Қош келдіңіз Бизнес мектебі
Бизнес және әлеуметтік ғылымдар департаменті

KBTU logo

«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұстанымы
Кафедра «ҚБТУ» АҚ-ның негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады, білім берумен, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстармен, студенттер арасында тәрбиелік жұмыстармен, олардың біліктілігін арттырумен, кәсіби іскерлік біліммен қамтамасыз етеді.
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедарсынының меңгерушісі ассистент профессор, PhD, Мамырбаев Алмас Нурболатович
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы өз қызметінде басшылыққа алады:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңын;
- «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңын;
- Білім және ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік және халықаралық стандарттарын;
- ҚБТУ-дың жарғысын;
-Бұйрықтарын, ҚБТУ-дың басшылығының шешімдерін;
- «ҚБТУ» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен міндеттерін, ҚБТУ-дың сапа менеджменті жүйесінің өзге де құжаттарын;
- ҚБТУ-дың кәсіби қауіпсіздік және денсаулық жүйесін басқару құжатын (СМПБиЗ)
- Кафедра туралы ұстанымын, ҚБТУ-дың басқада ішкі документтерін;
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, білім беру және басқа да іс-шаралар қамтитын, ҚР-ның Білім және Ғылым министірлігінің талаптарына сай жыл сайын бір жылға құрылған жоспарға сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. «Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы кафедрамен байланысты маңызды сұрақтарды шешу үшін профессорлық оқуытушылар құрамының қатысуымен кафедра отырысын өткізеді. Кафедра отырысы айына бір рет өткізіледі. Кафедра отырысына
басқада ұйымдардың, деканаттың, басқада кафедралардың өкілдері қатыса алады.
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін, қазіргі заманғы нарықтық экономика мен практикалық білімі бар, жоғары білікті мамандарды дайындайды.
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының міндеттері:
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы келесі міндеттерді алға қояды:
- Оқу процесі мен оның әдістемелік қамтамасыз етуін ұйымдастыру және жүзеге асыру.
-Іздену мен қолданбалы зерттеулерін, кафедраның профилі бойынша басқада ғылыми жұмыстарын және көпдеңгейлі кәсіби білім беру жүйесінің мәселелерін фундаменталды ұйымдастыру және өткізу
-Мемлекеттік білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының жоспарына, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру оқу бағдарламаларына енгізілген жоспарына сай сабақ, факультативтік сабақтар мен кафедраның профиліне сәйкес курстар беру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу.
- Гранттық қолдау операциясына сай, бюджет және бюджеттен тыс келісімдерге сәйкес кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру және іске асыру. -Білім алушылардың азаматтық көзқарасын, толерантты санасын, қазіргі жағдайда жұмыс істеп, өмір сүруге қабілетін қалыптастыру.
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының функциялары:
Кафедра келесі функцияларды іске асырады:
- Бакалавриаттың оқу жоспарына сәйкес сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруын жүзеге асырады.
- Жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) кафедраның пәндері бойынша әзірленеді.
-Кафедра әдістемелік білім беру пәндерімен қамтамасыз етеді: оқулық, оқу - әдістемелік кешендер, нұсқаулар және кафедра пәндері бойынша әдістемелік білім беру - құжаттамалар, сондай-ақ, білім берудің барлық нысанындағы ағымдағы , аралық және қорытынды бақылау материалдарын дайындайды .
-Жыл сайын оқулықтарды, оқу әдістемелік нұсқауларды сатып алу және жариялау үшін ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлейді.
- ПОҚ-тың оқу жүктемесін есебін орындайды,ПОҚ-тың кафедралық жүктемесін әзірлейді және оны жетекші проректорға бекітуге береді.
- Білім алушылармен оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын кафедраның профиліне сай ұйымдастыруына мүмкіндік береді, ғылыми еңбектерді қарастырады. - Кәсіби бағдар және қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады.
- Бизнес мектеппен және университеттің басқада құрылымдық бөлімшелермен бірге тәрбие жұмыстарын өткізеді.
- Кафедра қызметінің сапасын арттыруға бағытталған, оның қызметкерлерінің ғылыми және педагогикалық өсуін қамтамасыз ету үшін басқа университеттің кафедраларымен, ғылыми зертханаларымен және басқада үйымдармен қызмет етуін үйымдастырады.
-Кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын іске асырады.
-Кафедра ұжымының қалыптасуына қатысады.
- ҚБТУ –дың кафедра қызметі туралы жоба құжаттарын әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынылады.
- Есептерді, хаттарды, қорытындыларды және басқада кафедраға байланысты хабарларды дайындайды.
-Жылдық жоспарларды, кафедраның жұмысы бойынша есептерді әзірлейді (оқу жылы бойынша) және оларды бекітуге ұсынады.
-ҚР-ның заңнамаларымен және ҚБТУ-дың нормативтік актілеріне сәйкес басқада функцияларды орындайды.
-Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарларын және маман бағдарламаларын дайындайды.
-Эдвайзерлердің жұмысын ұйымдастырады және қадағалайды.
-Тіркеуші-басқармасымен бірігіп кәсіби (білім беру, өнеркәсіптік , диплом алдындағы т.б.) тәжірибені ұйымдастырады, тәжірибенің бағдарламасын әзірлейді, т басшысын тағайындайды, ұйымдастыру үшін өзге де шараларды қабылдайды, тәжірибенің нәтижелерін анықтайды.
- Шығарылатын пәндер бойынша МАК жұмысын ұйымдастырады.
- Ғылыми басқару және диссертацияларды ( бизнес- жобалар) қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады
«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының мақсаты:
2008 : ХС ISO 9001 талаптарына сәйкес атқарушы міндеті мен бағыттары, «Әлеуметтік ғылым және бизнес» кафедрасының сапа саясатында қарастырылған, бітірушілердің Қазақстандағы бәсекеге қабілеттілігін және әлемдік білім беру кеңістігіне қамтамасыз етуге бағытталған. Кафедраның басты мақсаты- бүгінгі менеджерлерді дайындауда қазақ қоғамының өскелең сұранысын қанағаттандыру, тіл білетін және оны жұмыс процесінде тиімді қолдана білу, әр түрлі деңгейдегі стратегиясын іске асыру, елдің, облыстар мен бизнестің тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін технологияларды енгізу.
Бұл мақсатқа қол жеткізуге болады:
- СМЖ ХС ISO негізінде жоғары еңбек тәртібін сақтау жолымен білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
- Университет пен кафедраның зияткерлік әлеуетін арттыру, кафедраның ғылыми-зерттеу базасын дамыту, оқытушылар құрамының кәсіпқойлығын арттыру;
-Білім беру процесінің , алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолдануын ұйымдастыру, инновациялық әдістерін енгізу;
-Стратегиялық әріптестермен ынтымақтастықты қалыптастыру;
- Заманауи білім беру технологияларын енгізу мен кафедраның профессорлық –оқытушы құрамының оқу-әдістемелік қызметін үздіксіз жетілдіру арқылы тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын, білім беру қызметінің сапасын арттыру. (студенттердің үлгерімін жыл сайын 2,5-3,5% арттыру)
- Кафедрада «Қаржы» , «Менеджмент» мамандығы бойынша элективті пәндер тізімін базалық және профильдік циклінде бакалавр бойынша кеңейту;
-Кафедраның пәндерін оқыту үшін шетелдік оқытушыларды тарту, базалық және профильдік цикл бойынша пәндерді 100% ағылшын тілінде беру;
-Кафедраның ПОҚ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жүйелі жетілдіру (Халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, тренингтерге, семинарларға қатысу)

 

Top