Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Тіркеу кеңсесі

Жалпы ережелер

Офис Регистратор (әрі қарай - ОР) "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ (әрі қарай - ҚБТУ немесе университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, миссиясы әр студентке жеке қарым-қатынас жасау арқылы ҚБТУ білім беру қызметін алға жылжыту. ОР қызметінің стратегиялық мақсаты қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету. ОР жетекші басқарады, ол ҚБТУ Ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

ОР өз қызметінде төмендегілерді басшылыққа алады:
- "ҚБТУ" АҚ сапа саласындағы Саясаты мен Мақсаттары;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;
-"ҚБТУ" АҚ Жарғысы;
- "ҚБТУ" АҚ сапа бойынша нұсқаулығы мен университеттің сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) басқа да нормативті құжаттары;
- ҚБТУ бойынша бұйрықтар мен өкімдер;
- "ҚБТУ" АҚ Оқытудың кредиттік технологиясының ережелері;
- Осы Ереже және ҚБТУ басқа да ішкі құжаттары.

ОР жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.


Негізгі міндеттер

ҚБТУ оқу-әдістемелік үдерісін ұйымдастыру бойынша деканаттар мен кафедраларға көмек көрсету. Оқытудың жаңа әдістері мен ғылымның жетістіктерін жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқыту тәжірибесіне интеграциялау бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу жолымен оқытушылардың кәсіби және әдістемелік құзіреттілігін дамыту. Талапкерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру. Тұлғаның толыққанды дамуына жағдай жасау және оны әлеуметтік-психологиялық қолдау, білім алушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға көмек көрсету. Студенттерді оқытуға әлеуетті тапсырыс берушілер – мұнай-газ компаниялары, қаржылық және басқа да ұйымдар, ҚБТУ түлектеріне жұмыс берушілермен қарым-қатынас орнату. Мемлекеттік білім беру гранттары және компаниялар мен ұйымдар анықтайтын гранттар бойынша бос орындарды бөлу және қайта бөлу. Практикаларды ұйымдастыру мен түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету. ҚБТУ ақпараттық-имидждік және жарнамалық қызметін жетілдіру мақсатында іскер әріптестермен, консультанттармен және басқа да мүдделі тұлғалармен байланыс пен әріптестік орнату. "ҚБТУ" АҚ сапа саласындағы Саясаты мен Мақсаттарын жүзеге асыру.


Офис Регистратордың қызметтері
ОР келесідей қызметтерді орындайды:

ОР қызметінің мәселелері бойынша ҚБТУ нормативті құжаттарының жобасын дайындайды. ОР қызметінің мәселелері бойынша есеп, хаттар, қорытындылар, басқа да ақпаратты дайындайды. ОР қызмет бойынша жыл сайынғы жұмыстар жоспары мен есептер дайындайды, оларды бекітілген тәртіпте бекітуге ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚБТУ ішкі құжаттарында қарастырылған басқа да қызметтерді орындайды.


Әдістемелік жұмыс жөніндегі сектор:

Кафедраларға (факультеттерге) бакалавриат үшін әдістемелік материалдарды дайындау бойынша (силлабустар, ПОӘК, міндетті және таңдау пәндерінің сипаттамасы және т.б.) әдістемелік көмек көрсетеді, ҚБТУ мамандықтарын ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен (МЖБС) қамтамасыз етеді. Кафедралардың басылым жоспарын дайындау және орындау бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады. ҚБТУ Оқу-әдістемелік Кеңесінің қызметін ұйымдастырады.


Студенттерді тіркеу секторы:

Cеместрдегі пәндерге тіркелуді және студенттердің сабақ кестесінің жасалуын бақылауды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке оқу жоспарларына қол қоюын қадағалауды жүзеге асырады. Студенттің Университеттегі жеке және академиялық көрсеткіштері туралы ақпаратты дайындайды. Орташа өлшемді бағаның есептелуін (GPA) бақылауды жүзеге асырады. «Студенттер» тіркеу мәліметтер базасын қадағалайды. Университет қызметкерлеріне бағдарламалық қамсыздандыру және «Офис Регистратор» автоматтандырылған жүйесіндегі ақпаратпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, ҚБТУ IT Департаментімен «Офис Регистратор» автоматтандырылған жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша қарым-қатынас жасайды. Cессия нәтижелері бойынша емтихан ведомостарын жинауды жүзеге асырады. Емтихан сессияларының қорытындысын жалпылайды, емтихан сессияларының қорытындысы бойынша №34 формадағы университеттік есеп дайындап, ҚР БжҒМ жолдайды. Оқу түрі мен бөлімдері бойынша студенттер контингентінің есебін жүргізеді. Есептер дайындап (оперативті және 3-НК жиынтық есеп), білім алушылар контингенті туралы ҚР БжҒМ тиісті анықтамалық ақпаратты ұсынады. Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша босаған орындар есебін жүргізеді. «I» бағасын алған студенттердің емтихан сессиясының өткізілуін қадағалайды.

