Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Сатып алу департаменті

Жалпы ереже

Сатып алу департаменті (бұдан әрі - СД немесе Департамент) "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ның (бұдан әрі - ҚБТУ немесе университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сатып алу Департаменті ҚБТУ Ректоры бұйрығымен тағайындалған директор арқылы басқарылады. СД өз қызметінде ҚБТУ жалпы мәселелер жөніндегі Проректорға бағынады. СД сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу ісінің орындалуына жауапты құрылымдық бөлімше болып табылады. Департамент өз қызметінде басшылыққа алады :
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
- "ҚБТУ" АҚ Жарғысын; 
- "ҚБТУ" АҚ сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттарын;
- "ҚБТУ" АҚ сапа жөніндегі нұсқауы және басқа да сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) нормативтік құжаттарын;
- ҚБТУ бойынша бұйрықтар және өкімдерді; ;
- ҚБТУдың басқа да нормативтік құжаттары мен осы Ережені. 

 

Негізгі міндеттері

ҚБТУ қызметін Университет қызметі үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жолымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету. ҚБТУ оқу корпусы мен жатақханаларына қажетті жөндеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету. ҚБТУ мен оның еншілес ұйымдары жүзеге асыратын құрылыс мәселелеріне жетекшілік ету. ҚБТУ оқу корпусы мен жатақханаларына қажетті жөндеу жұмыстары мәселелеріне жетекшілік ету. Тауарлық-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) ҚБТУ қоймасында белгіленген талаптарға сәйкес сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету.

Top