The best technical university in Kazakhstan

News

13.11.2019
On November 8, the "A character’s image" evening for the 175th anniversary of Abay was held at KBTU.
13.11.2019
Продлен крайний срок подачи заявок конкурса Creative Spark . Партнерский фонд Бизнес школы Хенли, Казахстанско-Британского технического у
12.11.2019
On November 12, a meeting of the KBTU leadership with foreign university students took place.
11.11.2019
KBTU team took 3rd place at AtyrauHab.
08.11.2019
So, we are ready to announce the names of our winners! More than 80 applications have been submitted. Each participant was a very strong
All news

2002 жылы құрылған Ақпараттық технологиялар факультеті, ең алдымен IT-білімін беру арқылы артықшылықтар алуға ұмтылатын пікірлестер бірлестігі болып табылады. Мұнда мыңдаған бакалавриат пен магистрант білім алуда - бұл ҚБТУ-дағы ең көп шоғырланған студенттер факультеті.

50 жыл бұрын бізге ғажайыптай көрінген технологиялар, бүгінгі күні біздің өміріміздің бір бөлігі болып табылады. Осы саладағы нарықтың барлық талаптарын қанағаттандыратын жоғары білікті мамандарды даярлау факультетіміз ұстанатын алты негізгі қағидатқа негізделген:

1. Достық ортасы (атмосфера)

2. Жоғары сапалы білім беру бағдарламалары

3. Білікті оқытушылар құрамы

4. Қазіргі заманғы техникалық жабдықтар (зертханалар)

5. Өнеркәсіппен тығыз байланыс

6. Нақты қолданбалы ғылыми зерттеулер

Бұл компоненттердің әрқайсысы білім беру сапасына айтарлықтай үлес қосып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің студенттер мен түлектердің барлық жеңістері Қазақстанның әлемге танылуы үшін елеулі үлес қосады.

 

Біздің жетістіктеріміз:

- Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу агенттігі ҚБТУ-ды еліміздің үздік техникалық колледжі ретінде 9 жыл қатарынан  мойындауы

- Әлемдегі беделді аккредиттеу агенттігі AVET тарапынан  2022 жылға дейінгі бакалавриат деңгейіндегі АТФ-тің барлық білім беру бағдарламаларының халықаралық бағдарлама бойынша аккредиттелуі

- Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» рейтингінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының 2018 жылы бірінші орынға ие болуы

- Ұлттық және халықаралық жарыстарда, хакетондарда АТФ студенттерінің жүлделері мен тұрақты жеңістерге жетуі

- әлемдегі ең беделді АТ-компанияларда (Google, Facebook, Microsoft, Amazon және тағы басқалар) жұмыс істейтін ондаған түлектер және олардың бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар қолданатын өнімдерді жасауда Қазақстан даңқын асыруы

- Соңғы 12 жылда Студенттік бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының кезеңдерінде ҚБТУ командаларының тамаша көрсеткіштері: алты мәрте финалға шығуы (соңғы екеуі 2018 жылы Бейжіңде, ал 31 наурыздан бастап 5 наурызға дейін Порту қаласында (Португалия)

- Студенттер командалары арасында сегіз рет Орталық Азия бағдарламалаушы чемпиондары атануы

- Microsoft Imagine Cup финалының екі мәрте қатысушылары болуы

- өздерінің табысты оқиғалары туралы студенттік аудитория алдында сөйлеген сөздері,  құрылтайшылар мен қызметкерлерінің табысты отандық стартаптарын иеленуі

 

Факультеттің  табысқа қол жеткізу  факторлары

1. Құрылған орта (ахуал)

Біз  құрған сенім ахуалы, жылы қарым-қатынас  және сонымен біргер жоғары білім стандарттары жыл сайын жүздеген талантты жастарды АТФ студенті қатарына тартатынына сенімдіміз. Мұндай қатынас жаңа биіктерге жетумен қоса әлеуетті дамуға елеулі ықпал етеді, жастардың жалпы қоғамға деген сенімін арттырады және индустрияның  жаңа үндеулеріне оңай бейімделуге көмектеседі.

