Бастапқы бет ОҚУҒА ТҮСУ
Магистранттар мен студенттер үйі

dmis

Жатын орынға мұқтаж студенттерге ҚБТУ Магистранттар және студенттер үйінен (МжСҮ) орын беріледі

Алматы қаласынан тыс жерлерден келген ҚБТУ студенттеріне аумағы 1 гектардан астам, барлық жағдай жасалған, жеке күзет қойылған Магистранттар мен студенттер үйінен орын беріледі. Магистранттар және студенттер үйінің аумағында төрт корпус орналасқан. Жалпы сыйымдылығы 671 орын. Бірінші корпуста 175 студент тұра алады, 13 секцияға бөлінген, әр секцияның өз ас бөлмесі және санитарлық-гигиеналық бөлмелері бар. №2 және №3 корпустар арнайы студенттерге арналып салынған, бұл корпустардың әрқайсысына 160 студент орналасады. Алты қабатты №4 корпус қолдануға 2011 жылы берілді. Магистранттар мен докторанттарға арналған бір адамдық бөлмелері бар. МжСҮ корпустарының секцияларында 2, 3, 4 орындық ерекше жайлы жабдықталған және Интернет жүйесі қосылған бөлмелер, тұрмыстық қажетті бөлмелер, Wi-Fi оқу бөлмелері, автоматты кір жуғыш машиналар бар. Медициналық талаптарға сай әр корпуста изолятор бөлмелері бар. Студенттерге ыңғайлы уақытта біреуі 12 орындық, екіншісі 42 орындық 2 буфет жұмыс істейді (ас мәзірі студенттердің қалауына қарай дайындалады). Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күзет қызметкерлеріне жүктелген, бейнекамералар іске қосылған, әр корпустың өз тұрғыны ғана кіре алатындай әр есікке жеке ID карталарымен кіретін қондырғылар орнатылған. Жыл сайын жатын бөлмелерде және жалпы қолданыстағы орындарда ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тұрмыстық техника және жиһаз уақытымен жаңартылып отырылады. Студенттердің демалыс уақыттарын ұтымды өткізуіне арналған тренажер залы және демалыс бөлмелері бар. Аулада ыңғайлы демалыс орындары және заман талабына сай жабдықталған мини-футбол алаңы бар.

Арша мен қарағай, жұпаргүл иісі аңқыған аулада қаланың шуы ұмытылып, жақсы тынығуға, сабақ оқуға жағдай жасалған. Магистранттар мен студенттер үйі – бұл қалыпты жатақханалардан өзгеше, жайлы қоныс, сондай-ақ ол демалу үшін бар мүмкіндіктер туғызылған шынайы Мекен!

1-оқу жылы студенттері үшін орналасу реті

Күні: 16 тамыз 2017ж. 
Уақыты: сағ. 09.00 - 17.00. 
Орны: МжСҮ, Тұрғыт Озал көш., 70 

Өзіңізбен бірге:

  1. № 11408 нормативті актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріндегі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» (қалада жеке тұрғын үйі жоқ) мемлекеттік қызметін көрсету стандарнына сәйкес ХҚКО-дан анықтама алу.
  2. ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы.
  3. Жеке куәлік.
  4. Негіздемелерді есепке алу және жатақханадан орын алу тізімінде белгіленген тұлғалардың басым құқығын растайтын құжаттары болу керек (көшірмесі мен түпнұсқасы).

Орналасу сызбасы:

  1. Дәрігерлік рұқсат алу (кабинет №2Б, №1 корпус Тұрғыт Озал, 70);
  2. Ордер алу. Талапкердің жатақханада тұру жеңілдігі болса, жеңілдікті растайтын құжатының болуы тиіс. (кабинет №1, №1 корпус Тұрғыт Озал, 70);
  3. МжСҮ-мен Шартқа тұру (кабинет №2, №1 корпус Тұрғыт Озал, 70);
  4. Жатақханада тұру ақысы – орналасу күнінен бастап 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін төлеу (Университет кассасы, №523,519-кабинет, Толе би, 59, ҚБТУ немесе ҚБТУ-дың реквизиттеріне аудару, негіздеме: Жатақханада тұру ақысы, студенттің тегі көрсетіледі).

 

2-оқу жылынан бастап студенттер үшін орналасу реті 17 тамыз 2017ж.:

 

Өзіңізбен бірге:

  1. № 11408 нормативті актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріндегі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» (қалада жеке тұрғын үйі жоқ) мемлекеттік қызметін көрсету стандарнына сәйкес ХҚКО-дан анықтама алу.
  2. ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы.
  3. ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы.
  4. Негіздемелерді есепке алу және жатақханадан орын алу тізімінде белгіленген тұлғалардың басым құқығын растайтын құжаттары болу керек (көшірмесі мен түпнұсқасы).

Орналасу сызбасы:

  1. Орналасқан студенттердің тізімдерімен танысу (тізімдер МжСҮ ақпараттық стендттерінде және Интранетте көрсетіледі);
  2. 1 семестрдің жатақханада тұру ақысын төлеу (жатақханаға орналасу күнінен бастап 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін) (ҚБТУ, касса);
  3. Дәрігерлік рұқсат алу (ҚБТУ, каб.№353);
  4. Белгіленген корпусқа карточка ашу (ҚБТУ, каб. №63);
  5. Жатақханада тұру ордерін алу. Талапкердің жатақханада тұру жеңілдігі болса, жеңілдікті растайтын құжатының болуы тиіс. (МжСҮ, каб.№1);
  6. МжСҮ-мен Шартқа отыру. (кабинет №2, Т-Озал,70).
Top