Қош келдіңіз ҚБТУ түсу
Докторантура
Қабылдау ережелері

Докторантураға қабылдау тапсырылатын емтиханның нәтижесіне байланысты конкурстық негізде жүзеге асады:

  • 1. шетел тілі бойынша (ағылшын тілі);
  • 2. мамандық бойынша

  • • Шетел тілі (ағылшын тілі) бойынша халықаралық тест тапсырғандығы жөніндегі сертификатқа ие Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілі бойынша емтиханнан босатылады.
    • Құжаттарды қабылдау алдындағы 15 күннен кем емес уақытта оқытылатын мамандықтардың атауымен Докторантураға қабылдау жөніндегі ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.
    • "Магистр" академиялық дәрежесі болуы тиіс.
    • Ғылыми жетістіктері (ғылыми басылымдар, баяндамалар және қатысқан халықаралық және республикалық конференциялар т.б.).
    • Құжаттарды қабылдап емтиханды ұйымдастыратын арнайы коммиссия құрылады. Қабылдау коммиссиясының төрағасы жоғарғы оқу орнының жетекшісі болып табылады.
    • Қабылдау коммиссиясының ұжымы жоғарғы оқу орнының жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі.

    ҚБТУ PhD докторантурасына қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі

    • Ұйым жетекшісінің атына өтініш (форма);
    • Нотариалды расталған білім құжаттарының көшірмесі (шетел азаматтарына: қазақ және орыс тілдеріне аударылған және нотариалды расталған диплом мен қосымша көшірмелері)
    • Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметі бар екендігін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
    • Жеке куәлік көшірмесі;
    • Ағылшын тілі бойынша халықаралық тест тапсырғандығы жөніндегі сертификат көшірмесі (Шетел тілі (ағылшын тілі) бойынша халықаралық тест тапсырғандығы жөніндегі сертификатқа ие Қазақстан Республикасының азаматтары докторантураға түсерде тапсыратын емтиханнан босатылады:
    - TOEFL ITP – 460 баллдан кем емес
    - TOEFL IBT – 87 баллдан кем емес
    - TOEFL– 560 баллдан кем емес
    - IELTS – 6.0-ден кем емес
    TOEFL и IELTS халықаралық емтихан сертификаттарының жарамдылық мерзімі емтиханды тапсырған күннен бастап 2 жыл).
    • Жоспарланып отырған диссертациялық зерттеудің болжамдалған отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен мақұлданған негіздемесі (ресiмдеуге арналған талаптар);
    • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
    • Отандық немесе шетелдік мұғалімдер мен зерттеушілерден екі ұсыныс хат
    • 086-У формалы медициналық құжат;
    • 3x4 сантиметр көлемінде 6 фото сурет

    Құжаттардың растығын тексеру мақсатында олардың көшірмелермен бірге түп нұсқалары да ұсынылуы тиіс. Тексеріп болған соң түпнұсқалар кері қайтарылады.
    Үміткерлер ғылыми зерттеуге деген дайындығы мен ғылыми әлеуетін анықтау мақсатында тиісті кафедраларда ауызша әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу қорытындысын докторантураға түсу кезінде қабылдау комиссиясы ескереді.
    Құжаттар мұқабада ұсынылуы тиіс.
    Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім кәсіпорнына оқуға қабылдаудың типтік ережелері

    Ескерту :
    «ҚБТУ» Докторантурасының бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережелері
    2013 жылдың 9 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Қабылдау емтиханы

Докторантураға түсемін деушілердің өтінішін қабылдау 10 шілде мен 30 шілде аралығында өтеді.
Докторантураға қабылдау емтиханы 10-20 тамыз аралығында өткізіледі, қабылдау 25 тамызға дейін

Шетел азаматтарынан басқа Қазақстан республикасының азаматы және азаматтығы жоқ талапкерлер қабылдау емтихандарын тапсырады:
• Шетел тілі бойынша (ағылшын тілі);
• мамандық бойынша

Докторантураға түсетін шетел азаматтары қабылдау емтихандарын тапсырады:
• Мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқытылатын тіл);
• мамандық бойынша