Қош келдіңіз Пән бастау факультеті

Пән-Бастау факультеті 2010 жылы  қарашада «Жоғары математика және кибернетика», «Ағылшын тілі», «Гуманитарлық пәндер», «Дене шынықтыру және  спорт" кафеддраларының аясында  құрылды.

Факультет қызметінің мақсаты - бірінші курс студенттерін ҚБТУ-дағы оқу қызметіне бейімдеу,  жалпы білім беретін пәндер бойынша  қажетті білім беру,    түлек шығарушы  факультеттер аясында келесі курстарда  оқуға  дайындық пен қабілетке байланысты қажетті білімді, базалық  кәсіби құзыреттіліектерді   игерту үшін  белсенді студенттік өмірге тарту болып табылады.  Оқу-тәрбиелік мақсат - студенттердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту,  тұлғаның  қоғамдық маңызды  дүнеитанымдық және рухани-адамгершілік негіздерін және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру. 

Факультет тұжырымдамасының негізін қызметтің үш ұстанымы - үш негізгі теориялық-әдіснамалық қағида анықтайды.
• Білім берудің іргелілігі ұстанымы - студенттің жалпы кәсіби дайындығындағы  білімнің өзектілігі мен тереңдігі, білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірлігі.  Бұл ұстаным жалпы білім беретін,  дене шынықтыру, тілдік және гуманитарлық пәндерді оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету,  ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын меңгеру және аналитикалық қабілеттерін дамыту арқылы іске асырылады.
Әмбебаптық ұстанымы -  іргелі және практикалық дайындықтың бірлігі, кәсіби ортаны қалыптастыру, білім алушылардың  жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Оқу үдерісінде факультет  теориялық және қолданбалы пәндерді орайлы ұштастыруға талпынатын болады.
Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі ұстанымы -  студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.

Факультеттегі барлық жалыпы білім беру үдерісінің  басты құрамдасы студент болып табылады. Студенттік ұжыммен жұмыс барысында факультет өз мақсатын біртұтас студенттік ұжым қалыптастыру, жеке  шығармашылық мүмкіндіктерін ашу,  әрбір студенттің  кәсіби, рухани-шығармашылық және мәдени дамуына көмек көрсету деп біледі.  
Факультеттің оқу қызметі оқытушылардың  студенттермен жүргізетін  жүйелі жұмысынсыз жемісті болуы мүмкін емес.  Студенттермен жұмысқа қатысты факультет өз алдына келесі міндеттерді қояды:
• кафедра оқытушыларының студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне кеңес беруге қатысуы
• студенттер мен оқытушылардың  ашық семинарлары мен ғылыми-практикалық конференцияларын ұйымдастыру
• студенттермен шұғыл байланыстар жасау үшін  желілік ресурстарды пайдалану (сабақтар кестесіндегі өзгерістер, тапсырмалар, ақпараттық хабарламалар)
• факультет сайтын ақпараттық материалдармен толтыру;
• факультет студенттеріне кеңес беру және басқарудың жаңа формаларын іздестіру, соның ішінде студенттер мен оқытушылардың форумдарын құры жолымен
• азаматтық-адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, елжандылық пен толеранттықты тәрбиелеу
• студенттердің шығармашылық өзін-өзі іске асыруына жағдай туғызу​
• студенттер қызметін оқытушылар тарапынан  үздіксіз қадағалау.

 
Факультет жаңалықтары
Кубок ректора КБТУ по мини-футболу 2018...
17 сәуір
icon Пән бастау факультеті
IITU Chess Open 2018: победа КБТУ!...
26 наурыз
icon Пән бастау факультеті
default
ДВОЙНАЯ ПОБЕДА...
25 сәуір
icon Пән бастау факультет
і
Top