Суперкомпьютер

Жоғары өнімді  IBM BladeCenter  суперкомпьютері  ҚБТУ-дың Paradigm компаниясының геофизикалық шешімдерін пайдалану есебінен мұнайгаз компанияларының  сұраныстарын қанағаттандырудан бастап, қазақстан экономикасын моденизациялаудың интеллектуальдық орталығына айналуына мүмкіндік береді.

 

2010 жылы 17 наурызда Қазақстан-Британ техникалық  университетінде (ҚБТУ) Paradigm компаниясының жер асты қоймаларын моделдеудің алдыңғы қатарлы  технологияларын пайдаланатын  IBM BladeCenter платформасындағы суперкомпьютерлерді іске қосудың  салтанатты рәсімі болып өтті.

2009  жылы қыркүйекте университете  HPC Grid пилоттық зонасы ашылды және Мәскеудегі IBM/Intel  Инфрақұрылымдық шешімдер орталығының аппараттық құралдарын қолдану арқылы қашықтықтан тестілеу жүзеге асырылды. Тестілеудің нәтижелері бойынша университет басшылығы 10 TFlops шырқау өнімділігі бар  IBM BladeCenter базасындағы суперкомпьютер кластерін алу туралы шешім қабылдады.

2010 ж. наурызда  университет суперкомпьютерлерді өнеркәсіптік пайдалануға ауыстыру туралы ресми түрде хабарлады. Суперкомпьютер университеттің  жоғары өнімді жеке меншік есептеу желісінің негізіне  айналды. Осының арқасында ҚБТУ Еуропа мен АҚШ-тағы 70-тен астам зерттеу ұйымдарымен технологиялық деңгейде кіріге алады және өзі  Enabling Grids for E-SciencE (EGEE) бағдарламасы аясындағы іске асырылатын жобалардың  бөлігіне айналды.

"Өзіндік жеке меншік жоғары өнімді есептеу жүйесін құру бізге  алдыңғы қатарлы  іргелі зерттеулер және  мамандарды оқыту әдістерінің  мүлдем өзгеше деңгейіне шығуға мүмкіндік береді,  бірақ, ең бастысы, мұнайгаз секторы, энергетика, транспорт, метеорология және  экология сияқты ғылымдар қилысында оларды барлық қажетті моделдермен, әдістер және алгоритмдермен  қамтамасыз ете отырып, жұмыс істеу, - деп хабарлады ҚБТУ Ректоры Ескендір Бейсембетов. Бұл экономикалық қызмет саласындағы  моделдеу үшін ең  күрделі нәрсе, сондықтан біз  суперкомпьютер технологиялары  саласындағы  әлемдік көшбасшы болып танылған IBM компаниясының  кәсіби есептеу құрал-жабдықтарына ғана табан тіреу туралы шешім қабылдадық".

Жоғары өнімді есептеулерді дамыту  Қазақстан экономикасының алдында тұрған міндеттерді табысты шешу үшін қажет. Университет басшылығы  Хайфта (Израиль) орналасқан IBM жетекші зерттеу зертханасымен қарым-қатынас орнатты және  ынтымақтастық үшін мейлінше басым бағыттарды дайындауды бастады. Аталған сатыда  басым бағыттар ретінде cloud- есептеу,  grid, "Разумная планета" IBM бастамасы аясында сараптау жүйелерін  дайындаулар  анықталды.

"Суперкомпьютерлер бүгінгі таңда  дәстүрлі компьютерлер үшін  мейлінше күрделі немесе ауқымы үлкен  мәселелерді шешуге көмектеседі. Сұйықтықтардың динамикасы, ауа-райы жағдайларының өзгеруі, сейсмикалық белсенділікке   болжам жасау және адам генін шешу сияқты шынайы өмірдің күрделі жүйелерін моделдеу  суперкомпьютердің мейлінше жаңа қолданылу салалары болып табылады, - деп атап көрсетеді ТМД-дағы IBM-ның бас директоры Михаил Серегин. – Енді ҚБТУ  Қазақстанды жан-жақты пайымды модернизациялауға қажетті стратегиялық активке ие деп айтар болсақ артық бола қоймас".