2. Білім беру бағдарламалары (халықаралық академиялық алмасу мүмкіндіктерін қоса алғанда)

АТФ-тің  негізі қаланған сәттен бастап  ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен үш мамандық бойынша  білім беру қызметі (бағдарламаны) ұсынылады:

5В070200 Автоматтандыру және басқару

5В070300 Ақпараттық жүйелер

5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Ақпараттық технологиялар факультеті:

─  әлемнің үздіксіз алға жылжитынын;

─ осы  мамандықтардың кез-келгеніне түскен студенттер мүдделерінің өзгеруі мүмкіндігін және бұл табиғи заңдылық екенін  (ұзақ мерзімдік статистика бойынша, студенттердің шамамен 50% -ы мамандық аясынан тыс   тар шеңберлі  мамандықты таңдайды);

─ еңбек нарығындағы  сұраныстың  ұдайы жаңарып отыратынын  түсіне отырып,  2017-2018 оқу жылынан бастап  оқытуға қатынасын қайта қарап, оны білім алушылар үшін бұрынғыдан да ыңғайлы етіп құруда.  Бүгінгі таңда әрбір студент 3-4 семестр ішінде түскен мамандығынан тыс  алты курсты (20 кредит): бағдарламалау тілдері блогы, алгоритмдер және дерекқорлар (тағы 14 кредит) және мамандығы бойынша міндетті 10 кредиттік пәндерді қамтитын күшті математикалық базаны меңгереді.

 

«Білім беру  тректері»

Төртінші семестрден бастап студент өз мамандығына қарамастан әр түрлі білім тректерін (career paths=concentration areas) таңдай алады. Сонымен қатар ол оқуға түскен мамандығы бойынша ең аз пәндер жиынтығын жабуы тиіс. Осы мақсатта студент төменде келтірілген мүмкіндіктерге ие:

  • Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қандай да бір бағыты бойынша алты элективті пән: Ақпараттық Технологиялар Факультетінің (АТФ) индустриялық комитеті мүшелерінің, компаниялардың ұсынысымен факультет беретін білім тректерін немесе ыңғайлас мамандық пәндерінен бөлек міндетті пәндерді алу.
  • ҚБТУ-дің кез келген факультетінен немесе серіктес ЖОО-нан үш курс алу.

Қандай да бір білім трегін жапқан кезде студент сол бағыттағы біліктілігі туралы қосымша сертификат алады.

"Тректік" тәсілден басқа, факультет 2018 жылдан бастап Ақпараттық жүйелер мамандығы аясында Қазақстанның Білім Министрлігі бекіткен эксперименттік бағдарламаларды жүзеге асыруда:

  • Big Data Analytics (Үлкен деректердің анализі)
  • Cybersecurity  (Киберқауіпсіздік)
  • Computer Graphics and Design (Компьютерлік графика және дизайн)
  • Digital Media (IT және журналистика)

Бұл бағдарламалар да білім тректері болып табылады және 4-ші семестрден бастап іске қосылады.

Егер жалпы 2018-2019 оқу жылында бар тректер туралы айтатын болсақ, жоғарыда көрсетілген төрт эксперименталдық бағдарламалардан басқа:

  • Competitive Programming
  • Theoretical Informatics
  • Artificial Intelligence
  • Databases
  • Full Stack WEB Development
  • Mobile Technologies
  • DevOps және тағы басқалар.

Сонымен қатар, АТФ Programming – Information Systems - Data Science цикліндегі Бизнес Мектебінің BEST (Bachelor in Economics, Social Sciences and Technologies)  бакалавр бағдарламасын қолдайды.

Дуальді тәсіл және алмасу бағдарламалары

Танымалдығы күннен күнге артып келе жатқан білім беру түрлерінің бірі – дуальді тәсіл. Бұл тәсіл негізінде студенттер білім беру кредиттерінің бір бөлігін компанияларда жұмыс істей отырып алады. Мұндай форматты біз ІТ-компаниялармен ынтымақтастықта 2018 жылдан бастап енгізе бастадық. Бұл студенттің уақытын да, университеттің материалдық және уақытша ресурстарын да үнемдейді. Сонымен бірге оқытудың компанияның өзінде өтуі бұл процессті одан да тиімді етеді.

2018-2019 оқу жылынан бастап АТФ APEC (Атырау) колледжінің түлектеріне арналған АБ мамандығы бойынша нақты жеделдетілген оқу бағдарламасын (3 жылға жуық) іске қосты. Қарқынды дамып келе жатқан ІТ нарығы жас мамандарды жедел дайындауды талап етуіне байланысты біз бұл тәсілді нығайтуға ниеттіміз. (Алайда, соңғысы студенттер колледжде бағдарламаның бір бөлігін жапса ғана мүмкін.)

