Бастапқы бет ОҚУҒА ТҮСУ
Бакалавриат

1. Бірыңғай Ұлттық тестілеуден немесе Кешенді тестілеуден өту:

ҰБТ нәтижесі бойынша жалпы ұпай саны:

• Бизнес мектебі, Ақпараттық технологиялар факультеті, Математика және кибернетика Ғылыми білім беру орталығының мамандықтары үшін - кем дегенде 50 балл;
• Халықаралық экономика мектебі, Қазақстан теңіз академиясының мамандықтары үшін - кем дегенде 70 балл

Ескертпе: 

ҰБТ ағымдағы жылда жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының түлектеріне, сонымен қатар ағымдағы жылда жоғары оқу орнына түскісі келетін оқу тілі қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын жалпы білім беретін мектептердің түлектері, республикалық музыкалық мектеп-интернатының түлектеріне өткізіледі.

 

Кешенді тестілеуден жалпы орта білім беру ұйымдарының (жалпы орта) алдыңғы жылғы түлектері, техникалық және кәсіби (бастапқы және орта кәсіби) ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, шетелде халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектептердің түлектері, сондай-ақ шетелдік оқу орнын тәмамдаған түлектер өткізіледі.

 

Бизнес мектебі (әрі қарай - БМ) мен Халықаралық Экономика мектебінің (әрі қарай - ХЭМ) мамандықтарына оқуға түсуге арналған бейіндік пәндер - математика + география;

 

Ақпараттық технологиялар факультеті (әрі қарай - АТФ), Математика және кибернетика Ғылыми білім беру орталығы (әрі қарай -МжК ҒБО), Қазақстан теңіз академиясының (әрі қарай - ҚТА) мамандықтарына оқуға түсуге арналған бейіндік пәндер - математика + физика.

 

Кешенді тестілеуден өту үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

  1. белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  2. бітіргендігі туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік (техникалық және кәсіптік) немесе орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) оқу орнының (түпнұсқа) дипломы;
  3. мемлекеттік білім беру гранты алуға басым құқығын растайтын құжат (бар болған жағдайда);
  4. 3x4 көлеміндегі сегіз фотосурет;
  5. 086/у формасы бойынша медициналық анықтама (басқа қаладан келген абитуриенттерге қалалық студенттік емхана мекен-жайы: Бұқар Жырау бульвары, 14 (Марков көш.қиылысы); 063 (егілу картасы) растау қажет;
  6. талапкердің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және 2 көшірмесі);
  7. кешенді тестілеуден өткені үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

2. IELTS сертификаты болмаған жағдайда ҚБТУ-да ағылшын тілі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуге болады.

IELTS сертификаты бар талапкерлер тест тапсырмайды. Brithish Council, сонымен қатар Interpress орталығының сертификаттары қабылданады. 
Ақылы бөлімге және мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдану үшін қажет ағылшын тілінен өту ұпайы (KELET диагностикалық тестілеуінің нәтижесі бойынша) / IELTS сертификатының балы мынадай:

  1. АТФ, БМ, Математика және кибернетика факультетіне оқуға түсу үшін – IELTS кем дегенде 4,5 балл (KELET бойынша 3 балдан кем емес);
  2. ҚТА оқуға түсу үшін - IELTS кем дегенде 5,5 балл (әр бөлімі бойынша 5.0 кем емес);
  3. ХЭМ оқуға түсу үшін - IELTS кем дегенде 5,5 балл (әр бөлімі бойынша 5.0 кем емес).
Ескертпе: 
Ағылшын тілі бойынша балы қажетті деңгейден төмен талапкер ҚБТУ-да ағылшын тілінің жеделдетілген бағдарламасын оқып, оқуға қабылдау мерзіміне дейін ағылшын тілін білу деңгейін арттыра алады немесе ҚБТУ-ға «Foundation English» бағдарламасымен оқуға түсе алады.

3. Оқуға түсуге құжат тапсыру.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу және ақылы бөлімшеге түсуге үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  2. білім туралы құжат (түпнұсқа);
  3. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – ҰБТ немесе Кешенді тестілеу - КТ сертификаты (түпнұсқа);
  4. мемлекеттік білім беру гранты алуға басым құқығын растайтын құжат (бар болған жағдайда);
  5. 3x4 көлеміндегі сегіз фотосурет;
  6. 086/у формасы бойынша медициналық анықтама (басқа қаладан келген абитуриенттерге қалалық студенттік емхана мекен-жайы: Бұқар Жырау бульвары, 14 (Марков көш.қиылысы) растау қажет; 063 (егілу картасы) немесе десаулығы туралы паспорт;
  7. дәрігер қорытындысымен флюорография түсірілімі;
  8. Жарамды IELTS сертификаты (British Councill немесе Interpress) немесе ағылшын тілі (KELET) бойынша кіру тестінің тапсыру нәтижесі;
  9. жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  10. тіркеу куәлігі (жігіттер үшін).

4. Құжаттарды тапсыру күні:

• ҰБТ/КТ сертификатын алған сәттен бастап, 18 тамызға – ақылы бөлімше құжаттарды қабылдау 
• 1 маусым мен 20 маусым аралығында – кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 
• 17 шілдеден 23 шілдеге дейін – кешенді тестілеу 
• 23 шілдеден 31 шілдеге дейін – мемлекеттік білім беру грантын тағайындау үшін конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау
• 1-8 тамыз – ҰБТ/КТ қайта тапсыруға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 
• 19-24 тамыз – ҰБТ/КТ қайта тапсыру 
• 10-28 тамыз – ҚБТУ студенттер контингентін қабылдау 

ҚБТУ-дың қабылдау комиссиясы
Алматы қ., Төле би к-сі, 59 ( Абылай хан көш.қиылысы) Астана алаңында орналасқан ғимарат 
негізгі есік Төле би к-сі жағынан, 1 қабат, №153 кабинет.
Жұмыс тәртібі: ДС-ЖМ, 9:00-ден 18:00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін
 
Top