Бағдарлама туралы мәлiмет:
Мақсаты: Бизнес процесстерді тиiмдi басқаруға қабiлеттi, кәсіпорындардың даму стратегиясын қалыптастыруға қабілетті жаңа формациялы кәсiби менеджерлерді дайындау.
• Қазақстан экономикасының әр түрлi салалары, соның iшiнде мұнай-газ саласы үшiн орташа және жоғарғы буын басқарушы кадрларын әзiрлеу
• бизнес саласы төңiрегiдегi кәсiби бiлiм беру үшiн қолйлы жағдай жасау
6M050700 - Менеджмент мамандығының түлегіне Менеджменттiң магистрi академиялық дәреженi тағайындалады
Менеджмент мамандығының түлектері кәсiби қызметiнiң салалары - экономиканың нақты секторы, қаржылай-банктiк жүйе, бизнес және кәсiпкерлiк болып табылады. Бұл мамандық түлектері басқарудың әр түрлi функцияларын, кәсiпкерлiк, шаруашылық субъекттердің қаржылық қызметiн жүзеге асыруда орындай алады. Магистрлер осы қызметтi iске асыру барысында нарық ахуалдарын бағалайды және басқару шешiмін қабылдап, белгіленген объекттiң күйлерiн талдап, олардың басымдылықтарын анықтайды. Стратегиялық және тактикалық жоспарлау өңдеулерін жүзеге асырады. Нарықтық ортаның өзгерiсiн есепке ала отырып басқарудың барлық процесстерін ұйымдастырып, басшылық етiп, тексередi.
Кәсiби қызметтiң объекттерi:
• Қызметінiң түрi, өлшемі, жеке меншiк түрiне қарамастан әртүрлі мемлекеттiк құрылымдар, ұйымдар және фирмалар
• Оқу орындары және ғылыми зерттеу институттары және ұйымдары, социумдар.
Менеджмент магистрiнiң кәсiби қызметiнiң мәні - ұйымның қызметiнiң әр түрлi бағыттары бойынша басқару зерттеулерін стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдау үшін, объекттердегi ұйымдастыру-экономикалық және басқару қатынастарының тиiмдi жүйесін сүйемелдеу үшiн зерттеулерді өткiзу болып табылады. Магистрден аталған шешiмдердi iске асыру үшiн жоғары кәсiби құзыреттiлiктiң негiзiнде әдiстер, ережелер және процедуралармен стратегиялық және тактикалық жоспарлау, кәсiпшiлдiк және iскерлiк белсендiлiктерін экономика, маркетинг, қаржы, инновациялық қызмет, HR менеджмент, эконометрика саласында іске асыру үшін керек болады.
Оқу мерзiмдерi:
1 жыл - профилдi бағыттың магистратурасы
2 жыл - ғылыми - педагогикалық бағыттың магистратурасы
Оқу формасы:
• Модулдi
• Электронды (дистанциялы )
• Еуропа, Оңтүстiк-шығыс Азия елдеріне қосымша сертификат және пысықтау пәндерінің сынағын алуымен шығатын модулдары
• Қызметте өсу мүмкiндiгі
• Жұмыстан үздіксіз үйренудi мүмкiндiгі
• Әр адаммен тіл табысу
• Сабақ берудiң қазiргi әдiстерi
• Қонақ дәрiстерi
• Мемлекеттiк гранттар және жеңiлдiктер
• Мәртебелi компанияларда тәжiрибе өту мүмкіндігі
Қажеттi құжаттар:
• Қосымшасы бар жоғары бiлiм туралы дипломның түпнұсқасы
• Нотариалдық куәланған қосымшасы бар жоғары бiлiм туралы дипломының көшiрмесi
• Шетелдiк азаматтар үшiн: дипломның нотариат куәландырған көшiрмелерi және қазақ немесе орыс тiліне аударылған қосымшалар
• Еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе жұмыс орнынан берiлетiн анықтама
• 2 кепiлдеме хат
• Эссе. Эсседе баяндалатын мәліміттер:
-жеке тұлға туралы қысқаша мәлiмет
-өз саласындағы тәжiрибе
-бағдарламаның таңдауының дәйектемесi
• Түйіндеме
• (3x4) 6 фотосуреттер
• ЖҚН көшiрмесі
• Жеке куәлiктiң көшiрмесі
• №086-шы дәрiгерлiк мәлiмет
Түсушілердің құжаттары мен өтiнiштерін қабылдауы: 1 шiлдеден 30 шiлдеге дейiн 2012 жыл, 9:00-18:00 (дүйсенбi - жұма)
• Ағылшын тiлi бойынша технологиялық стандартталған тестілеу: 10 – 20 тамыз, 2012 жыл
Немесе TOEFL (560-тан төмен емес) немесе IELTS (6.0-ден төмен емес) сертификатының бар болуы,
• Мамандық бойынша емтихан, сұхбаттасу: 20 – 25 тамыз, 2012 жыл
• Магистранттарды қабылдау: 25- 31 тамыз, 2012 жыл
Профессор-оқытушылық құрам: Магистерлiк бағдарламалар ҚБТУ-да жұмыс iстейтiн жоғары білікті мамандардан, сонымен бiрге Қазақстан экономикасының әр түрлi салаларының белгiлi сарапшыларынан тұрады.
Бұдан басқа, алдынғы қатарлы отандық және шетелдік серіктес - университеттерден оқытушыларды қысқа мерзiмге (бiр семестр немесе модуль) шақыру қарастырылуда, сонымен бiрге осы мамандық саласында жұмыс істейтін компанияларда бай тәжiрибесi бар және де халықаралық іс жүргізуде тәжiрибесі мол мамандарды тарту жоспарлануда.
Оқытуға төлем: төлемнiң ыңғайлы жүйесі, төлеу бойынша жеңiлдiктер
• Негiзгi төлем - 1 125 000-1 750 000 тг
• ҚБТУ түлектері, қызметкерлері және қызметкерлердiң балалары үшiн төлем - 787 500-875 000 тг
• Үздік диплом иемденген ҚБТУ түлектері, сонымен бiрге, көпбалалы отбасынан (кемiнде 5 бала) шыққан GPA 3.0-ден төмен емес ҚБТУ түлектері үшін төлем- 635 800-875 000 тг
• Бiр кредиттің құны - 41 600-53 800 тг
«Қазақстан – Британ техникалық университеті» АҚ
Алматы қ. 050000, Төле би көшесі, 59
Қазақстан республикасы
ЖООдан кейiнгi бiлiм департаментi
426, 427-ші кабинет (4 қабат)
Тел: +7 (727) 266 82 24, 272 58 97
Факс: +7 727 272 58 97