Академиялық мәселелер жөніндегі сектор:

Деканаттар және кафедралармен бірлесе отырып, ҚБТУ оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлайды. Академиялық күнтізбелерді үйлестіру мен уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқытудың кредиттік технологиясының Ережелерінде бекітілген нормаларға сәйкес оқытушылардың оқу жүктемесін жоспарлауы мен орындауын қадағалайды. Университеттің аудиториялық және зертханалық қорының есебін жүргізеді. Білім алушыларға сабақ, емтихан, офис-сағат, өздік жұмыстарын өткізу үшін университеттің аудиториялық және зертханалық қорын бөледі. Бос аудиторияларды тапсырыстар бойынша жедел әрі бір реттік пайдалануға беруді жүзеге асырады. Бакалавриаттың сабақ кестесін дайындайды. Кафедралардың оқу жүктемесінің есебі мен осы жүктеменің оқытушы-профессорлар құрамының арасында дұрыс бөлінуін тексереді. Кафедралардың оқу жүктемесінің іс жүзінде орындалуын тексереді. Магистранттарға сабақ өткізу үшін аудиторияларды бөледі. Пәндерге студенттердің тіркелуі туралы кафедраларды хабардар етеді. Аdd/drop кезеңінде өтінім бойынша студенттердің тіркелуіне түзетулер енгізеді. Бакалавриаттың емтихан кестесін дайындайды. Мемлекеттік емтихандар өткізу және мамандықтар бойынша Мемлекеттік аттестациялық комиссияның жұмысы үшін аудиторияларды бөледі. ОР мәліметтер базасында бакалавриатта сабақ жүргізетін ОПҚ туралы мәліметтерді түзетеді. Аудиториялардағы мультимедиялық құрылғылардың жарамдылығын мониторингілеуді жүзеге асырады.


Түлектер мансабы секторы:

Университеттегі мамандықтар бейіні бойынша түлектердің практикадан өту, компанияның өндірістік базасында басқа да тағылымдамадан өту мен жұмысқа тұруын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорындарды іздеу және байланыс орнатуды жүзеге асырады. Факультеттермен бірлесе отырып практикадан өту базасы болып табылатын компаниялармен келісімшарт бекіту бойынша (соның ішінде ұзақ мерзімді) келіссөздер жүргізеді және басқа да қажетті жұмыстарды орындайды. Бітіртуші кафедралар және университеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, "Өз мансабыңды дамыту стратегиясы" тақырыбына арналған дәрістер, семинарлар мен тренингтар өткізеді және ұйымдастырады. ҚБТУ студенттерінің кәсіби практикасын ұйымдастыру мәселелері бойынша факультеттермен бірлесе отырып, ҚБТУ базасында кәсіпорындар мен ұйымдардың тұсаукесерін, басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Студенттер мен түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша ҚБТУ базасында тұсаукесерлер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді («Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» және басқ.), осындай іс-шараларға Университеттің мамандану бейініне сәйкес келетін кәсіпорындар мен ұйымдарды жұмылдыру бойынша жұмыс жүргізеді. Түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша Университеттің мамандар даярлау бейініне сәйкес келетін кәсіпорындар және ұйымдармен байланыс орнатады әрі өзара әрекеттестікті жүзеге асырады, факультеттермен бірлесе отырып ҚБТУ түлектері мен компаниялар арасында жұмыспен қамту туралы келісімшарт бекіту бойынша жұмыс жүргізеді. Сектор жұмысының мәселелері бойынша әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында факультеттермен бірлесе отырып, демеуші компаниялар өткізетін тұсаукесерлерге қатысады. ҚБТУ түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша консалтингтік компаниялар және рекрутингтік агенттіктермен бірге жұмыс істейді. Ірі өнеркәсіптік, мұнай және қаржылық кәсіпорындар сияқты демеуші компанияларды іздеуді жүзеге асырады, қарым-қатынас орнатады, ҚБТУ студенттеріне стипендиялық гранттар, оқу ақысын толық/жартылай төлеу, Атаулы стипендиялар тағайындау түрінде қаржылай көмек көрсету бойынша өзара қарым-қатынасты іске асырады. Компаниялармен демеушілік (мақсатты) қаражатты бөлу мәселесі бойынша жұмыс жүргізеді: ҚБТУ студенттеріне компаниялардың оқу гранттарын ұсыну, стипендия төлеуге арналған қаражат (стипендиялық гранттар) және т.с.с. Оқу төлемі бойынша жеңілдіктер беру, стипендиялар тағайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Көрсетілген мәселелерді шешу бойынша басқа комиссиялардың жұмысына қатысады. Стипендия тағайындау Комиссиясына арналған мәліметтерді дайындауға қатысты іс-шаралар жүргізеді: ұсыныстар, ҚБТУ студенттеріне демеуші компаниялардың стипендиясын тағайындау және іріктеу. ҚБТУ студенттерін ҚР БжҒМ мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстыру мәселелерін қарастырады. Студенттермен және тапсырыс беруші компаниялармен ҚБТУ-да оқыту бойынша келісімшарт бекіту, келісімшарттарды тіркеу және БЕжЕД сақтауға беру жұмыстарын орындайды.


