Follow us:

Facebook: Official GroupTwitter: Follow usVkontakte: Official PageYoutube: KBTU Official Channel Kiwi: official channel



ПӘН-БАСТАУ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттiң мақсаты және миссиясы техникалық мамандықта оқитын 1-курс студенттеріне жалпы бiлiм беретін компонент бойынша білім беруді ұйымдастыру, өткізу және бақылау қызметтерін көрсету, олардың келесi курстарда негiзгi және бағдарлы пәндердi жоғары деңгейде игеруіне қажетті дағдылары мен іскерліктерін, жүйелі құзіреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.

 


Факультеттің міндеттері:

- студенттердiң өз мамандығына сәйкес биiк деңгейде бiлiм алуын қамтамасыз ететін,  кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тануына мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасау;

- маманның рухани-адамгершiлiк тұлғасын тәрбиелеу;

- студенттердiң өз қабілеттерін көрсетуіне қажетті жағдай жасап, мүдделіліктерін арттыру және олардың шығармашылық мүмкiндiктерiн ашу. Студенттердiң өз бетінше бiлiм алуына  қажетті дағдылары мен бiлiмін үздіксіз толықтыру қабiлетін, алған білімі мен меңгерген іскерлігін үнемі жаңартып және жетiлдiре білу талабын ұштау;  ғылыми-әдiснамалық технологиялардың кең спектрiн ескере отырып, болашақта ғылыми және кәсiби тұрғыдан өсуіне жол ашу;

- болашақ кәсіби маманды дайындаудың тиiмдiлiгін арттыратын инновациялық бiлiм беру технологияларын қолдану, оқу бағдарламаларының білім мазмұнын жетiлдiру;

-  студенттердiң жеке жұмысын жандандыру: типтік және стандартты емес есептердi дербес шешкізу (әрбiр студент үшiн ортақ және жеке), есептеу жұмыстарын орындату, студенттер аудиториясына арналған баяндамалар және тұсау кесерлер әзiрлеп, оларды  талдатып, талқылату ;

-  студенттерді факультет аясындағы жұмыстарды басқаруға жұмылдыру;

- факультеттiң оқытушы-профессорлар құрамына республикаға кеңінен танымал, өз саласында беделі жоғары ғалымдарды тарту;

- маман дайындаушы  факультеттердiң сұранымын ескере отырып, әрбiр курстың құрылымын анықтауда саралап оқытуды жолға қою, ұсынылатын  пәндердің оқу бағдарламаларын жетілдіру; 

-  кәсiби нақты есептердi шешуге қажетті ғылыми,  бiлiм беру және кәсiби-қолданбалы бағыттағы инновациялық технологияларды сауатты қолдану дағдыларын қалыптастыру;

- оқытушы-профессорлар құрамының жалпы біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында республикалық, қалалық, кафедралық және кафедра аралық ғылыми семинарлар ұйымдастыру;

- денсаулықты нығайту және жұмысқа қабiлеттiлiктi сақтауға қажеттi дене күшiн жетiлдiру;

- факультеттi университет бөлiмшелерiнiң жүйесіне кіріккен, өз аясында ғылыми-теориялық, әдiстемелiк және тәжірибелік әлеуетті жүзеге асыратын  біртұтас оқу-әдiстемелiк кешен ретінде дамыту.

 

 

Факультеттің құрамында 4 кафедра бар:

- Ағылшын тілі кафедрасы;

- Жоғары математика және кибернетика кафедрасы; 

- Гуманитарлық пәндер кафедрасы;

- Дене шынықтыру және спорт кафедрасы. 


Нравится