Факультеттің кәсіби акредиттелген бағдарламалары
|
ҚБТУ ЭМГӨФ-нің 5B072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 5B070800- Мұнайгаз ісі, 5B070400 –Теңіз техникасы және технологиялары, 5B070400 – Геология бакалавриат бағдарламалары IMarEST Теңіз инженерииясы, ғылым және технология институтында аккредиттелген IMarEST, Aldgate House, 33 Aldgate High Str., London EC3N 1 EN, UK - телефон: +44 (0)20 7382 2600; http://www.imarest.org |
Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетінің миссиясы
Факультет миссиясы – бұл мұнай-газ индустриясы мен мұнай химиясы өндірісіндегі жоғары технологиялық және ғылымға негізделген өндіріске қажетті бүгінгі нарық талаптары мен халықаралық стандарттарға жауап беретін мамандар дайындау.
Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетінің міндеттері:
- Заманауи білім беру технологияларын енгізу мен факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік қызметін үнемі жандандыру негізінде тұтынушылар талабына сай келетін мұнай-газ және мұнай химиясы мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар, бакалаврлар және магистрларды дайындау
- Факультет түлектерінің ғаламдық білім беру қызметі нарығындағы және Қазақстан Республикасының кадрлар нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау мақсатында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі деңгейінің ұдайы өсуін қамтамасыз ету
- Мұнай-газ және мұнай химиясы саласы бойынша мамандар дайындау сапасын арттыруға бағытталған бірлескен іс-әрекет жасау мақсатында батыстық жетекші университеттермен өзара тиімді әріптестік орнату арқылы әлемдік білім беру үдерісіне етене араласу
- Өндірістік практиканы ұйымдастыру және одан кейін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында өндіріспен – жұмыс берушілермен байланысты кеңейту
- Іргелі техникалық білімдерін жоғары адамгершілік, рухани және патриоттық қасиеттермен ұштастыра білетін мамандар дайындау