Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Қызметкерлер мен құқық мәселелері департаменті

Жеке құрамды басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі департаменті "Қазақстан-Британ техникалық университетінің "АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Негізгі міндеттері:

• ҚБТУ-да адам ресурстарын басқару жөніндегі, кадр мәселелері бойынша толық спектрін реттеуді заңдылық және тиімділік принциптерінде қамтамасыз ететін жоғары тиімді кешенді жүйесін құру (жеке құрамның құжаттарын қабылдау және есепке алу, жеке құрамды бағалау, біліктілігін арттыру, шетелдік мамандарды тарту және т. б.)

• ҚР заңнамасының талаптарына және ҚБТУ органдарының шешімдерімен сәйкес тиімді құқықтық және құжаттамалық ҚБТУ-дың қызметін ұйымдастыру.

• ҚБТУ-дың бұқаралық ақпарат құралдарымен (баспа, теледидар және т. б.) тиімді өзара іс-қимылды құруды қамтамасыз ету, ҚБТУ қызметін БАҚ-та жариялауда Университеттің оң имиджін қолдау .


 

Қызметтері

Қойылған міндеттерді шешу үшін Департамент мынадай қызметтерді орындайды:

• Еңбек қарым-қатынастарын ресімдеу, ҚБТУ қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу, құжаттарды қабылдау және беру, қызметкерлердің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу, сақтау, жұмыс уақытын есепке алу мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру және т. б.

• Қызметкерлердің жеке құрамы бойынша бұйрықтар дайындау, мұндай бұйрықтарды тіркеу және сақтау.

• ҚБТУ қызметкерлерінің, сапалық және сандық құрамының есебін жүргізу, ҚБТУ басшылығының, мемлекеттік органдардың, "Қазмұнайгаз" АҚ, өзге де ұйымдар сұрауы бойынша осы мәселелер бойынша қажетті есеп деректерді құрастыру.

• ҚБТУ істер номенклатурасын қалыптастыру.

• ҚБТУ мұрағатын жүргізу, мұрағаттық анықтамалар беру.

• ҚБТУ-да шетелдік мамандардың және білім алушылардың ҚР-да заңды түрде болуға байланысты қажетті іс-әрекеттерді орындау - шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын алу/ ұзарту, нострификациялау бойынша жұмыс жүргізу/ ШЖК-нің білім туралы құжаттарын тану, визалық қолдау, паспорттарын тіркеу, ШЖК бойынша құжаттама және есептілікті тапсыру және т. б.

• Жалдамалы қызметкерлер бойынша белгіленген рәсімдерді өткізу,ҚБТУ-дың ғылыми-педагогикалық құрамының лауазымдарын ауыстыру бойынша конкурс ұйымдастыру.

• ҚБТУ-дың нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіппен ҚБТУ жеке құрамының қызметі бойынша тиімділігін бағалау жұмысын жүргізу.

• ҚБТУ қызметкерлерінің оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жыл сайынғы жоспарларын және есептерді, басқа да есептіліктерді құрастыру.

• Жалғыз акционердің, директорлар Кеңесінің, ректораттың, ҚБТУ органдарының және Университет қызметінің құқықтығын қамтамасыз ету.

• Мемлекеттік органдарда, соттарда және өзге де ұйымдарда құқықтық мәселелерін қарау кезінде ҚБТУ мүдделерін ұсыну.

• Жобаларды дайындау және/немесе ҚБТУ-дың нормативтік актілер және ҚБТУ-дың басқа ұйымдармен / жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша заңдық сараптама жүргізу.

• ҚБТУ-дың құжат айналымы процесін ұйымдастыру: ҚБТУ-дың кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, хаттарды, құжаттарды құрылымдық бөлімшелеріне және ҚБТУ-дың лауазымды тұлғаларына тарату, шығыс хат-хабарларды жіберу.

• ҚБТУ-дың іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығында белгіленген ережелерге сәйкес Университеттің іс қағаздарын жүргізу процесін қамтамасыз ету, Университет бөлімшелерімен ҚБТУ-дың іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарын сақталуына бақылау жасау, тиісті нұсқаулықтарды жүргізу.

ҚБТУ қызметі бойынша өндірістік бұйрықтар жобаларын әзірлеу, оларды тіркеу және сақтау.

• ҚБТУ Ректораты отырыстарын өткізу бойынша ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету (күн тәртібін қалыптастыру және тарату, хаттамаларды жүргізу, Ректорат қаулыларын және хаттамаларды тіркеу және сақтау және т. б.).

• Ректор қабылдауының және Ректорат мүшелерінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету .

• БАҚ-та ҚБТУ-дың қызметін хабарлау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекетті жүзеге асыру, Университеттің жарнама және PR-компанияларына қатысу .

• ҚБТУ туралы баспа, фото - және бейнематериалдарды жинау, есепке алу, сақтау, жарнамалық мақсаттар үшін осы материалдарды тиімді пайдалану мақсатында жәрдемдесу, БАҚ-тағы жарияланымдар, ҚБТУ туралы жарнамалық роликтер мен деректі фильмдер дайындау.

• Астана қаласындағы ҚБТУ-дың ұйымдастыру мәселелері қызметі бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру .

• ҚБТУ-дың Департамент қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеу, ҚБТУ органдарына оларды бекітуге шығару.

• Департаменттің қызметі мәселелері бойынша есептілікті, хаттарды, қорытындыларды, өзге де ақпаратты дайындау.

• Департаменттің қызметі бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспарын және есептерді әзірлеу,оларды белгіленген тәртіпте бекітуге ұсыну.

• Ректор тапсырмаларын, ҚР заңнамасымен және ҚБТУ-дың нормативтік актілерімен көзделген өзге де функцияларды орындау.

Top