Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Маркетинг қызметі

Жалпы ережелер

Халықаралық байланыстар және маркетинг қызметі "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – ҚБТУ немесе Университет).
Халықаралық байланыстар және маркетинг қызметінің басшысы ҚБТУ Ректоры бұйрығымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
Өз қызметінде ХБжМҚ жоғары оқудан кейінгі білім және халықаралық жобалар жөніндегі Проректор Ю. В. Локтионовқа бағынады.
Өз қызметінде ХБжМҚ басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
- ҚБТУ Жарғысын;
- ҚБТУ органдарының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін;
- "ҚБТУ" АҚ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын, ҚБТУ сапа менеджменті жүйесінің өзге де құжаттарын;
- ҚБТУ-дың кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесінің (КҚжДМЖ) құжаттарын;
- ХБжМҚ туралы ережесін, өзге де ҚБТУ-дың ішкі құжаттарын.
Негізгі міндеттері
ХБжМҚ алдында мынадай міндеттер қойылады:
Университет қызметі, білім беру бағдарламалары және университеттің басымдықтары туралы халықты хабардар ету.
ҚБТУ-да оқуға барынша көп мақсатты аудиторияны тарту.
Университеттің бәсекелестік артықшылықтарын көрсететін ҚБТУ-дың оң имиджін құру.
Қызметтері
ХБжМҚ мынадай қызметтерді атқарады:
Рекрутинг және маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
ҚБТУ және факультеттер туралы жарнамалық сипаттағы баспа және видео-материалдар әзірлейді.
Бюджетті құрайды және жылдық жарнамалық акциялар бойынша медиа-жоспар дайындайды.
Сыртқы жарнаманы, БАҚ-тағы жарнаманы және ЖОО-ның интернет-жарнамасын орналастырады.
Университеттің ресми парақшасының және пабликтің әлеуметтік желілерде және корпоративтік блогте контентін толтыруды бақылауды жүзеге асырады.
ЖОО-ның веб-сайтында орналастыру үшін ақпарат береді және оның жылжытуды жүзеге асырады
ХБжМҚ қызметінің мәселелері бойынша ҚБТУ-дың нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу, оларды белгіленген тәртіпте бекіту.
ХБжМҚ қызметінің мәселелері бойынша есеп, хаттар, қорытындылар, өзге де ақпарат дайындау.
Департамент қызметі бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспарын және есептер әзірлеу, оларды белгіленген тәртіпте бекіту үшін ұсыну.
ҚР заңнамасымен және ҚБТУ-дың нормативтік актілерімен көзделген өзге де қызметтерді атқару.
Өкілеттіктері
ХБжМҚ құқылы:
ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінен Департамент өз қызметтері және өкілеттігін іске асыруды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға.
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен Департамент құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасауға.
Департамент жұмысының ұйымдастыру тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жетекшілік ететін проректорға ұсыныстар енгізуге.
Жауапкершілік
ХБжМҚ осы Ережемен қарастырылған міндеттерді және қызметтерді атқаруға жауапты, соның ішінде:
- оларды сапалы және уақытылы орындау;
- берілген өкілеттіктерді дұрыс және толық пайдалану,
- сапа саласындағы, СМЖ және (КҚжДМЖ) құжаттама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау;
- Университет басшылығын жүктелген қызметтердің орындалу барысы туралы уақтылы хабарландыру.
Басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттестік
ХБжМҚ өз қызметін жүзеге асыру барысында:
- басқа да университеттің құрылымдық бөлімшелерімен қызметтік өзара қарым-қатынас жүргізеді, олармен қажетті ақпарат алмасады;
- мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, университеттің лауазымды тұлғаларымен Департаменттің қызметі мәселелері бойынша дайындалатын нормативтік құжаттардың жобаларын келіседі;
- Университеттің басшылығымен келісім бойынша ҚБТУ құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерін Департамент өткізетін және өзге де құрылымдық бөлімшелері қатысуы талап етілетін іс-шараларды жүзеге асыруға тартады.

Мукашева Инна Юрьевна
Жетекші
phone +7 (727) 266-34-51 (425)
email mukochi777@gmail.com
home 358 каб.