Қош келдіңіз logo Бизнес мектебі

Халықаралық байланыстар және мүмкіндіктер !

ҚБТУ Бизнес мектебі бүгінгі өзара байлансыты әлемде ең үздік сапалықтың белгісі ын ...

Факультет басымдылығы
1362 - соңғы 10 жылдағы түлектердің саны
361 - ағымдағы жылы БМ студенттерінің саны
3 MBA бағдарламалары
2 тар шеңберде мамандырылған магистратура бағдарламалары
Факультеті бағдарламасы Оқытушылар құрамы
Пол Дэвис
Деканның орынбасары
Ph. D.
Кен Чарман
Профессор
Ph. D.
Гэвин Кретсчмар
Профессор
Ph. D.
Юан Симпсон
Қауымдастырылған профессор
Ph. D.
Факультет жаңалықтары
L'Oreal Brandstorm 2018: победа команды КБТУ!...
13 сәуір
icon Бизнес мектебі
EXECUTIVE MBA В ОБЛАСТИ НЕФТЕГАЗОВОГО СЕКТОРА...
13 наурыз
icon Бизнес мектебі
Программа магистратуры в области финансового анализа Казахстанско-Британского технического университ...
20 қыркүйек
icon Бизнес мектебі
Біздің серіктестер

Бизнес-мектебі

ҚБТУ Бизнес-мектебі Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларының жас мамандары арасында жақсы белгілі. Ол – тамаша мансап құруға және жұмыста табысқа қол жеткізуге көмектесетін бастапқы "баспалдақтың" өзі. Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің МБА бағдарламасы әлемдік экономикалық және бизнес-үрдістерде жақсы бағдарлана алатын және кез-келген көлемдегі кәсіпорындарды – стартаптардан бастап, ірі халықаралық корпорацияларға дейін басқара алатын болашағы зор көшбасшыларды дайындауға бағытталған.
Осының бәрін 15 айдың ішінде үйренуге болады! Біздің Алматы қаласындағы (Қазақстан) Бизнес мектебіміз бейіндік және кіріктірілген пәндер бойынша алдыңғы қатарлы білім алуға, пайдалы таныстық байланыс орнатуға, халықаралық жобаларда жұмыс істеу тәжірибесін алуға және үздік жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл асыра айтқандық емес. ҚБТУ-дағы МБА магистрлік және бакалавриат бағдарламаларын Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінің жоғары білікті мамандары жүргізеді. Ал біздің барлық МБА курстарының оқу жоспарлары – авторлық және теңдесі жоқ.

ҚБТУ Бизнес-мектебі қос диплом алуға мүмкіндік береді

Шетелде оқу – Ұлыбритания, Барселона немесе басқа да еуропалық қалаларда білім алу –Қазақстанның көптеген тұрғындарың "орындалмас арманы". Бірақ... осы ойды жүзеге асыру біршама қаржылық салымдарды талап етеді. ҚБТУ-дың МВА Бизнес мектебінде оқудың құны едәуір арзан – соған байланысты бұл шетелде жоғары саналатын білім алуға мүмкіндік береді. Бизнес мектеп ACBSP халықаралық аккредитациядан өткен. Ал бизнес курстары студенттерінің 2 диплом алуға мүмкіндігі бар: ҚБТУ және бір серіктес-Жоо-ны бітіргені туралы куәлік (швейцариялық Geneva Business School немесе ағылшындық University of Northampton).

МВА Бизнес мектебі: модульдік бағдарламалар ағылшын тілінде

ҚБТУ-дағы МВА Бизнес мектебі бүкіл әлем бойынша табысты жұмыс істеуге қабілетті халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлауға бағытталған. Сондықтан, біздің оқу мекемесінде бизнес-білім беру ағылшын тілінде беріледі. Осының арқасында, келешекте біздің түлектердің жұмысқа орналасуында мәселелер туындамайды және олар жетекші шетелдік корпорациялардағы лауазымдарға үміткер бола алады. ҚБТУ-дағы Бизнес-білім беру оқуды жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама модульдік принцип бойынша құрылады (әрбір модуль ұзақтығы 2-3 апта, содан кейін емтихан өткізіледі), сондай-ақ сабақтар жұмыс күндері кешкі уақытта болады. Біздің МВА бизнес мектебі тек қана теориялық білім беріп қоймай, жұмыста қолданылатын тәжірибелік дағдыларды береді. ҚБТУ түлектері: халықаралық сарапшылардың шеберлік сыныптары мен семинарларнан өтеді; серіктестерімізбен ұйымдастырылған конференцияларға қатысады; жүзеге асатын жобаларға қатысады; жетекші компанияларда машықтанудан өтеді. ҚБТУ-дың факультеттеріндегі МБА білім бағдарламасы бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінендегі мыңнан астам жас мамандар білім алды. Қазір біздің көптеген түлектеріміз елдің бизнес-элитасын құрайды және ең үздік ұлттық және шетелдік компанияларда табысты жұмыс істеуде.

ҚБТУ-дағы МБА білім бағдарламасы 6 бірегей бағдарламаларын ұсынады

Қазақстан-Британ Техникалық университетіндегі бакалавриат және магистратура бизнес, қаржы, менеджмент және басқа да қазіргі уақытта бірқатар сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқуға мүмкіндік береді. Мысалы, мұнай-газ секторындағы кадрларды басқару немесе жобаларды басқару және жеткізу сияқты. Бізде 6 авторлық оқу бағдарламасы жұмыс істейді, сондықтан әркімге лайықты мамандық табылады. МБА бағдарламасы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу және ағылшын тілін білудің тиісті деңгейде тапсырылғанын көздейді (IELTS расталған сертификатпен немесе диагностикалық тестілеу нәтижелерімен). ҚБТУ жанындағы МБА мектебіне түсуге қатысты барлық қызықтырған мәселе бойынша сұрақтарыңызды Сіз сайтта көрсетілген келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалып қоя аласыз немесе бізге электрондық өтінім қалдыра аласыз. Мұны бүгін істеңіз – және жақында Сіз Қазақстан-Британ Техникалық Университеті студенттерінің арасында болуыңыз әбден мүмкін!