ҚБТУ АҚ Ғылыми кітапханасы
- Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі
- Қазақстан жоо кітапханаларының Ассоциациясына қатысушы
ҚБТУ Ғылыми кітапханасы 2002 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған.
Кітапхана Алматы қаласының архитектурасы мен тарихының ескерткіші болып саналатын бірегей ғимараттың І қабатында орналасқан.
Негізгі демеушілері - Британ Кеңесі және «British Petroleum» компаниясы.
ҚБТУ Ғылыми кітапханасы университет бағдары бойынша әдебиеттерді 3 тілде жинақтайды.
Кітап қорын толықтыруда кітапхана саясаты электронды ресурстар қорын қалыптастыруға, ал келешекте – ҚБТУ Электронды кітапханасын құруға бағытталған.
ҚБТУ ҒК пайдаланушылары университет студенттері, оқытушылары және қызметкерлері болып табылады.
Кітапхана құрылымында 3 оқу залы, абонемент, кітап қорын толықтыру секторы бар.
ҚБТУ Ғылыми кітапханасында пайдаланушыларға электронды ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Электронды ресурстар орталығының 2 компьютерлік залы бар.
Орталықта Интернет желісінің барлық ресурстарына, сонымен қатар ҚБТУ оқырмандарына ғана рұқсат етілген ақылы электронды ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Кітапханада МАРК –SQL (АИБС МАРК-SQL) Автоматтандырылған ақпаратты-кітапханалық жүйе қолданылады.
АИБС МАРК- SQL негізінде Электронды каталог жұмыс істейді.
ҚБТУ Ғылыми кітапханасы оқу орнында ұйымдастыру, мәдени және интелектуалды ортаны құру шараларына белсене атсалысып, пайдаланушыларға ақпарттық қызмет көрсетуді, автоматтандыру және жаңа ақпараттық технологиялар енгізуді жүзеге асырады.
Кітапхана мына мекен-жайда орналасқан: 050000, Төле би к-сі, 59 (кіру Абылай хан көш.).
Тел. 272-85-78, факс – 272-60-34