Бұдан басқа біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) түлектеріне оқу бағдарламасын 4 жылдан аз уақыт ішінде меңгеруге мүмкіндік беруді ұсындық. Бұл НЗМ-де 12 жылдық оқудың және сәйкесінше осы мектептерде белгілі бір кредиттер мөлшерін алудың арқасында мүмкін болды.

2018 жылдан бастап академиялық алмасу бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО-ларға, яғни шетелге шығатын студенттер саны күрт өсті: Еуропа елдеріне (Франция, Чехия, Румыния, Болгария, Венгрия, Португалия, Ұлыбритания, Польша) және ТМД (Ресей, Әзербайжан, Белоруссия). 2019 жылдан бастап Балтық елдеріндегі (Эстония, Литва, Латвия) және Оңтүстік Кореядағы университеттермен алмасу бағдарламалары ашылады. Жалпы алғанда, бұл білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту және байыту үшін тамаша мүмкіндік.

  1. Профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ)

2007 жылдан бастап, яғни факультеттің бірінші шығарылымынан бастап ПОҚ қатары негізінен АТФ-тың жоғары білікті түлектері есебінен жаңартылады. Сонымен қатар оқытушылар құрамының жартысынан астамы IT-бизнесінің тәжірибесінен(практикасынан) шақырылған тұлғалар: әдетте, жоғары курстарда жалғыз пән жүргізетін мамандар.

Әрине, бұл тәсілдің артықшылығы жеткілікті. Біріншіден, студент бірден қазіргі нарыққа тән трендтерге тартылады; екіншіден, индустрия оқу кезінде студенттер арасынан ең үздіктерін таңдау мүмкіндігіне ие болады.

ПОҚ-ның аз бөлігі – және бұл тренд АТФ-та 2009 жылдан бері байқалады - негізінен, алғашқы екі жыл, бітірушіге қуатты база жасау қажет болған кезде өзіне жүктемені алатын штаттық оқытушылар. Бірақ мұнда да тағы бір артықшылық бар, біз оны барынша қолдаймыз және мақтан тұтамыз, дәлірек айтсақ: біздің штаттық оқытушыларымыздың 80%  IT-компанияларда жұмыс істей отырып немесе оларды басқара отырып IT нарығымен байланысы нық.

  1. Техникалық жабдықтандыру (мамандандырылған зертханалар)

Оқудың бірінші күнінен бастап ІТ-маманының міндетті 24 сағаттық атрибуты ретінде АТФ-тың әрбір студентінің өз ноутбугы болуы қажет. Бұл оның ұялы зертханасы, студенттің дамуын қамтамасыз ететін құрал. 15-20 жеке компьютерлер орналасқан сыныптардың, яғни компьютерлік зертханалардың заманы өтті. Олар бар, бірақ жиі басқа факультеттердің студенттері пайдаланады немесе қандай да бір іс-шараларды өткізу үшін қолданылады: жеке лэптоптарды пайдалануға тыйым салынатын олимпиадалар, жарыстар, емтихандар.

Бірақ сонымен қатар белгілі бір курстарды өткізу үшін арнайы зертханалар талап етіледі, онда студент индустрияда қолданылатын жабдықтармен және софтпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады:

  • Бағдарламаланатын логикалық контроллерлер – Siemens компаниясынан
  • Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері  – Emerson компаниясынан
  • Желілік технологиялар академиясы – Huawei компаниясынан
  • 2019 жылы Honeywell компаниясынан технологиялық процестерді басқару зертханасын іске қосу жоспарлануда

 

Студенттер сондай-ақ Электротехника, электроника және автоматика құрылғылары, компьютерлік графика сынды зертханаларда тәлім алады. Касперский лабораториясының және ресейлік "Позитив Текнолоджи"компаниясының қолдауымен, желілік технологиялар Академиясының базасында құрылған компьютерлік қауіпсіздік зертханасы жұмыс істейді.

  1. Индустриямен байланыс

Жоғарыда айтылғандай, табыстың негізгі факторларының бірі - IT-индустриясымен байланыс. Осының арқасында факультет тұрақты кері байланыс алып жыл сайын білім беру тректеріне түзетулер енгізеді. Факультетте АКТ-секторының 15-тен астам компаниясынан тұратын индустриялық комитет (ИК) жұмыс істейді және бұл тізім үнемі кеңейтіліп отырады.

