Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Ақиық ақынға арналған кеш

2019 жылғы 8 ақпан, жұма күні аралығында "ҚБТУ" АҚ Ғылыми кітапханасының қазақтың біртуар көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Пән-Бастау факультеті қазақ және орыс тілдері секторының сениор-лекторы Өтебаева Гүлжан Көшенқызының "Кәсіби қазақ тілі" пәні бойынша білім алып жүрген 1-оқу жылы студенттері "Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған..." атты поэзия сағатын өткізді.

Поэзия сағатын студенттер әдеби-музыкалық монтаж ретінде ұйымдастырып, ақынның туған ел, Отан, табиғат, махаббат, бақыт тақырыптарындағы өлеңдерін жатқа оқып, өлеңіне жазылған әндер шырқады, көріністер қойды.

Поэзия сағатына тамашалап, қатысқан жоғары оқу жылы студенттері, оқытушылар, қызметкерлер, кітапхана қызметкерлері де өз әсерлермен бөлісті, ақын өлеңдерін жатқа оқыды, арнау өлеңдерін тарту етті. Іс-шара техникалық жоғары оқу студенттерінің ана тілінде сөз өнерінің асылымен қауышып, рухани азық алуына, шығармашылық қиялын дамытуға ықпал еткені сөзсіз.

Top