Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Самбо күресінен 1999-2000 жылы туылған жастар арасындағы Алматы қаласы Чемпионаты

1-2 ақпан күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде Самбо күресінен 1999-2000 жылы туылған жастар (ұлдар, қыздар) арасындағы Алматы қаласы Чемпионаты өтті.

Чемпионатта ҚБТУ-нің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студентi Бану Егеналиева 72 кг салмақ категориясы бойынша 1-ші орынды иеленді.

Геология және геологиялық барлау факультетінің 1 курс студенті Қайсен Жолбарысов +100 кг салмақ категориясы бойынша 3-ші орын алды.

Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!

Top