Аралық бақылаудың жаңа ғана бiтіп және аптаның сенбі күніне қарамастан 2012ж. наурыздың 31 жұлдызында техникалық ағылшын тiлi бойынша ҚБТУ-дың жыл сайын өткізілетін Олимпиядасына 78 студент қатынасты. Студенттердің мүмкіндіктері зор, себебі 2012 ж. 5 сәуiр мен 15 мамыр аралығында 3 кезеңнен тұратын ТМД елдерінің техникалық ЖОО-дарының студенттері арасында Халықаралық Интернет-олимпиядасы өткізіледі. Ал ҚБТУ-да өткен олимпияда сол Халықаралық Интернет-олимпиядасына қатысу үшiн іріктеу кезеңі болып табылады. Олимпиада жеңімпаздары жүлдені, сертификат және дипломдарды тек ҚБТУ-дан ғана емес, техникалық ағылшын тілінде Халықаралық Интернет-олимпиадасын ұйымдастырушы Томск Ұлттық ғылыми – зерттеу политехникалық университетінен де алады.
31-ші наурызда өткен ҚБТУ Олимпиадасы студенттерге оңай болған жоқ, себебі техникалық ағылшын тіліндегі тесттер күрделі тапсырмаларды қамтыды. Дәлірек айтқанда, көлемі 2000 баспа таңбаларынан тұратын техникалық мазмұндағы мәтінді оқу, оған аңдатпа жазу және мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аудару.
ҚБТУ олимпиадасының жеңімпаздарының тізімі 5 сәуір бейсенбі күні 2012 жылы ҚБТУ-дың Интранет жүйесі арқылы жарияланады. 20 студенттен тұратын ақтық сынға шығушылар құрамы 2012 жылы сәуір айының 5-6 жұлдызында Халықаралық Интернет-олимпиадасына қатысу үшін тіркеуден өтуі қажет.
Ағылшын тілі кафедрасы және ҚБТУ Пән-бастау факультетінің деканаты Олимпиадаға қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіре отырып, алдағы жетістіктеріне сәттілік тілейді!