Cіз бөлімінде Ғылым
Мұнай және газ кен орындарын қолданбалы модельдеу

Қысқаша сипаттамасы
«Мұнай және газ орындарын қолданбалы модельдеу» ғылыми-зерттеу зертханасы әкімшіліктің 31/08/2010 жылғы №130/1-П шешімімен құрылды.
«Мұнай және газ кен орындарын қолданбалы модельдеу» зертханасында гидродинамикалық және геологиялық модельдеуге арналған лицензияланған бағдарламалық пакеттердің ең соңғы нұсқасымен қолдануға «Шлюмберже» сервистік компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімі бар.

Ғылыми зертхананың жұмыс бағыты
1. ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ үшін Мұнай және газ өнеркәсібі бойынша тренингтер өткізу.
2. 6M070800 Petroleum Engineering (MSc) - бағдарламасы бойынша оқитын Магистранттарды дайындау.
3. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу.

Ғылыми жобалардың тақырыптары
мұнай-газ саласында практикалық пайдалануға жарамды дәл математикалық және компьютерлік модельдер жасау. Сонымен қатар басқа зертханалармен бірігіп, жоба құжаттарын құруға қатысу, сондай-ақ осы саладағы ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметпен айналысу.

Жетістіктері
Қазақстан Республикасының жоғары шағын су басқан мұнай кен орындарының шекті инженерлік проблемаларын шешу үшін екі фазалық тренажерлер жасалды.

Қызметкерлер:
зертханада мұнай және газ барлау саласында, компьютерлік жүйелерді бағдарламалау, математикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы біліктілігі жоғары манамандар қызмет атқарады.
Зертхана меңгерушісі Сақабеков Әужан - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. . «Халықаралық мұнай менеджмент бағдарламасы» бойынша ENI Group компаниясының сертификаты, «Мұнай операциялары бойынша» ENI Group компаниясының сертификаты, «Менеджмент әдістерді меңгеру мен басқару дағдылары» бойынша ENI Group компаниясының сертификаты, «Мұнай-газ саласындағы тәуекел және жоба менеджменті» бойынша ENI Group компаниясының сертификаты.
Мұнай және газ саласында тәжірибесін жетілдіру бойынша PITC (Ресей) және «КАЗГЕОКОСМОС» (Қазақстан) компанияларының «Мұнай-газ өндіру саласындағы ғарыштық ақпараттық және аналитикалық технологиялар» бойынша сертификаты. Schlumberger Logelco Inc. компаниясының сертификаттары: Petrel Seismic modeling, Petrel Well Correlation, Petrel Property modeling, Petrel Structural modeling, Petrel RE, Eclipse "Black Oil model" and "Eclipse Compositional model".
Зертхана меңгерушіснің орынбасары, Дәулетов Шейх Али Мұхамеджанұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Башқұртстан Республикасының (Ресей) ғылым және техникаға еңбек сіңірген қайраткері. Мұнай өнеркәсібі ісінің үздігі. Тау жыныстары мен қабаттық флюидтерді зерттеу (БашНИПИнефть) кафедрасының меңгерушісі.
Schlumberger Logelco Inc. компаниясының сертификаты: "Building a geological-technological model of the field".
Аға ғылыми қызметкер, Достихунов Ахмед. . Schlumberger Logelco Inc. компаниясының сертификаттары: Petrel Seismic modeling, Petrel Well Correlation, Petrel Property modeling, Petrel Structural modeling, Petrel RE, Eclipse "Black Oil model" and "Eclipse Compositional model".
Зерттеуші, Нариманов Қуаныш. . Schlumberger Logelco Inc. компаниясының сертификаттары: Petrel Seismic modeling, Petrel Well Correlation, Petrel Property modeling, Petrel Structural modeling, Petrel RE, Eclipse "Black Oil model" and "Eclipse Compositional model".

Сақабеков Әужан
Зертхана меңгерушісі
phone +7 (727) 266-87-65
email а.sakabekov@kbtu.kz