Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ҚБТУ студенттері және оқытушы-профессорлары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Ұлы Дала Елі», «Рухани жаңғыру»  идеяларын жүзеге асыру мақсатында Пән-Бастау факультеті Тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен   өтетін тағылымды дәріске шақырамыз!

Дәріскер: көрнекті ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Гүлжиһан Жұмабайқызы Нұрышева.

Дәріс тақырыбы:«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы».

Дәрістің күні мен уақыты: 7 қараша 2018 жыл; сағат 15.00.

Дәрістің өтетін орны: ҚБТУ ғимаратының 726 ауд.  (Баспасөз орталығы).

Ұйымдастыру алқасы

Top