай аласыз:

   • Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

   • Мұнай-газ кенорындарын дайындау және пайдалану

   • Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау, жабдықтау және пайдалану

   • Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жөндеу және пайдалану

«Геология және мұнай-газ индустриясы» факультеті білікті кадрлар даярлауға қажет барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген. Оқытушы-профессорлар құрамының жоғары зияткерлік әлеуетінің арқасында біздің түлектер британдық стандарттарға сәйкес білім алады және қазақстандық еңбек нарығында шын мәнінде бәсекелестері жоқ деп айтуға болады

Сондықтан егер Сіз өзіңіз бен өз таңдауыңызға сенімді болсаңыз, лайықты білім алып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болғыңыз келсе, біздің факультетке қош келдіңіз. Кәсіби мамандар әрдайым сұранысқа ие болады!

Сіздерге сәттілік пен қызықты студенттік өмір тілеймін!


Құрметпен,
ЭжМГИФ деканы,
Бекмұхаметова З. А.

Top