Follow us:

Facebook: Official GroupTwitter: Follow usVkontakte: Official PageYoutube: KBTU Official Channel Kiwi: official channel



Бизнес Школа

Бизнес Мектептің Директоры

Ким Елена Геннадьевна

Пайдалы кеңес:

Даму арқылы Сіз өзіңіз де жетілесіз. Қосымша білім мен дағдыларды алу барысында, Сіз жеткен жетістігіңізді  өз бизнес-үдерісіңізге әкелесіз, табыстарға жетесіз. Үйлесімділік – оқу мен жұмыс ырғағында. Үйлесімділік ырғағы ғана табысқа жеткізеді, білімге, идеяға және шабытқа  шөлдегеніңізді сезінген кезде, сіз үшін  іздегенді тауып бере алатын қайнар бұлақ біз боламыз.


Қазақстан –Британ Техникалық Университеті
Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар Институты
 
 
 
Сізге ұсынады:

  • Лингвистикалық курстар – тіл бағдарламаларының алуан түрлілігі
  • ҰБТ және КТ-ны табысты тапсыруға арналған даярлау курстары
  • Мамандардың біліктілігін арттыру
  • Тренингтер, семинарлар
  • Қазақ және ағылшын тілдерінде іс-қағаздар жүргізу
  • Аудармалар
  • ҚБТУ талапкерлері үшін арнайы бағдарлама

 
 
 
Сіз бізде өзіңізге керек курсты табасыз!
Біздің орталықта алған біліміңіздің Сізге беретіні:

  • Өз болашағыңызды жақсарту мүмкіншілігін;
  • Еңбек нарығында бәсекелестіктік артықшылығын;
  • Біліктілік деңгейін едәуір арттыру;
  • Бизнес серіктеріңізбен еркін араласу мүмкіндігін;
  • Уақытты сақтау  (уақытты тиімді пайдалану);
  • ҰБТ және КТ-ға сапалы дайындық;
  • Шетелге шығуға дайындық;
  • Өзіңді еркін сезінуге мүмкіндік береді!

 
 
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

  • Сабақ кестесін өз талабыңызға  сай етіп түзеу
  • Жеке оқу формасы мүмкін
  • Сабақтар ҚБТУ-нің дәрісханаларында немесе сіз қалаған аумақта өткізіледі.

 
 
Даярлау курстары ҰБТ тестерінің тәжірибелі құрастырушыларымен, НЦГСОТ жетекші сарапшыларымен құрастырылған және жоғарғы білікті оқытушыларымен жүргізіледі.
 
 
Біздің курстарды оқи отырып, сіз өз біліміңізді жетілдіре аласыз.
 
 
Біздің курстарда алған біліміңіз ҰБТ мен КТ-ді жақсы тапсыруға мүмкіндік береді.
Сіз Қазақстанның ең үздік ЖОО-на түсе аласыз!
 


ҚБТУ Бизнес Мектебі–  бұл баршаңызға арналған қосымша сапалы білім!
 
Тілдерді оқып үйрену: ағылшын тілі , қазақ, француз, итальян, түрік, қытай және т.б.тілдер.  Оқушылар үшін – ҰБТ тапсыруға дайындық  (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу). Сабақтарды тест тапсырмалары базасын жасаушы үздік оқытушылар өткізеді. Менеджерлер құрамы үшін – қажетті біліктілік алуға, іскери қатынас дағдыларын дамытуға байланысты мұнай-газ, экономика, қаржы және маркетинг салалары бойынша тренингтер тұрақты өткізіліп тұрады.
 
Бизнес Мектебінің оқу бағдарламалары – бұл әр кәсіп мамандықтарына арналған тиімді бизнес тренингтер.  Оқытушылар құрамы халықаралық стандарт деңгейіне лайық, өз біліктіліктерін үнемі шетелдерде жетілдіріп отырады. Біздің мектебімізде алған білім мен дағдылар (лингвистикалық курстар, семинарлар мен  коллоквиумдер), Сіздің Болашағыңыздың жақсаруына мүмкіндік; еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында басымдылық береді; мансапта айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Мектеп – жоғарыда аталған жолдардың бастамасы. Мектеп оқушыларына ҰБТ тапсыруға дайындалуға көмектесу арқылы, біз олар үшін жарқын болашаққа жол ашамыз.
 
Біз өзіміздің Серіктестеріміз бен Клиенттерімізді жоғары бағалаймыз. Тиімділік және Жоғарғы Сапа біздің Өнімдеріміз бен Қызметіміздің негізгі ұстанымы болып табылады.
 
Business_school@kbtu.kz
 
e.kim@kbtu.kz
 
тел.:   +7 727 272 15 01
 
Біздің  клиенттер

Біздің клиенттеріміз «Қазақстан Халық Банкі», «Нұр банкі», «АТФ Банкі», «HSBC Bank», «ABN AMRO Bank» секілді компаниялардың, «Тұран Әлем Банкі», «Майкрософт Қазақстан» сияқты еншілес кәсіпорындар тобының ,«Қаз Мунай Газ» секілді еншілес кәсіпорындар тобының ,«Қаз Атом Пром», «Верный инвест холдинг» және т.б. тәрізді еншілес кәсіпорындар тобының қызметкерлері болып табылады. Аталған компаниялардың қызметкерлері біздің бизнес тренингімізден, лингвистикалық курстардан (ағылшын тілі т.б..), мұнай-газ өндірісі бойынша тренигтерден табысты өтті. 
Осылайша, ҚБТУ Бизнес Мектебінің тыңдаушылары –  олар өзінің кәсіби дамуын тоқтатпайтын, қандай мақсатқа ұмтылатынын жақсы білетін қазіргі жетекшілер. Оның жауапкершілік деңгейі қаншалықты жоғары болса, алдында тұрған міндеттері қаншалықты маңызды болса, кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отыру және кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіріп отыру соншалықты маңызды болмақ.
  ҚБТУ Бизнес Мектебінде  кез келген жастағы және кез келген деңгейдегі менеджер өзі үшін ең тиімді бағдарламалар мен оқыту түрін таба алады, ал өз ісін жетік білетін оқытушылар  оларды тиімді меңгеруді қамтамасыз етеді.
Біздің мекенжайымыз:
Қазақстан Республикасы, Алматы Қаласы Төле бй көшесі,59 (кіру Панфилов көшесі   жағынан, 2-қабат)
 
Бизнес тренингтер
Наурызбаева Сәуле (+7 727 250 46 48, +7 701 732 47 97, s.naurizbayeva@kbtu.kz)
 
Бизнес тренингтер
Гүлнара Айтбаева (+7 727 250 46 48, +7 777 382 77 11, g.aitbaeva@kbtu.kz)
 
Лингвистикалық курстар (ағылшын тілі,  шетелдіктер үшін орыс тілі, неміс, итальян т.б. тілдер)
ҰБТ тапсыруға дайындық
Керімова Нұргүл (+7 727 272 15 01, +7 777 397 40 01, n.kerimova@kbtu.kz)
 


Нравится