ИК мақсаты - АТФ-тың білім беру процесін дамытудың ең тиімді жолдарын іздестіруге, сондай-ақ ПОҚ мен АТФ студенттеріне ІТ-салада туындайтын нақты жобалардың шешімін табуға көмектесу.

Дәл осы ИК өкілдері өз отырыстарында жылына екі рет:

  • Нарықта ең басым сұранысқа ие білім беру тректерін анықтайды
  • Дуальды білім беру бойынша курстар ұсынады
  • Әр түрлі олимпиадалар, конкурстар, хакатондар өткізуде серіктестік және демеушілік қолдау көрсетеді
  • Студенттердің жарысқа шыққан сапарларына демеушілік көмек көрсетеді
  • Факультеттің техникалық жабдықталуына қолдау көрсетеді

Атап айтқанда, соңғы екі жылда ИК мүшелері мен шетелдерде қызмет атқаратын АТФ түлектері ACM ICPC студенттік командалары арасында бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының жартылай финалын ҚБТУ-да өткізуді толығымен өз мойнына алды.

Бүгінгі күні ИК құрамы:

  • ТОО «KHAN Group»
  • ТОО «Codebusters_»
  • «Фонд развития инфокоммуникационных технологий» (Астана хаб) корпоративтік қоры
  • АО «Национальные информационные технологии»
  • АО «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде»
  • ТОО «IntellectionStudio»
  • ТОО «BeInTech»
  • ТОО «OpenTechnologiesGroup»
  • TOO «СЕРГЕК»
  • TOO «KPMG»
  • TOO «DAR»
  • «Государственное кредитное бюро» акционерлік қоғамы
  • «ChocoFamily» интернет-холдингі
  • Кибершабуылдарды анализдеу және тергеу орталығы
  • ОЮЛ «Ассоциация Open IT»
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ИК құрамына тағы бірнеше компания кіруге ниет білдірді.

Жалпы факультеттің ИК-мен жұмыс істеуі факультет ішіндегі оқу процесін жақсарту тұрғысынан да, сонымен қатар түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етілуі үшін де тиімді болып табылады.

  1. Ғылыми-қолданбалы зерттеулер

Факультет өмірінің құрамдас бөлігі – бұл ПОҚ – ның Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша, сонымен қатар коммерциялық зерттеу жобалары бойынша ғылыми жобаларды, яғни мемлекеттік құрылымдардың немесе жеке компаниялардың тапсырыстарын әзірлеуге қатысуы.

Сонымен қатар, факультет шетелдік серіктес университеттермен бірлескен жобаларды әзірлеуге қатысады. Орындалатын жұмыстардың жыл сайынғы көлемі он миллион теңге болып есептеледі.

Бакалавриат

5B070200 Автоматтандыру және басқару

5B070300 Ақпараттық жүйелер

5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама

 

Магистратура

6М070300 Ақпараттық жүйелер

Бағдарлама 2004 жылдан бастап факультетте жұмыс істейді. Нарықтағы сұранысқа сай әр түрлі уақытта әр түрлі мамандықтар іске қосылады.       

2019 жылға мамандандыру:

  • Деректердің анализі  (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің эксперименттік бағдарламасы)
  • Қаржы технологиялары және деректердің анализі (банк секторымен бірлесіп)
  • Киберқауіпсіздік
  • Экономика және әлеуметтік ғылымдардағы деректердің анализі (ХЭМ-мен бірлесіп – ҚБТУ-дың Халықаралық Экономика Мектебі)

Докторантура

6D075100 Информатика, есептеу техникасы және басқару

2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін бағдарлама факультетте эксперименттік режимде жұмыс істеді. Осы бағдарлама бойынша төрт PhD түлегі дайындалып, оның үшеуі факультеттің профессорлары атанды. 2019 жылдан бастап бағдарламаны тұрақты негізде іске қосу жоспарланып отыр.

Байланысу:

Амрекулова Алмагуль Утеулиевна

АТФ бас менеджері

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 272 357 42 20

 

Пирекешова Алтынай Бисенбаевна

Менеджер АТФ

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 272 357 42 20

 

Барикова Диана Бауыржановна

Менеджер АТФ

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 272 357 42 20


 

Our partners