Cіз бөлімінде Ғылым
Мұнай кәсіпшілігі және коллоид химиясы

Зертхананың мақсаты

мұнайдың компоненттік құрамына байланысты олардың қалыптасу механизмін анықтау мақсатында мұнай дисперстік жүйелерінің реологиялық сипатын зерттеу; Атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы мұнайды өндіру, жинау, өңдеу және тасымалдау процесінде арнайы мақсаттағы химиялық реагенттерді қолдану және дамыту үшін инновациялық шешімдер табу саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Міндеттері

Қазақстан Республикасында химиялық заттарды пайдалану және тұтыну бойынша нарықтық талдау жүргізу үшін мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы химикаттар мен технологияларды қолдануға байланысты ғылыми проблемаларды шешу. Маркетингтік зерттеулер негізінде Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін жаңа импорт алмастыратын химиялық реагенттер және технологияларды анықтау және дамыту.

2007-2011 жылдарға арналған зертханада жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобалар:

Бюджеттік бағдарлама 055 бойынша «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер», «2007 - 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасында наноғылымның және нанотехнологияны дамыту» тақырыбында: «Көпмақсатты наноқұрылымдық композицияларды пайдалана отырып төмен температуралы аномалиялы мұнайдың реологиялық қасиеттерін басқару принциптерін дамыту» Қаржыландыру көлемі 6 452 мың теңге. Аномальді қасиеті бар мұнайлардың төмен температуралық және реологиялық қасиеттерін жақсарту үшін тиімділігі жоғары винил мономерінің негізіндегі өндірістік полимерлер мен сополимерлерді модификациялау арқылы жаңа депрессорлық қоспалар синтезделді.
2011 жылғы, АҚ ҚБТУ және «ҚазМұнайГаз» ҰК бен оның еншілес "Барлау Өндіру" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ арасындағы меморандум аясында Зертхана олардың өндірістік алаңдарында зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру тұсаукесеріне қатысты. Осы ғылыми жобаларды іске асыру 2012 жылдан бастап жоспарлануда.
«Шығыс Мақат және Солтүстік Жолдыбай мұнайларын дайындауға эмульсия ажыратқыштады таңдау» (Орындау мерзімі 2012-2013 жылдар)
«ҚазТрансОйл АҚ құбырларымен тасымалданатын Оңтүстік Торғай мұнайының ағынын жақсарту және құбыр бойына парафин жабысуын болдырмау мақсатында депрессорлық және диспергаторлық қоспалар жасау және өндіріске енгізу (Орындау мерзімі 2012-2014 жылдар).
Зерттеу нәтижесі бойынша зертхана қызметкерлері 1 оқулық, халықаралық конференцияларда 3 тезис, 16 мақала жариялады және Қазақстан Республикасының өнертабысқа 3 инновациялық патент алды.

Кожабеков Серик Самсалыкович
Меңгеруші, профессор ассоц.
phone +7 (727) 291-57-84
email skozhabekov.49@mail.ru
email s.kozhabekov@kbtu.kz