Қош келдіңіз logo Бизнес мектебі

Халықаралық бағдарлама


Жобаларды басқару және логистика бағдарламасы (Университетте және Қашықтықтан оқыту)

Жобалар мен жеткізілімді басқару саласындағы магистратура бағдарламасы студенттердің білімі мен тәжірибесін тереңдете түсетін озық оқыту жүйесін ұсынады және оларды жобалар мен жеткізілімді басқару саласында табысты мансап құруға даярлайды. Бағдарлама мансап жолын енді ғана бастаған түлектерге немесе өз біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге ұмтылатын кәсіпқойларға арналған. Бұл экономиканың әртүрлі салаларындағы Жобалар мен жеткізілімді басқарудың алуан түрлі аспектілері мен ұстанымдарын қамтитын пәнаралық және қолданбалы бағдарлама. Бағдарлама әлем мойындаған халықаралық институттармен ынтымақтаса жұмыс істейді және академиялық жоғары біліктілік пен тәжірибеге ие оқытушылардың халықаралық құрамынан тұрады.

Бағдарлама ТМД-дағы Project Management Institute (PMI) аккредитациясын жоспарлайтын жалғыз бағдарлама болып табылады.

Жеткізілім тізбегін басқару алуан түрлі бизнес үдерісіне қатысушылар арасында ақпараттық қамтамасыз ету арқылы материалдар, тауарлар мен қызметтер ағынын басқаруға негізделеді. Бүкіл әлемде, орта есепппен алғанда, мұндай бизнес тізбекке 90 пайыздан аса адамдар белсенді тартылған. Әлемдік ауқымда, Жобаларды басқару бірден бір тез дамып келе жатқан кәсіп болып табылады. Ғаламдық экономикалық қызметтің үштен біріне жуық (Қазақстанда жартысына жуық) бағдарламалар және жобалар арқылы іске асырылады. Аталған үрдіс қазіргі кезде сондай-ақ көптеген ұйымдардың өз стратегиялық мақсаттарын шешу үшін басқарудың дәстүрлі формаларынан Жобаларды басқару әдістері мен құралдарын бейімдеу жобаларына өтуіне байланысты дамуда.
Мұны ескере отырып, ұйымдар нарықта бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу үшін жобалар мен жеткізілім тізбектерін тиімді басқарудың стратегиялық маңыздылығын барған сайын сезіне түсуде. Заманауи Жеткізілім тізбектерін басқару тауарлар мен қызметтерді тиімді жабдықтау үшін өзара байланысты қызмет түрлерін үйлестіруге ден қоятын болса, Жобаларды басқару осындай кешенді бәсекелік ортада ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

• оқуды жұмыспен қатар алып жүру – бизнес көкжиектерін кеңейте отырып, Сіздің тәжірибеңізді кіріктіру;
• студенттер мен түлектерге Project Management Institute (PMI) студенттік және кәсіби мүше болу;
• ғаламдық сертификатталған емтихандарды (CAPM®, PMP®, IPMA Levels, PRINCE2®) тапсыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеру;
• жоғарыда аталған емтихандарға дайындық барысында 800-1000 АҚШ долларын үнемдеу.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

Бағдарлама Project Management Institute (PMI, http://www.pmi.org/ ) и International Project Management Association (IPMA,http://ipma.ch/ ) әзірлеген үздік іс-тәжірибелермен, стандарттар және құзыреттіліктермен сәйкес әзірленген.


BLOOMBERG FINANCIAL ЗЕРТХАНАСЫ/b>

• ҚБТУ Bloomberg Professional, инвестициялық мүмкіндіктер үшін әлем кәсіпқойлары пайдаланатын шынайы уақыт пен талдауда мәліметтерді өңдеуге арналған ғаламдық тұғырнама орнатқан Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны болып табылады.
• Bloomberg Financial Lab басты мақсаты біздің студенттер мен оқытушыларға бүкіл әлем бойынша қаржы нарықтары, макроэкономика және компаниялардың шынай кейстерін, мәліметттерін және озық талдауларын ұсына отырып, қаржы, экономика, жобалалар мен жеткізілімдерді басқару саласында көмек беру болып табылады.


