Қош келдіңіз logo Бизнес мектебі

Халықаралық бағдарлама


MBA Көшбасшылық

МВА БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

ҚБТУ Бизнес мектебінің бағдарламасы жаһандық көзқарас пен трансұлттық мәдениетке ие, бүгінде бизнестің кез келген саласында күрделі мәселелерде шығармашылық әрі саналы шешімдер таба білетін, ертеңгі күннің халықаралық бизнес-көшбасшыларын оқыту мен дамытуға бағытталған. Түлектеріміз кез келген көлемдегі кәсіпорындарды, стартаптан бастап трансұлттық бұқаралық корпорацияларды тиімді басқара біледі және компанияларды табысқа жеткізетін стратегияларды жүзеге асыра алады.

МВА бағдарламасы өз мансабын дамытуға талпынған тәжірибелі практиктерге және өз мансабын құруға құлшынған жас мамандарға да арналған. Бағдарлама студенттерге бизнестің түрлі қызметтік салаларында алдыңғы қатарлы білімді және басқару дағдылары мен статегиялық шешімдер қабылдауды, сондай-ақ мамандандыру бойынша білімдер мен дағдыларды ұсынатындай етіп жасалған.

ҚБТУ МВА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

• Базалық мамандандырылған және біріктірілген пәндері бар озық оқу жоспары;
• Жоғары деңгейлі білімі және кәсіби тәжірибесі бар халықаралық оқытушылық-профессорлық құрам;
• Кәсіби байланыс және таныстық туғызу мүмкіндігі;
• Халықаралық жетекші сарапшылар мен компаниялар ұйымдастырған семинарлар мен конференцияларға қолжетімділік;
• Бір уақытта білім алу және жұмыс істеу мүмкіндігі – бизнес-көкжиектердің тәжірибе интеграциясы және кеңеюі;

Көшбасшылық саласында МВА бағдарламасы ұйымдарды басқаруға қажетті магистранттардың кәсіби дағдылары мен стратегиялық басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама көшбасшылық және мотивация, бизнесте шешім қабылдау әдістері, өзгерістерді басқару, іскери келіссөздер кіріспесі мен корпоративтік басқару сынды пәндерді қамтиды.

МВА БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша оқыту нәтижелері, «КӨШБАСШЫЛЫҚ» МАМАНДАНДЫРУ

Бағдарламаны бітірушілер игеріп шығады:

• Тәжірибеде базалық білім, көшбасшылық дағдылар мен мотивацияларды көрсету, нақты айтқанда Қазақстандық бизнес ортада уәждемелік және көшбасшылық тәсілдерді қолдану;
• Түрлі ұйымдастыру жағдайында өзгерістердің концептуалды және теориялық негіздемелерін баяндау және тәжірибеде өзгерістерді тиімді басқару үшін қажетті дағдыларды қолдану;
• Шешімдер қабылдау үдерісінде саналы таңдау, сәйкестілік, барабарлықпен шектелмей түрлі әдістер қолдану.

БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Оқыту тілі: ағылшын
Ұзақтығы: 15 ай
Оқыту форматы: - Кешкі, модульдік (жұмыс күндері, 18:45-21:45)
Жеделдетілген модульдер: 13 модуль (12 ай); Практика, Бизнес жоба & Кешенді емтихан (3 ай)
Оқу құны: 1 750 000 - 3 000 000 теңге *
Қабылдау комиссиясы: 1-28 шілде 2017 ж.
Оқудың басталу күні: 26 қыркүйек 2017 ж.

* ҚБТУ түлектеріне / қызметкерлеріне, үлгерімі жоғары үміткерлерге жеңілдіктер

ОҚУ ЖОСПАРЫ

Міндетті пәндер

Пәннің атауы Кредиттер
Іскерлік қатынас 3
Бизнес экономика 3
Қаржылық есептілік және басқарушылық бақылау 4
Ұйымдастыру тәртібі және адам ресурсын басқару 3
Бизнес зерттеулердің әдіснамасы 3
Маркетинг 3
Операциялық менеджмент және ақпараттық жүйелер 4
Корпоративтік қаржы 3
Жаһандану және стратегиялық бәсекеге қабілеттік 4
Барлығы: 30


«Көшбасшылық» мамандандыру бойынша пәндер

Пәннің атауы Кредиттер
Көшбасшылық және мотивация 3
Өзгерістерді басқару 3
Шешімдер қабылдау 3
Электив 3
Барлығы: 12


Тағлымнама, жоба / Диссертация және кешенді емтихан Білім алушылар тағлымнама, жоба / Диссертация және мамандандыру бойынша кешенді емтиханнан өтуі тиіс

Пәннің атауы Кредиттер
Тағлымнама 2
Эксперименталдық-зерттеу жұмыстары 4
Кешенді емтихан 1
Жобаны / диссертацияны қорғау 3
Барлығы: 10

Қалай түсуге болады

Қадам 1
ҚБТУ Бизнес мектебіне төмендегі құжаттарды тапсыру (1 - 29 шілде 2016 ж.)
• Аппликациялық форма;

• Нотариуспен бекітілген диплом және транскрипт көшірмесі;
• Түйіндеме;
• Ұсыным хат;
• Мотивационное письмо;
• Уәждемелік хат;
• 6 фотосурет 3×4;
• Медициналық анықтама №086-У;
• Жеке куәлік көшірмесі;
• Нотариуспен бекітілген IELTS (6.0 және жоғары) сертификатының көшірмесі


Қадам 2
Қабылдау емтиханын тапсыру (10 - 25 тамыз 2017 ж.)


Сұрақтар бойынша бізге хабарласыңыз

Елена Коновалова, MBA
+7 727 272 58 97 (598)
y.konovalova@kbtu.kz
Кабинет 436 (Абылай хан )

Бағдарлама жайында сұрақ қойыңыз

Сұрағыңыз болса, қойыңыз. Біз сізге қайта қоңырау шаламыз. Барлық қосымша ақпаратты "Жиі қойылатын сұрақтар" бөлімінен таба аласыз.