Қош келдіңіз ҚБТУ түсу
Шетелдік азаматтарға
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметімен 28.01.2000ж. № 196 бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР-на келуі және тұруы, сондай-ақ ҚР-нан кетуі ережесі» негізінде дайындалған және бекітілген.
1. Алыс шетелден келген студент/ магистрант
ҚР территориясына «ҚБТУ» АҚ Шетелдік мамандармен жұмысы жөніндегі сектордан (ары қарай – Сектор, офис 503) сәйкес шақырту алғанннан кейін ғана келуге құқылы. Ол үшін білім алушы алғашқы оқу визасын алу мақсатында шақырту – хат формасын толтырады да, ҚР Сыртқы істер министрлігінде тіркеу нөмірін рәсімдеу үшін Секторға жібереді (рәсімдеу ұзақтығы 15 жұмыс күніне дейін).
2. Шетелдік студент/ магистрант:
  1. Алматыға келген алғашқы күні өзінің құқықтары мен міндеттерімен танысу үшін Шетелдік мамандармен жұмысы жөніндегі Секторға келуге міндетті.
  2. Алматыға келген күні (немесе келесі күні) Секторға Алматы қ. МПБда төлқұжатын тіркеуден өткізу және есепке тұру үшін келесідей құжаттарды Секторға өткізуі тиіс:
    • а) төлқұжат түпнұсқасы (немесе ҚР тұру қағазын (болған жағдайда);
    • б) 3х4 үш фотосуреті;
    • в) ЖИТС (СПИД) – анықтамасы (1 ай ішінде жарамды);
    • г) СжМҮ-нен тұратындығы жөнінде анықтама;
    • д) Бүкіл дүниежүзілік Қазақтар Ассоциациясынан анықтама (оралмандар үшін);
    • е) Пәтер жалдап тұрған жағдайда , пәтер иесінің құжаттарның көшірмесі (жеке куәлік / төлқұжат, үй кітапшасы, жалға алу келісімі, тұруға нотариалдық рұқсат қағазы).
  3. Өзі туралы байланыс мәліметтерін ұсынады, атап айтқанда: тұратын мекен-жайы, үй және ұялы телефоны, e-mail;
  4. Мекен-жайы немесе байланыс мәліметтері өзгерген жағдайда дер кезінде Секторға хабарлап отырады;
  5. төлқұжатын Секторға төмендегі мерзімдерге дейін өткізеді:
    • - 01 қыркүйек - оқу жылына төлқұжаттық тіркеуге тұру үшін;
    • алыс шетелден келген білім алушылар үшін:
    • - 01 желтоқсанға дейін - қысқы каникулға кету визасын алу үшін;
    • - 15 мамырға дейін - жазғы каникулға кету визасын алу үшін;
    • - ауруы бойынша кету қажеттілігі туған жағдайда белгіленген кету датасынан 10 жұмыс күні бұрын.
3. Шетелдік студент/ магистрант:
  1. өзінің ұлттық төлқұжатының әрекет ету мерзімін ұзарту туралы;
  2. төлқұжатын жоғалтып алған жағдайда, оны қалпына келтіру туралы;
  3. СТН рәсімдеу жөнінде;
  4. Қазақстан Республикасында тұруды рәсімдеу жөнінде (қажет болған жағдайда);
  5. Қазақстан Республикасы азаматтығын рәсімдеу жөнінде (қажет болған жағдайда) өзі уақытылы әрекет етіп отыруы тиіс.
4. Шетелдік студент/ магистрантитың есіне:
  1. Алматы қаласының Миграциялық полиция басқармасында шетелдік студенттер төлқұжаттарын қабылдау күні: сейсенбі, жұма (10.00-12.00);
  2. ҚР-нан шығуға (Алыс шетел студенттері үшін) қазақстандық виза бір жыл ішінде үш рет берілуі мүмкін: қысқы және жазғы каникул кезеңдерінде, ауруы себепті Алматы қаласының Қалалық студенттер емханасынан сәйкес 095У форма-анықтамасын міндетті түрде әкелген жағдайда;
  3. Білім алушы ҚР заңнамаларын және/ немесе осы Ережені бұзған жағдайда материалдық жауапкершілік (айыппұл санкцияларын төлеуді) арқалайды.
  4. ҚР территориясында болуына байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады.