Follow us:

Facebook: Official GroupTwitter: Follow usVkontakte: Official PageYoutube: KBTU Official Channel Kiwi: official channel



Университет

Қазақcтан - Британ техникалык университеті (ҚБТУ) - Қазақстан экономикасының мұнай және газ, ақпараттық технологиялар салалары бойынша біліктілігі жоғарғы кәсіби мамандарды дайындауга бағытталган жаңа ұрпақ оқу орны.
 
  ҚБТУ- зерттеу университеті болуға, әлемдік білім кеңістігіне енуге ұмтылған, қарқынды даму үстіндегі динамикалық университет. Жаңадан салынып жатқан ҚБТУ инновациялық кампусы алдыңғы қатардағы зерттеу институттарын біріктіріп, білім мен ғылымның, өндірістің үйлесімді бірігуіне жол ашады.
 
  Қазіргі таңда ҚБТУ-да бес факультет бар:-   Энергетика және Газ мұнай индустриясы факултеті (ЭМГИФ)-   Ақпараттық технологиялар факультеті (АТФ)-  Қаржы және экономика факультеті (ҚЭФ)  Пән-бастау факультеті (ПБФ)-    Халықаралық экономика және әлеуметтік ғылымдар факультеті (ХЭМ)
 
ХЭМ(Халықаралық экономика мектебі) ҚБТУ мен Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің біріккен жобасы (LSE). ХЭМ түлектері екі дипломды иемденеді: ҚБТУ дипломы және Лондон университетінің дипломы(UoL). Қазақстан - Британ техникалық университеті Лондон университетінің аффилирленген орталығы болып саналады, яғни ХЭМ-нің білім беру сапасы халықаралық стандарттарга сәйкес келеді. Оқу    ағылшын тілінде жүреді.
 
2011 жылы ҚБТУ Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінде (БСҚА) халықаралық және институционалдық аккредитацисын иемденді. 2009 жылы ЭГМИФ-тің төрт білім   бағдарламаласы  халықаралық IMAREST (Ұлы Британия) Аккредитациялық агенттігінде бекіді. 2011 жылы АТ факультетінің үш бағдарламасы халықаралық ABET (АҚШ)аккредитациясына ие болды.
 
  Қазіргі таңда қаржы және экономика факультетінің бакалавриат бағдарламалары халықаралық AACSB (АКШ)  агенттігіне тапсырылып, сыннан өтуде.
 
ҚБТУ-дың профессор оқытушылар құрамы Қазақстанның, таяу шетел мен қиыр шетелдің алдыңғы қатарлы ұстаздары мен ғалымдарынан тұрады. Қазіргі таңда ҚБТУ-да Ұлы Британия, АҚШ, Канада, Нидерланды, Туркия, Үндістан, Дания, Польша, Малайзия және Ресейден келген шет ел сарапшылары қызмет етеді.
 
  ҚБТУ түлектері ҚБТУ кеңес беру Комитетінің мүшелері болып табылатын ҚазМұнайГаз, ТеңізШевройл, ҚазТрансОйл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, Аджип KCO секілді ұлттық және халықаралық ірі компанияларында тәжірибеден өтеді.
 
ҚБТУ түлектері –Қазақстан экономикасы салаларында сұранысқа ие, бәсекелестікке қабілетті алдыңғы қатардағы мамандар.
 
  ҚБТУ— нағыз жоғарғы білім!


Нравится