Cіз бөлімінде Ғылым
Ғылым туралы

Қазақcтан-Британ техникалық университетінің құрылу тарихы Қазақстан-Британ-техникалық университетін құру идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Елбасының Біріккен Корольдіктің ресми уәкілдерімен болған бір қатар келіссөздер мен кездесулер нәтижесінде 2000 жылдың караша айында екі ел арасындағы өзара келісім Меморандумына қол қойылды. Университеттің қолдаушысы сол уақытта Ұлы Британия примьер-министрі Тони Блэр болды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен Британдық кеңестің № 1027 өзара келісім Меморандумына сәйкес 2001 жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен университет құрылды..