Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Бухгалтерлік есеп департаменті

Жалпы ережелер

Бухгалтерлік есеп және есеп беру департаменті (әрі қарай - БЕжЕБ немесе Департамент) "Қазақстан- Британ техникалық университеті" АҚ (әрі қарай - ҚБТУ немесе университет) құрылымдық бөлімі болып табылады. Департамент ҚБТУ ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалған және қызметтен босатылатын директор арқылы басқарылады. Өз қызметінде Департамент Жалпы мәселелер бойынша проректорға бағынады. Департамент өз қызметінде: 
- Қазақстан Республикасының өз күшіндегі заңнамаларын, соның ішінде ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» Заңын; Салық кодексін; - өкілетті мемлекеттік орган бұйрықтары және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын; - Университеттің есеп саясатын, Университет бойынша бұйрықтарды; - «ҚБТУ" АҚ Жарғысын; - «ҚБТУ»АҚ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын; - «ҚБТУ»АҚ сапа бойынша басшылығын және университеттің сапа менеджменті жүйесіндегі (СМЖ) өзге де нормативтік құжаттарын; - аталған Ережені және ҚБТУ-дың өзге де құжаттарын басшылыққа алады.

Негізгі міндеттері

Департамент алдына келесі негізгі міндеттер қойылады: 
Университеттің қаржылық жағдайы туралы дер кезінде, толық және шынайы ақпарат қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметіне, қаржы, салық және өзге де заңнамалармен бекітілген бақылау органдарына қажетті жағдайларда статистикалық және аналитикалық мәліметтерді құрастырып, есептік деректерді жіберу. Өкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде және ҰК "ҚазМұнайГаз" АҚ (әрі қарай - Акционер) талаптарында белгіленген формалар мен мерзімдер бойынша шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есеп беруді дер кезінде ұсыну. Қазақстан Республикасы нормативтік актілеріне сәйкес есептеу-аналитикалық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруды, бухгалтерлік есеп беруді нақты жолға қоюды қамтамасыз ету.

Атқаратын қызметі

Департамент келесі қызметтерді атқарады: 
Университеттің бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуін қамтамасыз ету. Университет кассасындағы ақшаның болуы мен оның қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету. Есеп беру кезеңінде кіріс пен шығынға жатқызу, ағымдағы шығындар мен капиталдық қаражат салымдарын есепке алуда қаражаттарды шектеу дұрыстығын, синтетикалық есепке алу есепшоттары бойынша қалдықтар мен айналымдарды аналитикалық есептеу мәліметтерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Есеп беріп отырған кезең (ай, тоқсан, жыл) үшін, осы кезеңде жүзеге асырылған барлық операциялар мен мүлікті инвентаризациялау нәтижелерін есепке алу толықтығын қамтамасыз ету. ҚБТУ Жарғылық капиталында акционерлер жарнасы мөлшерін есепк алуды қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп әдіснамасын анықтау және ҚБТУ есепке алу саясатын қалыптастыру. Өкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде және Акционер талаптарында белгіленген формалар мен мерзімдер бойынша шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есеп беруді қалыптастыру және дер кезінде ұсыну. Мемлекеттік және фискальдық органдарға статистикалық есептілікті және салықтық есептілікті қалыптастыру және дер кезінде ұсыну. Өкілетті органдарға қаржылық ақпараттарды қалыптастыру және ұсыну. Тәуелсіз аудиторлар үшін бухгалтерлің ақпаратты қалыптасыру және ұсыну. ҚБТУ-дың еншілес, тәуелді және бірлесе бақылайтын ұйымдарының шоғырландырылған есептілік аудиты бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сыртқы аудиторлармен өзара әрекеттесу бойынша ҚБТУ және еншілес, қарамағындағы және бірлесе бақылайтын ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру. Бухгалтерлік ақпараттық жүйені, мәліметтер базасын, бухгалтерлік және салықтық есепке алу саласындағы есептерді дәл күйге келтіру үшін техникалық тапсырмаларды құрастыру. Қаржылық есеп беруді шоғырландыру әдістемесін жасау және оны енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. ҚБТУ және еншілес, тәуелді ұйымдарға арналған бірыңғай есепке алу шараларын енгізу, бірыңғай Есеп саясатын қалыптастыру. Департамент қызметі мәселелері бойынша ҚБТУ нормативтік құжаттары жобасын әзірлеу, оларды ҚБТУ органдарына бекітуге қою. Департамент қызметі мәселелері бойынша есептер, хаттар, тұжырымдар, өзге де ақпараттар дайындау. Департамент қызметі бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспарлары мен есептерді әзірлеу, белгіленген тәртіпте оларды бекітуге ұсыну.

Top