Университет жұмысының түйінді бағыттарының бірі  мұнайгаз секторы үшін шешімдер даярлау болып табылады. Суперкомпьютер беретін әлеуетті іске асыру үшін ҚБТУ  Paradigm компаниясының мұнайгаз секторына арналған  қазіргі заманғы индустриалдық бағдарламалық шешімдер жеткізушілермен ынтымақтастықты бастады.Ынтымақтастық аясында Paradigm келешек ынтымақтастықтар мүмкіндігінде геофизикалық мәліметтерді жан-жақты шешу бойынша аспаптар пакетін қояды, консалтингтік қызметтер көрсетеді.

"Қазақстан Республикасының геофизикалық қызметтер нарығы Paradigm үшін өте маңызды. Біз аталған аймақта көп жылдар бойы жұмыс істеп келеміз", - деп көрсетті Парадайм Геофизикал Би өкілділігінің басшысы Руслан Жаноков. Сондықтан алдыңғы қатарлы  әрі заманауи университет болып табылатын ҚБТУ-дың технологиямыздың мүмкіндіктерін жете бағалап,  өзінің жаңа мәліметтерді өңдеуге арналған  оқу орталығына Paradigm-ді таңдап алғанына  біз өте қуаныштымыз.  Paradigm  ара қарайғы бірлескен жұмыстың Қазақстанда геофизика ғылымының  дамуына, кәсіби білікті кадрлардың жаңа буынын дайындап шығаруға қызмет етеді, сондай-ақ Республиканың мұнайгаз саласына біздің инновациялық технологиямызды жылжытады деп  үміттенеді".

Техникалық сипаттамалар  

Өндіруші/жеткізуші: IBM

Компьютердің ресми атауы: IBM Cluster e1350

Компьютер типі: кластер

Операциялық жүйе: Linux RHEL 5.4 x86_64

Процессорлар саны: 224

Ядролар саны: 896

Оперативтік жадының суммарлық көлемі: 1344 Gb

Файлдық жүйе GPFS

Узел түрі

Есептеуші

Препроцессинга

Басқарушы

GPFS узелі

Узелдер саны

112

1

2

2

Узелдегі процессорлар саны

2

8

2

2

Процессорды өндіруші фирма

Intel

Intel

Intel

Intel

Процессор типі

X5570

E7450

X5570

X5570

Процессордың тактылық жиілігі

2930 MHz

2400 MHz

2930 MHz

2930 MHz

Узелдегі оперативтік жады

12288 Mb

135168 Mb

8192 Mb

8192 Mb

Коммуникациялық желі: 4X InfiniBand DDR

Транспорттық желі: Gigabit Ethernet

Өнімділіктің ең биік шегі: 10500 GFlops

Linpack тестіндегі ең жоғарғы қол жеткізген өнімділік: 9061 GFlops

Аталған өнімділік алынған матрица көлемі: 880

Бағдарламалық қамтамасыздық

Intel Cluster Toolkit 3.2 Linux

Қолданушылар

ҚБТУ суперкомпьютерінің есептеу ресурстарын қол жеткізу үшін  b.baimukanov@kbtu.kz электрондық адресіне сканерленген өтініш жіберу талап етіледі, онда  есептеу ресурсына қол жеткізудегі мақсат, міндеттер және пайдаланушылар саны, сондай-ақ байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Заңды тұлғалар үшін өтінішті мекеменің мөрімен бекіту қажет, ал жеке тұлғалар үшін өтініш беруішінің қолы қойылуы тиіс.

Өтінішіңізді қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда Сізбен ҚБТУ өкілдері хабарласады.

Тел. 8 (727) 250-46-54