Қош келдіңіз ҚБТУ түсу
Ағылшын тілі тестілеуіне жазылу
  • Ағылшын тілі пәні бойынша қабылдау емтиханындағы өзін-өзі ұстау ережесі

    Талапкерге қажетті:
    1. қабылдау емтиханы басталғанға дейін 15 минут бұрын келу және емтихан қабылдаушымен бірге аудиторияға кіру;
    2. жеке басты куәландыратын өзімен бірге құжаттың түнұсқасы және емтиханға кіру рұқсаты болуы;
    3. емтихан басталғанға дейін барлық сөмке, портфель, папкілер мен басқа да керек-жарақтарды арнайы белгіленген орынға қалдыру;
    4. емтиханда емтихан қабылдаушы көрсеткен орынға отыру;
    5. тестіні орындау бойынша нұсқаманы мұқият тыңдау.

    Емтиханға спорт киіммен немесе шорты киіп келуге тыйым салынады.

    Емтихан кезінде талапкерлерге рұқсат етілмейді:
    1. аудиториядан шығуға;
    2. өзімен бірге кез келген мобильді құрылғыны алып жүруге. Телефондарды емтихан кезінде өшіріп, басқа заттармен бірге арнайы белгіленген орынға қалдырылады;   
    3. теріліп басылған немесе қолмен жазылған қосымша сипаттағы материалдарды, яғни шпаргалканың барлық түрін, оның ішінде электрондық құрылғыларды пайдалануға;
    4. өзге үміткерлермен тілдесуге, бұрылуға, бір-біріне кез келген затты беруге, орыннан тұруға, басқа орынға отыруға;  
    5. емтиханға тамақ немесе сусын әкелуге;
    6. емтихан материалдарын өзімен бірге алып кетуге.

    Ескерту: Емтиханда қабылдау ережесін сақтаңыз!  Емтихан кезінде сұрақтар туындаса, қолыңызды көтеріңіз, сізге емтихан қабылдаушы келіп, сұрақтарыңызға жауап береді. Сұрақтар емтихан тапсырмаларының мазмұнына қатысты болмауы тиіс. Кез келген бұзушылықтар орын алғанда проктор «Қабылдау емтиханындағы өзін-өзі ұстау ережесін бұзу туралы акт», толтырады, кейін қабылдау комиссиясына тапсырылады. Мұндай жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады, ал тест нәтижелері жойылады. Апелляция және тестіні қайта тапсыру қарастырылмайды.

  • Ағылшын тілі пәні бойынша қабылдау емтиханының тест күндері
    Мезгілі Аптаның күні Уақыты Откізу орны
    21 сәуір (Ұшқыш тесті) Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00
    Күндізгі сессиясы: 15:00
    Оқу/Жазу: 381а
    Ауызекі тіл: Ауд. 389
    23 мамыр Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: Ауд. 352 Ауызекі тіл: Ауд. 389
    30 мамыр Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 352 Ауызекі тіл: Ауд. 389
    7 маусым Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 352 Ауызекі тіл: Ауд. 389
    9 маусым Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 352 Ауызекі тіл: Ауд. 389
    14 маусым Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    16 маусым Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    21 маусым Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    23 маусым Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    28 маусым Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    30 маусым Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    5 шілде Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    7 шілде Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    12 шілде Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    14 шілде Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    19 шілде Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    21 шілде Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    25 шілде Дүйсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    26 шілде Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    27 шілде Сәрсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    28 шілде Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    29 шілде Жұма Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    2 тамыз Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    4 тамыз Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    9 тамыз Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    11 тамыз Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    16 тамыз Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    18 тамыз Бейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
    23 тамыз Сейсенбі Таңертенгі сессиясы: 10:00 Күндізгі сессиясы: 15:00 Оқу/Жазу: 351, 389 Ауызекі тіл: Ауд. 351, 389
  • KELET, IELTS және TOEFL баллдарының салыстырмалы кестесі
    KELET IELTS TOEFL Computer TOEFL iBT CEFR Бірінші семестрдегі ағылшын тілінің курстары
    6 7.0 және жоғары 250 және жоғары 80 және жоғары Low Advanced C1 және жоғары Advanced English
    5 6.0 - 6.5 213 - 250 60 - 79 High Upper Intermediate B2 Advanced English
    4 5.5 196 - 212 49 - 59 Low Upper Intermediate B2 Business English
    3 4.5 - 5.0 152 - 195 35 - 45 Low Intermediate B1 Academic English
    2 3.5 - 4.0 113 - 151 30 - 35 Mid Pre Intermediate A2 General English + Foundation (прием по усмотрению факультета)
    1 3.5 төмен 112 және төмен 28 және төмен Ниже Pre Intermediate A2 Прием в КБТУ не рекомендуется ҚБТУ-ға қабылдау кеңес берілмейді
  • ҚБТУ-дағы ағылшын тілі бойынша қабылдау тесті (KELET)

