Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Жұмысқа орналасу

ҚБТУ түлектерінің жұмысқа орналасу рейтингі - 98%

Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО деген беделіне және мұнай-газ және де басқа салалардағы компаниялармен тығыз қарым-қатынастарына байланысты ҚБТУ өзінің түлектеріне жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашады.

ҚБТУ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен аффилиирленген және ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Қазақстан темір жолы, Air Astana, Қазақтелеком, Самұрық-Энерго, Казкоммерцбанк және Халық банкі, сондай-ақ 200-ден астам еншілес қорлармен белсенді ынтымақтасып отыр. Бұл компаниялар университетке тек қаржылық, технологиялық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін серіктес қана емес, сонымен қатар ҚБТУ түлектері үшін ірі жұмыс берушілер болып табылады.

«Самұрық-Қазына» қорының компанияларымен қатар ҚБТУ халықаралық және ұлттық алыптар, бухгалтерлік Үлкен төрттік, Теңізшевройл, Halliburton, Danone, Procter & Gamble, және басқа да көптеген фирмалармен түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Top