Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, ең кіршіксіз сезімі десек, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Қазақ тарихында алтын әріппен көмкерілген осынау қос ғашықты дәріптеу мақсатында сәуірдің 15 жұлдызы ғашықтар күні болып белгіленгеніне 14 жыл толса да, бұл мереке әлі күнге халықтық сипатқа ие бола алмай жүр.