Cіз бөлімінде Ғылым
Суперкомпьютер технологиялары және бағдарламалық қамтамасыз ету

СЗ «Суперкомпьютерлі технологиялар және бағдарламалық жасақтама»

СЗ атқаратын қызметі

Аккредитация саласына сәйкес зерттеуге ұсынылған компьютерлік бағдарламаларға, компьютерлік алгоритмдерге, әр-түрлі бағдарламалық жасақтамаларға сынақ жүргізу, сонымен қатар, мұнай-газ, ақпараттық, телебайланыс саласында негізгі және қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу, мұнай-газ саласына жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау.

Қызметтің жалпы сипаттамасы

СЗ компьютерлік бағдарламалардың, компьютерлік алгоритмдердің, әр-түрлі бағдарламалық жасақтамалардың жаңа нұсқасына сынақ жүргізіп, тұжырым мен сынау хаттамасын рәсімдеуді жүргізеді. Зертхана мұнай-газ, ақпараттық, телебайланыс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу және тендерге қатысып, ғылыми жобалар конкурстарына қатысады. Зертхана қабаттың мұнайбергіштігін арттыру әдістерінің бағдарламалық өнімін және математикалық моделін игеру, мұнай орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеу, магистральды құбырлардың жұмыс тәртібін болжамдау және оны бақылауға арналған жылугидродинамикалық есептерді жүргізу, мұнай өңдеу өндірісітік реакторларының жұмыс процесін атқарады.

Қазіргі таңдағы жобалар/зерттеу жұмыстары

– ҚР БжҒМ-нің ғылым Комитетінің 2015-2017 жылындағы «Ғылыми зерттеуді грантпен қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттің тапсырысы аясындағы «Тұтқырлығы жоғары мұнай кен орнын игеру тиімділігін арттыру және Шығыс Молдабек кен орнын үлгі ретінде ала отырып, мұнайбергіштікті арттыу әдісін таңдау»;

– ҚР БжҒМ-нің ғылым Комитетінің 2015-2017 жылындағы «Ғылыми зерттеуді грантпен қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттің тапсырысы аясындағы «Бериллий керамикасының қалыптасу технологиялық процесін басұару үшін структуралық фазалық өзгерісін есепке ала отырып, бағдарламалық жүйесін игеру»;

– 2013-2015 жылдары ғылыми зерттеуді грантпен қаржыландыру бағдарламасымен «Математикалық моделдеу әдісімен бериллий оксиді шликерінің қалыптасуын зерттеу»;

– 2013-2015 жылдары ғылыми зерттеуді грантпен қаржыландыру бағдарламасымен «CUDA и OpenCL құрылымын қолданып, мұнай-газ кен орындарын геологиялық- гидродинамикалық моделдеу үшін жаңа параллельді бағдарламалық кешен жасау»;

– «АҚ «ҚазТрансОйл»-мен жасалған келісімшарт бойынша АҚ «ҚазТрансОйл»-дің мұнай құбырлары маршрутімен жүретін мұнай қоспасы тасымалына энергосақтау режимін есептеу үшін АҚ «ҚБТУ» бағдарламалық әдісін оңтайландыру»;

Гранттар (зертхана алған)

2012-2014жж. БжҒМ-нің гранттары: - «Қабаттың гидродинамикасын есепке ала отырып жарықшақтық және оған келетін ағын дизайнін моделдеу»;;

- «Тұрақты-әсер ететін геолого-технологиялық модел(ТӘЕГТМ) және құрылатын моделдер, Жетібай кен орны үлгісі негізінде технико-экономикалық бағалау арқылы игеру әдісін болжау және мұнайбергішітік әдісі мен геолого-технологиялық моделді таңдау»;;

- «Полимерлі қоспасы бар құбырларымен қозғалатын мұнай қоспасының тубулентті ағыны структурасын моделдеу»;

- «Инновациялық нәтижеге бағытталған университеттің ғылымның мақсатты дамыту» бағдарламасы негізіндегі «Ұңғының радиалды каналдарын қолдана отырып, изотермалық емес сүзудің бағрламалық өнімінің интерфейсін және 3D математикалық моделін»;

- «Инновациялық нәтижеге бағытталған университеттің ғылымның мақсатты дамыту» бағдарламасы негізіндегі «Ұңғы түп аймағын қышқылмен өңдеу жұмысын компьютерлік моделдеу».

Асилбеков Бакытжан Калжанович
Заведующий НИЛ, PhD
phone +7 (727) 266-83-10
+7 (727) 266-83-13
emailb.assilbekov@kbtu.kz