Cіз бөлімінде Ғылым
Перспективті материалдар және технологиялар

Зертхана миссиясы - мұнай-газ, тау-кен және мұнай химиясы салаларында іргелі, қолданбалы және басқа да ғылыми-зерттеулер жүргізу, аккредитациялау облысына сәйкес үлгілердің химиялық-аналитикалық, химиялық, физика-химиялық сынақтарын жүргізу, сапалы зертханалық қызметтер ұсыну. Біз алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып ұсынылатын қызметтерің сапасын бақылауда және зерттеулердің, аналитикалық жасалынымдардың барлық сатысының нәтижелі әрі тиімділігін арттырамыз.

"Перспективті материалдар және технологиялар" сынақ зертханасы:
- Қызметкерлер үшін кәсіптік қасиеттерін дамытуға, олардың жасампаздық әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беретін жайлы жағдайларды жасауға;
- зертхана мүмкіндіктерін магистранттар мен докторанттарды дайындау үшін тиімді пайдалануға;
- ғылыми-зерттеу қызметінің приоритетті бағыттары бойынша қолданбалы және іргелі зерттеулеріне қатыстыру арқылы қызметкерлердің, университет магистранттары мен PhD-докторанттарының ғылыми мүмкіндіктерін дамытуға;
- зертхананың ғылыми қорын зерттеу нәтижелерін импакт-факторлы журналдарда жариялау мен инновациялық патенттер алу арқылы байытуға тырысады.

Қызметтердің жалпы сипаттамасы: "Перспективті материалдар және технологиялар" сынақ зертханасы 2012 ж. ғылыми-зерттеу зертханасының негізінде құрылған, "Қазақ-Британ техникалық университеті" АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады

2013 жылы Сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесіндегі аккредитация процедурасын табысты өтті. Санақ зертханасы техникалық құзыреттілікке және тәуелсіздікке аккредиттелген және ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025-2007 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылытын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес. (Аккредитеу аттестаты № KZ.И.02.1380 2013 жылдың "25" сәуірінен).

Сынақ зертханасының қызметі шығарылатын өнімдердің сапасын жоғарылатуға бағыттаған. СЗ алынған нәтижелердің ақиқаттылығын қамтамасыз етеді. Сынақ зертханасы жұмыстарының негізгі бағыты мәлімделген аккредиттеу обласы бойынша сынамаларды іріктеу және физика-химиялық, химиялық, химика-аналитикалық сынауларды өткізу, сонымен қатар "Шикізат пен өнімді терең өңдеу" приоритеттері бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары болып табылады. Сынаулар барысында өнімдер мен сынақ объектілерінің Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігі бағаланады.

Зертхананың сынайтын өнімдерінің тізімі (аккредиттеу облысы)
• кен
• топырақтар, грунттар
• ауыз су, табиғи сулар;
• ағынды сулар;
• атмосфералық ауа, жұмыс аймақтарының ауасы;
• шикі мұнай және мұнай өнімідері

Архив (Іске асырылған жобалардың базасы)/ жарияланымдар:
1. «Инновациялық нәтижеге бағдарланған университеттік ғылымды мақсатты дамыту» бағдарламасы 2012-2014 жж., тақырыбы: «Техногенді және қайталама шикізаттан асыл, түсті және сирек металдарды электрохимиялық жолмен алудың инновациялық технологиясын жасау» (2012 - 1, 2013 – 2, 2014 - 3)
2. «Инновациялық технологияның негізін жасау мақсатында металқұрамды шикізаттан түсті металдарды алудың гидрометаллургиялық процестерін дамытудың іргелі алғышарттарын» 2012-2014 жж. (2013 - 4, 2014 – 5, 2015 - 6)
3. «Өңделуі аса қиын шикізаттардан түсті металдарды бөліп алудың технологиясын жасау және технологиялық регламентті тапсыру» 2013-2015 жж.
Публикации: Получены 4 патента РК (7, 8, 9, 10), опубликованы 9 статей (11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19), 13 докладов и тезисов докладов (20, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32) в отечественных и международных конференциях.

