Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Приветствие ректора

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан-Британ техникалық университеті  соңғы жылдар бойы Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктің рейтингісіне сәйкес үздік техникалық жоғары оқу орны болып келеді.  Біз Еуразия  өңіріндегі  жетекші кәсіпкерлік университеттердің бірі болуға ұмтыламыз.  Біздің басты мақсатымыз –  жоғары білікті мамандар түлете отырып, Қазақстанның ғылыми, өнеркәсіптік және экономикалық дамуына қолдау көрсету.

Біз  техника мен бизнес салаларында қоғам мен ғылым арасындағы,  Қазақстан және бүкіл әлем арасындағы білім көпірін орнатамыз. Біз үшін бұл үлкен мәре, бірақ біз мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және бизнес-құрылымдар сияқты алуан түрлі мүдделі тараптармен жұмыс істей отырып, өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге сенімдіміз. Біздің мүдделеріміз өзге де салаларды қамтиды. Біз  көптеген әлеуетті серіктестерімен сұхбаттар өткізіп, бірлескен зерттеулер жүргіземіз, сарапшылармен алмасамыз.  ҚБТУ үшін инновациялық және шығармашылық қатынас басым бағыт болып табылады, сондықтан біздің жобаларымыз тұжырымдамалары бойынша бір-бірінен ерекше болып табылады және  алуан түрлі міндеттерді шешеді.

Бүкіл Орталық- Азия  өңірі үшін  ғылыми және техникалық инновациялар орталығына айналу үшін біз алуан түрлі салалық индустриялық кәсіпорындарымен  бірлесе оқыту бағдарламаларын жетілдірудеміз. ҚБТУ Консультациялық кеңесінің құрамына компаниялардың топ-менеджерлері,  ал Индустриалдық комитеттерге –  біздің  оқу бағдарламаларымызды  сапалы және мейлінше өзекті етіп отырған  техникалық сарапшылар кіреді. Бұл университетті қазақстандық, сондай-ақ шетелдік студенттердің  оқуы  үшін тартымды етері сөзсіз.

ҚБТУ түлектерінің  98% университетті бітіре салысымен  бірден жұмыс табады немесе оқуларын жалғастырады. Олардың кейбіреулері тіпті оқу кезеңінің өзінде-ақ  компаниялардан шақыру алады. Біздің көптеген  түлектеріміз халықаралық жетекші IT және мұнайгаз саласы компанияларында, соның ішінде Силикон жазығында жұмыс істейді.

Біз өзіміздің жоғары білікті оқытушыларымызды мақтан тұтамыз,  олардың қатарында көрнекті ғалымдар да бар. ҚБТУ заманауи ғылыми зертханаларға ие, онда зерттеушілер мен студенттер инновациялық жобалар бойынша жұмыс істейді.

ҚБТУ-дың басым бағыттағы стратегияларының бірі  интерұлттандыру болып табылады. Бізде  University of London, Harvard Business School және өзге де көптеген  әлемдік үздік жоғары оқу орындарымен серіктестік қатынастар мен ынтымақтастық жолға қойылған. Біз оқытушылар және студенттермен алмасу бағдарламаларының қатысушысы болып табыламыз, олардың қатарында Erasmus+ және Болашақ та бар. Университет шетелдік білім алушылар мен  ғалымдарға арналған орындар санын ұлғайтуда. Біздің  үлкен де тату ұжымымызға студент немесе зерттеуші ретінде қосылыңыздар!  Бәріміз  бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз!

ҚБТУ басшылығы атынан  акционерімізге, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, серіктес ұйымдарға және, әрине, студенттерге, профессорларғаа және қызметкерлерге  университетті дамытудағы қомақты үлестері үшін алғысымды білдіремін  және оларға  әрі қарай табыстар тілеймін!

Құрметпен
ҚБТУ Ректоры
Кенжебек Ибрашев

 

Top