Мәліметтер базасы секторы:

Бакалавриат бойынша автоматтандырылған «Офис Регистратор» жүйесінің МБ деректер енгізуді жүзеге асырады. Студенттердің семестр пәндеріне тіркелу қорытындысын жинақтап, талдауды орындайды. ОР базасынан студенттер, оқытушылар туралы ақпаратты факультеттерге ұсынады. Студенттердің жеке іс-парақтарын қабылдау, сақтау және жүргізуді жүзеге асырады. Студенттер контингентінің қозғалысы бойынша бұйрықтар дайындайды. Қатаң есептіліктегі құжаттар бланкісімен қамтамасыз етеді (диплом бланкісі, академиялық анықтамалар, дипломға қосымша және т.с.с.). Мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкісін қабылдау, сақтау мен берілуін мониторингілеуді іске асырады (диплом бланкісі, академиялық анықтамалар, дипломға қосымша және т.с.с.)


Медициналық бақылау және профилактика қызметі

Жыл сайын білім алушылардың профилактикалық медициналық тексерісін ұйымдастырады және өткізеді, осы тексерістердің қорытындылары бойынша емдеу-сауықтыру шараларын дайындау мен жүзеге асыруға қатысады, диеталық тамақтануға мұқтаж білім алушыларды анықтайды. Оқу үдерісінің шарттарын жақсарту, өндірістік практика, ауру-сырқаулықты азайту, білім алушылар арасында жарақаттанушылық пен мүгедектікті ескерту бойынша шаралардың кешенді жоспарын дайындайды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар, профилактикалық екпелер жасайды, жұқпалы ауруларды анықтайды және оқшауландырады, жұқпалы аурумен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған тұлғаларды, реконвалесценттарды бақылайды, санитарлық-эпидемиялық бақылау органдарын белгіленген тәртіпте дер кезінде хабардар етеді. Кафедралар, факультет деканаттары және тәрбие жұмысы жөніндегі сектормен бірлесе отырып, білім алушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізеді. Білім алушыларға зардап шеккендерге біріншілік медициналық көмек көрсету әдістерін үйрету бойынша іс-шаралар өткізеді.


Офис Регистратордың өкілеттігі

ОР жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажет құжаттар мен материалдарды ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінен сұраныс жасау арқылы алу. ҚБТУ басшылығымен келісе отырып, ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін жүктелген мәндеттерге сәйкес ОР ұйымдастыратын іс-шараларды дайындау мен өткізуге жұмылдырады. ОР қызметінің мәселелері бойынша бейіндік конференциялар, семинарлар мен университет кеңесіне қатысады. ҚБТУ бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша ҚБТУ басшылығына ұсыныстар жасайды. Қажет болған жағдайда жұмыс жиналыстарын өткізу, ОР құзіреттілігіне қатысты мәселелер бойынша жұмыс топтарын ұйымдастырады, ОР қызметінің мәселелері бойынша университетте өткізілетін басқа да жиындарға, жұмыс топтарына қатысады. ҚБТУ мамандану бағытына сәйкес қойылған мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар, МЕҰ кәсіби байланыс орнату; ОР құзіреттілігінің аясында осы Ережеде, басқа да нормативті құжаттар мен "ҚБТУ" АҚ басқару органдарының шешімдерімен анықталған басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру.


Офис Регистратордың жауапкершілігі

Офис Регистратор осы Ережеде қарастырылған міндеттер мен қызметтерді тиісті деңгейде орындауға жауапты, соның ішінде:
- сапалы әрі дер кезінде орындау;
- ұсынылған құзіреттіліктерді толық және дұрыс қолдану;
- МСЖ сапа мен талаптар саласындағы міндеттемелерді орындау;
- жүктелген қызметтердің орындалу барысы туралы университет басшылығын уақтылы хабарландыру.


Басқа құрылымдық бөлімшелермен бірге жұмыс жасау

ОР өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
өз құзіреттілігі аясында ҚБТУ басқа да құрылымдық бөлімшелері, еншілес ұйымдар және серіктестермен, демеушілер мен грант ұсынушы ұйымдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен заңды тұлғалармен өзара жұмыс жасайды;

Сабанбаев Мухтар Мырзаханович
Жетекшісі
phone +7 (727) 272-16-54 (467)
email sabanbayev.mukhtar@gmail.com
home 249 каб.
Панабеккызы Береке
Жетекші орынбасары
phone +7 (727) 250-39-61 (526)
email b.panabekkyzy@kbtu.kz
home 149 каб.