Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Міндеті мен стратегиясы

ҚБТУ өзінің миссиясын бизнес пен өнеркәсіп саласында келешек көшбасшылар үшін жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, өңір және тұтас елдің мүддесінде ғылымның ең алдыңғы қатарлы және перспективалық салаларында инновациялық технологиялар мен зерттеулерді алға жылжыту деп есептейді.

Университеттің стратегиялық келешегі ол академиялық үстемдік, ғылыми прогресс және ұлттық әл-ауқат идеалдарын алға жылжыту, техникалық және бизнес білім беру саласында даусыз көшбасшы мәртебесін қолдау болып табылады.

Университеттің тұрлаулы мақсаты мен ауқымды идеялары заманауи жетілген материалдық-техникалық базасы мен жоғары білікті ғылыми-педагогикалық әлеуетті ғылыми білім беру орталықтарын құру, дуальдық кәсіби білім беруді дамыту, қаржылық, энергетикалық секторға, жоғары және ақпараттық технологиялар мен теңіз индустриясына мақсатты бағдарланған, кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерге ие жоғары білікті мамандар дайындау.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚБТУ миссиясы мен келешегін бейнелейтін, келесістратегиялық міндеттер қойылған:

• ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну;

• алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру технологияларын қолдану, үлкен кәсіби тәжірибе мен шетелдік практикасы бар оқытушылар мен сарапшыларды тарту;

• экономиканың басым салаларына инновациялық шешімдер, ғылыми әзірленімдер жасау және енгізу;

• әлемдік рейтингке, халықаралық аккредитация мен әлемдік тұрғыдағы мойындауға ие зерттеу университетінің мәртебесін алу;

• ғылым, білім беру мен өндірістің кірігуіндегі үлгілі инфрақұрылымның болуы;

• кадр саясаты және ОПҚ біліктілін арттыру;

• стратегиялық жоспарлаудың болуы және менеджменттің заманауи ұстанымдарына негізделген басқару жүйесі мен сапа саясатын жетілдіру.

• оқу, тәрбие, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және өндірістік құрылымдық бөілімдердің өзара тұрақты байланысы.

Top