Қош келдіңіз logo Digital Academy

ҚБТУ Digital Academy  3 бөлімшіліктен тұрады:
Докторлық бағдарламаларды мониторингілеу секторы - ҚР ҒжБМ, қалалық статистика комитетіне есеп дайындайды, "Платонус" автоматтандыр ...

Факультет басымдылығы
ҚБТУ Академиясы 3 бөлімшені қамтиды
Магистранттардың жалпы саны - 176 адам
Олардың ішінде "Сандық медиа технологиялар" және "Қолданбалы бағдарламамен қамсыздандыру" бағдарламалары бойынша студенттер саны - 44
Докторанттардың жалпы саны-51 адам
Факультеті бағдарламасы Оқытушылар құрамы
Манжит Сингх
Профессор
Махеш Кумар
Сениор-дәрісші
Факультет жаңалықтары
newyork film academy in kbtu
ЦИФРОВОЙ АПРЕЛЬ...
18 наурыз
icon Digital Academy
digital academy of kbtu
Курсы по 3D моделированию...
07 наурыз
icon Digital Academy
programer
Какие программисты будут востребованы через 10 лет...
30 қараша
icon Digital Academy

Сандық медиа технологиялар

Сандық медиа технологиялар бүгінде болашағы зор қызмет салаларының бірі ретінде танылады. "Сандық медиа технологиялар" - Қазақстанда 3D-модельдеу, компьютерлік графика және анимация саласында сапалы және көлемді білім ұсынатын жалғыз бағдарлама.
Біздің компьютерлік графика мектебіне түскеннен кейін Сізде озық сандық медиа технологияларды барлық жағынан зерделеп, зерттеудің бірегей мүмкіндігі туады. ҚБТУ-да "Сандық медиа технологиялар" бағыты бойынша мамандар дайындайтын Визуалды өнер зертханасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама модульдік тип бойынша құрылады (әр модульдің ұзақтығы 2-3 аптаны құрайды, содан кейін студенттер топтық немесе жеке тапсырмалар түрінде қорытынды емтихан тапсырады); таңдаған саласында практикалық дағдыларды және тәжірибені алуға бағытталған (Digital Academy магистранттары Қазақстанда шынайы жобаларға және түсірілімдерге қатысады); ағылшын тілінде оқытылады (бұл кейіннен түлектерге шетелдік компанияларға жұмысқа орналасуларына мүмкіндік береді). Компьютерлік графика курсы Алматыда өтеді және мерзімі 1,5 жыл (4 академиялық семестр). Сондай-ақ, әрине, ҚБТУ-дағы кез келген басқа бағдарлама сияқты бұл бағдарлама да бірегей болып табылады және үздік оқытушылар жүргізеді.

"Сандық медиа технологиялар" магистрлік бағдарламасын бітірген магистранттар не біледі және не істей алады?

Сандық медиа технологиялар студенттерге 3D-модельдеу, графика және анимация саласы бойынша озық практикалық білім береді. Соңында магистрлер: кез келген күрделі 3D модельдері мен анимацияны құра алады; жетекші шетелдік сарапшылардың тренингтері мен семинарларынан баға жетпес білімге ие болады; шынайы фильмдер, бейнероликтер, жарнама түсіріліміне қатысады. Халықаралық үлгідегі диплом мен көптеген пайдалы байланыстарды айтпағанның өзінде "Сандық медиа технологиялар" магистрлік бағдарламасы білім алушыларға тамаша мансап құру үшін қажетті құралдар мен дағдылардың «толық» топтамасын береді.

ҚБТУ-дағы компьютерлік графикада оқу үшін ішкі грантқа қол жеткізуге мүмкіндік бар ма?

Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде компьютерлік графиканы оқу – ақылы. Алайда, біз әр жыл сайын конкурстың шарттарын орындайтын кез-келген дарынды талапкер ала алатын гранттар бөліп отырмыз. Толығырақ білу үшін, қызықтырған сұрақтарға жауап алу немесе курстарға тіркелу үшін онлайн түрде немесе біздің сайтта көрсетілген телефон нөміріне хабарласу арқылы жазылуға болады.