Қазіргі жобалар /зерттеулер:
1. «Кешенді және төменгі сортты шикізаттан металлдарды алудың тиімділігін жоғарылату мақсатында гидрометаллургиялық процестердің іргелі негіздерін дамыту» 2015-2017 жж. (33).
2. «Өңделуі қиын кендерден күкіртқышқылды сілтілеу арқылы уран алуды арттырудың инновациялық технологиясын жасау» (34).

Магистрлер мен докторанттардың қатысу мүмкіндіктері:
Ғылыми-зерттеу қызметтерінің приоритетті бағытттағы қолданбалы және іргелі зерттеулерінде магистранттар мен PhD-докторанттар қатысуы қатысады.

Зертхананың материалдық-техникалық базасы өте жаңа өлшем және қосалқы құралдардан түрады. Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеу қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жүзеге асырылады. Талдауларды жүргізу кезінде әдістердің кең спекторы: титриметриялық, спектрофотометриялық, потенциометриялық, флуориметриялық, хроматографиялық, атомды-эмиссиондыы спектрометрия, ИҚ-спектрометрия және т.б. қолданылады. Сынақтарды жүргізу кезінде өлшеулердің автоматты бақылау іске асылады, соның арқасында сынаулардың дәлдігі жоғарылайды.

Негізгі құрал-жабдықтар:
• "contr AA" сериялы үздіксіз спектордің сәулелену көзі бар Атомды-абсорбционды спектрометрі
• MASTER GC "DANI Instruments S.P.A." газді хроматографы
• INSPECTOR, SERIES, ALНPA SERIES рентгенді флоуоресцентті анализаторы
• Metrohm автоматты өлшеуіші
• "Октанометр SHATOX-SX-100М" мұнай өнімдерінің сапасын анықтаушы анализаторы
• ALPHA ИҚ-Фурье спектрометрі
• RHEOLAB QC Реометрі
• Автоматтандылған Металлографиялық микроскопты кешен
• Рентген-кешен

Қосалқы құрал-жабдықтар:
Таразылар (аналитикалық және техникалық), кептіргіш шкафтар, термостаттар, микротолқынды жылдам үлгідайындау жүйесі, жылытқыш тақталар, пештер, сулы және құмды моншалар, жылытқышы бар магнитті араластығыштар, колбажылытқыштар, лабораторлық және басқалары.

СЗ барлық өлшеу құралдары "Қазақстан метрология институты" РММ-нде метрологиялық аттестатаудан өткізілді және Қазақстан Республикасының өлшеу құралдырының тізіміне енгізілген.

СЗ жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды, олардың ішінде: 3 ғылым докторы, 1 техника ғылымдарының кандидаты және 3 магистр бар. Барлық мамандар ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025-2007 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылытын жалпы талаптар" семинарында біліктіліктерін жетілдірді.

Зертхана кәсіпорындардың және өнімді сертификаттау органдарынының тапсырыстарын орындайды.

050000, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Толе би көш., 59
phone +7 (727) 266-83-10
+7 (727) 266-83-16
email kense@kbtu.kz
Сулейменов Эсен Нургалиевич
Зертхана меңгерушісінің орынбасары
phone +7 (727) 266-83-14
email metallaim@mail.ru
Беркинбаева Айнур Нуркалиевна
Физика-химиялық анализ серторының меңгерушісі
phone +7 (727) 266-83-14
email ainur_kbk@mail.ru
Досымбаева Замзагуль Дуйсеновна
Ғылым қызметкері
phone +7 (727) 266-83-14
email zdos@mail.ru
Мырзаханов Максат Махмудович
Инженер
phone +7 (727) 266-83-14
email maximus_kbtu@mail.ru
Маркаев Ергали Кайратович
Инженер
phone +7 (727) 266-83-14
email ergali90@mail.ru