    KELET тең құқылы екі бөліктен тұрады:
    1) Оқылым және жазбаша: 1 сағат
    2) Ауызша сұхбат: 5-7 минут

    Тест форматы:
    Оқылым және жазбаша жұмыс (1 сағат):
       • Талапкерлер таңдаған мамандықпен (Бизнес немесе Технологиялар) байланысты тақырыптағы 200-250 сөз көлемінде ағылшын тіліндегі мәтінді оқиды. Барлық мәтіндер B1 (Intermediate) деңгейіне сәйкес келеді.
       • Одан кейін талапкерлер эссе жазады, онда мәтінде қойылған сұрақтарға жауап береді және оған қатысты өз ойларын баяндайды.
       • Талапкер жазған эссе көлемі кем дегенде 250 сөз болуы тиіс.
       • Жазбаша сөз KELET дескрипторы бойынша бағаланады, келесідей параметрлерден тұрады: тапсырманы орындау сапасы мен дәрежесі (Task achievement), байланысу құралдарын, қисындылық және баяндау реттілігін пайдалану (Cohesion and Coherence), лексикалық және грамматикалық тәсілдерді қолдану (Lexis and Grammar) (Қосымшаны қараңыз).

    Ауызекі тіл:
       • Әрбір талапкер ұзақтығы 5-7 минуттық сұхбаттан өтеді. .
       • Сұхбат мәліметтері бойынша талапкерлер жалпы және жеке сипаттағы бірнеше сұраққа жауап беріп, ұзақтығы бір минуттық монолог сөзі мен өз пікірін білдіруді талап ететін пікірталас ретіндегі бірнеше сұраққа жауап беруі тиіс.    • Ауызекі тіл KELET дескрипторы бойынша бағаланады, келесідей параметрлерден тұрады: түсіну дәрежесі мен жауаптар сапасы (Comprehension and Response), сөзінің шапшаңдығы мен реттілігі (Fluency and Coherence), лексикалық және грамматикалық тәсілдерді қолдану (Lexis and Grammar) (Қосымшаны қараңыз).
       • Тыңдалым дағдылары талапкердің қойылған сұрақтарға жауабының негізінде бағаланады.
       • Барлық сұхбат мониторинг пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында магнитофонға жазылады.

    Нәтижелері:
    Талапкерлер оқылым/жазылым бойынша, әрі тестінің жазбаша бөлігі бойынша да 0-ден 6 балға дейінгі KELET шкаласы негізінде бағаланады. Талапкердің жалпы балы тестінің екі бөлігінен де балдың орташа арифметикалық санын көрсетеді.

    ҚБТУ-дағы ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханының талаптары:
    ҚБТУ-ға (АТФ, МжКҒББО, БМ факультеттеріне) түсу үшін талапкер KELET нәтижелері бойынша кем дегенде 2.5 балл, сонымен бірге тестінің бір бөлігінен кем дегенде 3 балл (IELTS шкаласы бойынша 4.5 деңгейіне сәйкес) алуы тиіс.

    KELET нәтижелері бойынша 2 балл алған талапкерлер тиісті факультеттер бойынша ҚБТУ-дың дайындық бағдарламасына қабылдана алады.

  • Тест тапсыру үшін тіркелу

    Талапкерлерге ағылшын тілі бойынша оқуға түсу тестілеуін тапсырғысы келетін күннен кем дегенде бір апта бұрын ҚБТУ сайтында тіркелу қажет болады. (Қажетті материалдарды дайындап үлгеруі үшін Ағылшын тілі секторы оқытушыларын хабардар етуіңізді өтінеміз).

    Тесті тапсырудың әрбір күніне ең көп дегенде 30 талапкер тіркеле алады.

    Тестілеу өткізу күндері тіркелген талапкерлердің жартысы жазылымды таңертең, ал айтылымды күннің екінші жартысында тапсыратын болады. Талапкерлердің келесі жартысы айтылымды таңертеңгі мезгілде, ал жазылымды – күннің келесі бөлігінде тапсыра алады.

    Талапкерлер оқуға түсу тестін ең көп дегенде 3 рет тапсыруға құқылы, бірақ алдыңғы тестілеуден өтуден кейін кем дегенде екі апта өткен соң ғана рұқсат етіледі.

    Барлық талапкерлер ағылшын тілі бойынша оқуға түсу тестілеуінің екі бөлігіне кеу барысында ресми жеке куәлігінің түпнұсқасын көрсетуге міндетті.