Қош келдіңіз logo Геология және мұнай-газ индустриясы факультеті
Мұнайгаз ісі
5B070800

Аккредитация
ҚБТУ ЭМГӨФ-нің 5B070800 - Мұнайгаз ісі, 5B071500 – Теңіз техникасы және технологиялары, 5B070600 – Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау  бакалавриат бағдарламалары IMarEST Теңіз инженериясы, ғылым және технология институтында аккредиттелген.
Aldgate House, 33 Aldgate High Str., London EC3N 1 EN, UK
Telephone: +44 (0)20 7382 2600; http://www.imarest.org

05B070800 "Мұнайгаз ісі" мамандығы 2012 жылдың ұлттық рейтингі бойынша Қазақстан ЖОО-ның үздік академиялық бағдарламасы болып анықталды. ҚР БҒМ "Ұлттық аккредиттеу орталығы"

Бакалавриат түлегіне тағайындалатын академиялық деңгей: Техника және техгология бакалавры

Дайындық күндізгі оқу арқылы жүзеге аса отырып, оқу мемлекеттік грант бойынша да, ақылы түрде де кредиттік технологиямен жүргізіліп, бакалаврлық деңгей тағайындалумен аяқталады. ЖОО-нан кейінгі білім алу магистратура бағдарламасымен жалғасуы мүмкін.

Бағдарлама мақсаты:
Қазіргі заман талабына және халықаралық стандартқа сай бұрғылау, игеру, мұнай және газ кен орындарын өңдеу және қазып алу, мұнайгаз қоймаларын және мұнайгаз құбырларын жобалау, құрастыру, жөндеу және пайдалану мамандарын жоғарғы дәрежеде дайындау.
Студенттің таңдаған мамандығына байланысты, оның кәсіби нысаналары осылар: жер беті мен теңіз бетінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын өңдеу және пайдалану технологиялары; техникалық құрылғылар, ұңғымалардан өнімді алу және дайындау жабдықтары мен құрылғылары; мұнай және газ платформалары, оларды құрастырудың барлық кезеңдерін қамтамасыз ету; бұрғылау және пайдалану платформалары; көмірсутектерді тасымалдау жүйелері; желілі және кәсіпшілік құбырлары; сорғылы және компрессорлы станциялар; мұнайгаз қоймалары мен мұнай базалары.

5B070800 - Мұнайгаз ісі мамандығының бакалавры төменде көрсетілген кәсіптермен сәтті айналысса болады:
• өндірістік-технологиялық
• ғылыми-зерттеушілік
• ұйымдастырушылық-меңгерушілік

Мамандандыру:
• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
• Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану
• Мұнайгаз құбырлары мен қоймаларын жобалау, құру және пайдалану
• Газ құбырларын және қоймаларын пайдалану және жөндеу

Міндетті түрде оқытылатын дициплиналар - 96 кредиттер, оныщ ішінде:
• Физикалық геология
• Мұнай және газ геологиясы
• Мұнай және газ химиясы
• Тау жыныстар мен флюидтердің қасиеті
• Мұнайгаз инжининирингіне кіріспе
• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
• Мұнай өндіру технологиясы мен техникасы
• Ұңғымаларды толық жөндеу
• Шельфтік кен орындарды игеру
• Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу
• Мұнай қабатының геостатикалық және гидродинамикалық моделін құру

Түлектердің негізігі еңбек жұмыс орындары:
мұнайгаз табушы мекемелер, сервистік компаниялар, ғылыми-зерттеулік және жобалық институттар, ұңғымаларды толық жөндейтін, көмірсутектерді тасымалдайтын және сақтайтын мекемелер.

ҚБТУ-да "Мұнайгаз ісі" мамандығында оқудың артықшылықтары:
• Британдық аккредиттелген IMarEST бағдарламасы бойынша бакалавр дипломын алу
• Жоғары дәрежелі профессорлық-ұстаздық құрам
• Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша жоғары төлемді жұмыс табу мүмкіншілігі
• Халықаралық компанияларда, үкімет мекемелерінде, кәсіпорындарда ҚБТУ студенттеріне деген үлкен сұраныс
• ЖОО-нан кейінгі екі дипломдық білім алу мүмкіндігі

Сұрақтар бойынша бізге хабарласыңыз

Зейнеп Нұржау
+7 727 2930037
z.erkinkyzy43@gmail.com
Кабинет 320 (ХҒИ )

Бағдарлама жайында сұрақ қойыңыз

Сұрағыңыз болса, қойыңыз. Біз сізге қайта қоңырау шаламыз. Барлық қосымша ақпаратты "Жиі қойылатын сұрақтар" бөлімінен таба аласыз.