Бастапқы бет КБТУ ТУРАЛЫ
Құрылу тарихы

Қазақcтан-Британ техникалық университетінің құрылу тарихы Қазақстан-Британ-техникалық университетін құру идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Елбасының Біріккен Корольдіктің ресми уәкілдерімен болған бір қатар келіссөздер мен кездесулер нәтижесінде 2000 жылдың караша айында екі ел арасындағы өзара келісім Меморандумына қол қойылды. Университеттің қолдаушысы сол уақытта Ұлы Британия примьер-министрі Тони Блэр болды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен Британдық кеңестің № 1027 өзара келісім Меморандумына сәйкес 2001 жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен университет құрылды.

Қазақстан тарапынан университетті аяқтандыруға атсалысқандар: Қазақстан үкіметі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өкілетті орган болып табылады.. Университеттің қалыптасуына белсенді атсалысқан және осы күнге дейін мұрындық болған: Президент әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі, Минералды ресурстар мен энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Стратегиялық жоспарлау агенттігі, Лондондағы Қазақстан елшілігі, Н. Назарбаевтің білім фонды. Жоғарыда аталғандардың төртеуі университеттің Директорлар кеңесінде ұсынылған. Британия тарапынан ҚБТУ-дың серіктесі болған Ұлы Британияның Қазақстандағы елшілігі және оның басты өкілі—Британдық кеңес. Білім беру және ілеспелі консультативтік кызметтерді қамтамасыз еткен: Абердин университеті және Ұлы Британияның мұнай астанасы Абердин қаласында орналасқан Роберт Гордон атындағы университет, Хериот-Уотт университеті (Эдинбург каласы) және Вестминстер университеті (Лондон қаласы). Жоғарыда аталған университеттердің тереңдетілген “Мұнай-газ өнеркәсібі” және “Іскерлік басқару” оқыту бағдарламалары бар. Сонымен қоса, олар әлем бойынша білім нарығының мұнай-газ саласында жетекші орында тұр.

Top