Қош келдіңіз ҚБТУ түсу
Медициналық қызмет

3.11.2000 ж. №№2.01.010.00 құжатымен бекітілген "Жоғары оқу орындарын санитарлық жабдықтау және қамтамасыз ету ережелері" бойынша ҚБТУ студенттеріне медициналық қызмет ету Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, Білім министрлігінің 25.08.1992 ж. №404/361 "Республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алушылар мен студенттерге медициналық-санитарлық көмек көрсетуді және тұрмыстық жағдайларын алдағы уақытта жақсарту шаралары туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚБТУ-дың медициналық пункті 2006 жылдың қаңтарынан бастап "ҚБТУ-дың медициналық бақылау және профилактика қызметі" болып аталады. Бұл құрылымдың бөлімшеде екі дәрігер және бір медбике жұмыс істейді.  
Университет ашылған уақытынан бастап жыл сайын "Қалалық студенттік поликлиника" мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнымен медициналық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалады.  
Медициналық бақылау және профилактика қызметі жылдық жұмыс жоспарын жасап, атқарған қызметі жөнінде Алмалы ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына бекітілген тәртіп бойынша есеп береді, бекітілген формалар бойынша медициналық тіркеу-есептік іс қағаздарын жүргізеді.

Мақсат:

Біздің мақсатымыз барлық пациенттеріміздің денсаулығын жақсарту үшін жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету болып табылады.

Персонал:

Бас дәрігер:  Кеулімжаева Ләззат Жеткергенқызы (Жоғары категориялы дәрігер)
Жалпы практика дәрігері:  Есенова Күләш Хайырболатқызы (Жоғары категориялы дәрігер)
Медбике: Карбозова Нұргүлсін Әбдірахманқызы (бірінші категориялы медбике)

Жұмыс уақыты:

МБжПҚ жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма – 8:00-ден 17:00-ге дейін
Түстік уақыты 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Демалыс және мейрам күндері шұғыл жағдайларда Алматы қалассының медициналық жедел жәрдем қызметіне "103" телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.

    • Жедел көмек
      • Профилактика және Дәрігерлік бақылау қызметі ( ПжДБҚ) медициналық жедел көмек көрсетеді. Кабинеттiң тұрған жерi және қызметтiң байланысу телефондарын еске сақтауларыңызды өтiнемiз.
      • Жұмыс уақытынан тыс кезде 103 телефонына хабарласыңыз.
    • Кеңес беру
      • Дәрiгерлiк кеңес беру оңаша түрде өтеді. Бірақ, сiздің оқуыңызға кедергі келтіретін маңызды ахуалдар табылса, дәрiгер деканатқа сiздiң ахуалыңыз туралы хабарлауға құқығы бар.
      • Кеңес беру кезінде дәрiгерiмен денсаулығыңыз жайлы мәселелерді талқылай аласыз.
    • Профилактикалық тексеру
      • Жыл сайын қыркүйектің басында жоспарлы түрде барлық студенттерге денсаулық жағдайына байланысты топқа бөліп және дене шынықтыру сабағына баратын топқа бөліп дәрігерлік тексеру өткізiледi.. Барлық студенттерге антропометриялық зерттеулер (бойы, дене салмағы, кеуде қуысының дем алуы, дем шығаруы, үзiлiсі, спирометрия), клиникалық қан зерттеулер, функционалдық көрсеткіштер және тағы басқа зерттеулер жүргiзiледi. Студенттердi тексеру нәтижелері студенттiң дәрiгерлiк карталарына толтырылады. Өткiзiлген тексеру нәтижесімен студенттердiң денсаулық жағдайын ескере отырып, дене төрбиесімен айналыса алатын топтар анықталады, сонымен бiрге емдiк алдын алу шараларын өткiзу туралы ұсыныстар берiледi. 
    • ФГ
      • Студенттердi флюорографиялық тексеруден өткізу жылына бір рет мiндеттi түрде жүргiзiледi. ФГ тексеруден өту КБТУдың барлық студенттерi үшiн міндетті болып табылады.
    • Дәрігерлік анықтамалар
      • Дәрiгерлiк анықтама уақыты өткен жағдайда жазылмайды. Дәрiгер студентке дәрiгерлiк анықтаманы студенттiң қаралуға келген күнінен бастап беруге құқығы бар.
      • Дәрiгерлiк анықтамалар тұрғылықты мекен- жай емханаларында, жеке емханаларда, қалалық студенттер емханасында, шұғыл көмек бөлімшелерінде жазып бере алады.   
      • ПжДБҚ студенттiң уақытша еңбек етуге жарамсыздығы туралы анықтаманы қатаң түрде №095У формасы бойынша қабылдайды және растайды. ПжДБҚ басқа медициналық мекемелер үшін анықтама бермейді.
    • Жедел көмек
      • Профилактика және Дәрігерлік бақылау қызметі ( ПжДБҚ) дәрігерлік жедел көмек көрсетеді. Кабинеттiң тұрған жерi және қызметтiң байланыс телефондарын еске сақтауларыңызды өтiнемiз.
      • Жұмыс уақытынан тыс кезде 103 телефонына немесе сақтандыру полюсінде көрсетілген телефонға хабарласыңыз.
    • Кеңес беру
      • Дәрiгерлiк кеңес беру оңаша түрде өтеді. Бірақ, қажетті жағдайда, сiздің қызметіңізге кедергі келтіретін маңызды ахуалдар табылса, дәрiгер басшылыққа сiздiң ахуалыңыз туралы хабарлауға құқығы бар.
      • Кеңес беру кезінде дәрiгерiмен денсаулығыңыз жайлы мәселелерді талқылай аласыз.
      • ПжДБҚ еңбекке жарамсыздық қағазын беруге құқығы жоқ. Оны сіздер тұрғылықты мекен жай емханасынан немесе сақтандыру полюсінен аласыздар.
    • ФГ
      • Қызметкерлерді флюорографиялық тексеруден өткізу жылына бір рет мiндеттi түрде жүргiзiледi. ФГ тексеруден өту ҚБТУдың барлық қызметкерлері үшiн міндетті болып табылады..

Байланысу:

Кеулимжаева Ляззат Жеткергеновна
Бас дәрігер
phone +7 (727) 373-97-62
phone338 (ішкі)
stay_current_portrait+7 (701) 767-61-34
Есенова Куляш Хаирбулатовна
Жалпы тәжірбие дәрігері
phone +7 (727) 376-36-74
phone338 (ішкі)
stay_current_portrait +7 (701) 767-61-34
Карбозова Нургульсин Абдрахмановна
Мейірбике
phone +7 (727) 272-05-63
phone338 (ішкі)
stay_current_portrait+7 (705) 666-68-88