МИССИЯСЫ

Жобалар мен жеткізілімді басқару саласындағы магистратура бағдарламасының миссиясы студенттерге Жобалар мен жеткізілімді басқару саласында табысты мансап құру үшін қажетті үздік іс-тәжірибе, білім және дағдыларды ұсыну болып табылады. Бұл оқытуға практикалық және академиялық пәнаралық қатынастарды ұштастыру есебінен қол жеткізіледі.


МАҚСАТТАРЫ Бағдарлама миссиясын қамтамасыз ету үшін, бағдарламаның жалпы мақсаттарына жататындар:

• Қазақстан мен өңірлерде ұйымдарды трансформациялау үшін жобалар мен жеткізілімдер тізбектерін тиімді басқаруға қабілетті мамандар даярлау;
•студенттерде жобалар мен жеткізілімдер тізбектерін басқару кәсібіне арналған тұтастық пен этиканың, олардың сыни мәнін түсінудің жоғары деңгейін дамыту.


БАҒДАРЛАМА МІНДЕТТЕРІ
Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін бағдарлама келесі міндеттерді шешуді көздейді:

• Білім: Студенттерді өзгермелі орта жағдайында ұйымдардың бизнес операцияларының өнімділігін арттыру үшін қажетті Жобалар мен жеткізілімді басқару саласындағы іргелі түсініктермен, теориялармен, ұстанымдар және үздік іс-тәжірибелермен қаруландыру.
• Шешім мен ой-толғамдар: Күрделі бизнес тізбектер мен жобалардағы үдемелі белгісіздік жағдайларында тиімді шешім қабылдау мен басқаруға арналған күрделі мәселелерді шешудегі сыни талдау дағдыларын дамыту.
• Жаңашылдық және іске асыру: Жобалар мен жеткізілімді басқаруда тиімді қолдануға арналған жаңашылдық дағдылары мен пәнаралық және күрделі мәселеге бағдарланған оқытуға негізделген идеяларды іске асыру бойынша дағдыларды әзірлеу.
• Біріктіру және қоршаған орта: Біздің студенттер бойында жеткізілімдер мен жобалар тізбегі ортасында мүдделі тараптардың өзара тиімді әрекеттесуіне арналған және командалар, өзгерістер, тәуекелдер, мәдени алуан түрлілік, қарым-қатынастар, ынтымақтастық жағдайларын табысты басқаруға арналған түйінді құзыреттіліктерді, әдептерді, әлеуметтік және кәсіби жауапкершілікті тәрбиелеу.


БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Оқу тілі : Толығымен ағылшын тілінде
Оқу форматы : Университетте және Қашықтықтан оқыту
Басталуы: 29 қыркүйек, 2016 (Бағдарлама)
Ұзақтығы: 13 ай
Оқу құны : 1 350 000 – 2 250 000 теңге*

*ҚБТУ түлектері мен қызметкерлеріне және GPA жоғары деңгейдегі үміткерлерге жеңілдіктер


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ

Бағдарлама 4 базалық курстан, (165 байланыс сағаты), 8 бейінді курстан (390 байланыс сағаты), Практика, Зерттеу жұмысы, Мемлекеттік емтиханнан (барлығы 12 кредит) тұрады. Бағдарлама көлемі: 49 кредит.

Жобалар мен Жеткізілімді басқару магистратурасы бағдарламасының академиялық талаптарына төмендегілер жатады:


Базалық курстар

Атауы Кредиттер
Бизнес коммуникациялар 3
Статистика 3
Операциялық менеджмент 3
Білім мен стандарттардың кәсіби жинағы 3
Барлығы 12


Бейінді курстар

Атауы Кредиттер
Жобаларды басқару технологиясы 3
Жобаны жоспарлау, орындау және бақылау 3
MS Project пайдалану арқылы практика 3
Тәуекелді талдау және басқару 3
Жеткізілім тізбектерін басқару 3
Тасымалдау және халықаралық логистика 3
Жобалар мен қаржыларды стратегиялық басқару 3
Жаһандану және стратегиялық бәсекеге қабілеттілік 4
Барлығы 25

Практика, Зерттеу жұмысы және Мемлекеттік емтихан

Атауы Кредиттер
Практика 4
Зерттеу жұмысы 4
Мемлекеттік емтихан 1
Диплом жұмысын қорғау 3
Барлығы 12

МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

Аталған бағдарлама пәнаралық болып табылады, ол Сізге экономиканың әртүрлі саласында алған білім мен дағдыларыңызды қолдана білуге және өзіңізді Жеткізілімдер тізбегін басқару, Жобаларды басқару, Логистика және тасымалдау, Сату және маркетинг, Инжиниринг және әзірленім, Келісімшарттар және сатып алулар, Операциялық менеджмент, Тәуекелдерді басқару, Жобалық қаржыландыру, Инфрақұрылым мен сервисті басқару және өзге де салаларда басқарушы рөлінде әрекет ете білуге мүмкіндік береді.
Жобалар мен Жеткізілімді басқару бойынша, әсіресе аталған саладағы магистр дәрежесіне ие мамандарға сұраныс барған сайын арта түсуде, өйткені көпшілік ұйымдар басқарудың функционалдық формасынан жобалық формасына ауысуда және күрделі бизнес үдерістерге тартылуда. PMI, IPMA және CIPS тарапынан соңғы зерттеулер мұндай мамандардың мансаптық мүмкіндіктерінің және төлемінің де өсіп отырғанын көрсетеді.


ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ(1-29 шілде, 2016)

1-ҚАДАМ
Келесі құжаттарды ҚБТУ Бизнес мектебіне тапсыру/b>
• Аппликациялық форма (Жеке іс парағы);

• Диплом мен оның қосымшасының нотариалдық бекітілген көшірмесі;
• Түйіндеме;
• Желімделген конвертке салынған ағылшын тіліндегі екі ұсыныс хат (немесе ағылшын тіліндегі аудармасы);
• 3×4 форматындағы 6 фотосурет;
• Жеке куәлік көшірмесі;
• Медициналық анықтама №086-У;
• Еңбек кітапшасының көшірмесі;
• Бағдарламаның басталуына дейін өз күшіндегі 6.0 кем емес IELTS немесе TOEFL (78 IBT, 210 CBT, or 550 PBT) сертификаты;
• Ағылшын тіліндегі уәждемелік (мотивациялық) хат (500 сөзден кем емес).


2-ҚАДАМ
Кіру емтиханын тапсыру.

3-ҚАДАМ
Үздік аппликанттардың түсуі

file_downloadMS in Supply Chain and Project Management

Сұрақтар бойынша бізге хабарласыңыз

Елена Таюшова, MBA
+7 727 272 58 97 (598)
lentam@bk.ru
Кабинет 436 ()

Бағдарлама жайында сұрақ қойыңыз

Сұрағыңыз болса, қойыңыз. Біз сізге қайта қоңырау шаламыз. Барлық қосымша ақпаратты "Жиі қойылатын сұрақтар" бөлімінен таба аласыз.

Обучение логистики

При Казахстанско-Британском техническом университете в городе Алматы работает магистратура Управление проектами и поставками, предоставляющая обучение логистике. Программа междисциплинарная и прикладная, по ее окончании выпускник может работать в различных отраслях экономики. Лекции читают преподаватели международного состава, имеющие высочайшую академическую квалификацию и опыт.

Обучение логистике: цели и перспективы

Логист управляет потоками материального и информационного содержания во время товародвижения. Это может быть транспортная, производственная, складская, сбытовая или закупочная сфера. Среди казахстанских предприятий довольно высок спрос на профессиональных специалистов, умеющих подготавливать и систематизировать документацию, подавать документы в разрешительные органы, формировать заказы, контролировать и координировать работу складской и транспортной службы, а также маршрутизировать грузы. Курс обучения логистике сформирован с учетом постоянно изменяющейся ситуации в бизнес-среде.

Особенности и достоинства программы

Целью программы является подготовка экспертов, которые будут способны качественно управлять товародвижением, чтобы трансформировать работу в Алматы и КР. Учащиеся могут совмещать обучение логистике с работой. Студентам и выпускникам предоставляется возможность получить профессиональное членство в PMI и получить знания, которые нужны для того, чтобы сдать сертификационные экзамены. Программа разработана на основе лучших практик и стандартов PMI. Обучение проходит полностью на английском языке, рассчитано на 13 месяцев. В программе 4 базовых, 8 профильных курсов, а также практика, исследовательская работа и госэкзамен.