Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Қазақстан-Британ бәсекелестік орталығы

Жалпы ережелері

Қазақстан-Британ бәсекеге қабілеттілік орталығы (ары қарай - орталық) «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» (ары қарай – ҚБТУ немесе Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталық директорын ҚБТУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады. Қызметі жағынан Орталық ЖОО-дан кейінгі білім беру және халықаралық жобалар жөніндегі Проректорға бағынады.

Өз қызметінде Орталық мыналарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы;
- ҚБТУ Жарғысы; - ҚБТУ органдарының бұйрықтары, өкімдері, шешімдері; - «ҚБТУ» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттар, ҚБТУ сапа менеджменті жүйесінің өзге де құжаттары;
- ҚБТУ кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесінің құжаттары;
- Орталық туралы Ереже, ҚБТУ-дың өзге де ішкі құжаттары.

ҚББҚО-ның орыс тіліндегі толық атауы языке «Казахстанско-Британский центр конкурентоспособности», қысқарған атауы – КБЦК; ағылшын тіллінде – «Kazakh-British Centre for Competitiveness», қысқарған атауы – KBCC.

Негізгі мақсаттары

Орталық алдына төмендегідей мақсаттар қойылады:
Бірінші кезекте - бәсекеге қабілеттілікке, жергілікті контентті дамытуға, бұлттағы есептеуге және Қазақстанды дамыту бойынша негізгі мәселелер болып табылатын энергетикалық құндылық пен кәсіпкерлік тізбегінде және ICT арқылы білім беретін басқа да жолдарын жұмылдыратын интеллектуалдық жобаны алға жылжыту. Серпіні - Қазақстандағы бәсекеге қабілеттілікті дамытуды қолдайтын зерттеу бағдарламасын анықтау, дамыту және өзектілендіру. Зерттеу, білім беру мен кеңес беруді қамтамасыз ету арқылы Қазақстандағы бәсекеге қабілеттіліктің ұстанымдарын алға жылжытатын зерттеу әлеуетін құру. Қазақстандағы бәсекеге қабілеттілікті дамытуды қолдауды қамтамасыз етуге арналған білім беру және тренингтік бағдарламалар мен жобаларды ендіру. Білім беру топтары мен ұйымдар, компаниялар мен үкіметтік және үкіметтік емес мекемелер және бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге арналған сан салалы агенттіктермен ынтымақтастық. Зерттеу, оқыту, бизнес және қоғам арасында синергия қалыптастыру. Бәсекеге қабілеттілікті саласында ғылыми және білім беру жұмыстарын ұсыну. .

Қызметі

Орталық төмендегідей қызметтерді атқарады:
Бәсекеге қабілеттілік желісін құру; бизнес және қоғамның білім беру бағдарламасын жүзеге асыру; ҚБТУ-дың басшылық лауазымындағы қызметкерлердің кәсіби дамуына атсалысу; бәсекеге қабілеттіліктің ақпараттық орталығын дамыту; кәсіпкерлік және инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру; ұйымдарға бизнес-консалтинг қызметтерін ұсыну; қызығушылық танытқан ұйымдарға топ-менеджмент кәсіби даму бағдарламасы арқылы зерттеу және кеңесшілерді оқыту бойынша семинарлар өткізу. Қазақстанға арналған жаңа әлемдік экономикада көшбасшылар мен сарапшылардың оқу және тренинг жүргізу және оны анықтау үшін электрондық көшбасшылық және электрондық біліктілік шеңберін дамыту. Бәсекеге қабілеттілік, кәсіпкерлік және технологияларды өзара байланыстыруға шоғырландыру арқылы оқу жоспары мен магистрлік бағдарламаларды әзірлеу. Академиялық ынтымақтастық бойынша университет пен отандық және шетелдік университеттермен, ұйымдармен ынтымақтастық орнату. Университеттің халықаралық қызметінде басым және болашағы бар бағдарламалардың стратегиялық мәселелерін анықтау . ҚБТУ-да дәрістер, шеберлік сыныптар және қысқа мерзімді курстар жүргізуге шетелдік жоо-дан оқытушылар мен лекторларды тартуға атсалысу. Халықаралық ынтымақтастық саласында келісімдер дайындау, қол қою және жүзеге асыру бойынша ҚБТУ жұмыстарын үйлестіру. Интернационалдандыру мен ішкі академиялық ұтқырлықты арттыру үдерісін күшейту жөніндегі жұмыс жоспарларын жүзеге асыру бойынша ҚБТУ факультеттері мен мектептерін үйлестіру. Халықаралық іс-шаралар, конференциялар мен ресми сапарларды ұйымдастыру. Халықаралық рейтингтерде университеттің қатысуын қамтамасыз ету. Қазақстандағы жаңа компанияларды дамытуға қажетті байланыс қалыптастыру үшін кәсіпкерлер, бизнесмендер, ғалымдар мен студенттерге арналған ортақ алаң құру. Инновациялық жобаларды коммерциаландыру саласындағы студенттердің сауаттылығын арттыру. Орталық қызметі мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу, белгіленген тәртіп бойынша оларды бекітуге шығару. Орталық қызметінің мәселелері бойынша есептілік, хаттар, шешімдер, өзге де ақпараттарды дайындау. Орталық қызметінің мәселелері бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспарлары мен есептерін әзірлеу, белгіленген тәртіп бойынша оларды бекітуге шығару. ҚР заңнамасы мен ҚБТУ нормативтік актілерінде қарастырылған өзге де қызметтерді орындау.

Өкілеттік

Орталықтың құқығы бар:
ҚБТУ-дың құрылымдық бөлімшелерінен Орталықтың өз қызметі мен өкілеттігін орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттарды сұратуға және алу. Орталықтың құзыретіне қатысты шеттегі ұйымдармен құзырет аясында өзара әрекет ету. Орталықтың жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі проректорға ұсыныс жасау. Келесі бағыттар бойынша университет атынан халықаралық қызметке бастамашылық ету және жүзеге асыру:
- шетелдік ұйымдар мен жоо-ға оқытушылар мен студенттерді қысқа және ұзақ мерзімді іссапарларға жіберу;
- барлық деңгейдегі білім алушыларға дәріс оқу үшін шетелдік мамандарды шақыру;
- шетелдік жоо-мен ғылыми байланыс орнату;
- ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде білім алушы ретінде шетелдік жоо студенттерін оқуға қабылдау;
- шетелдік жоо-мен түрлі деңгейдегі оқу бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
- халықаралық ынтымақтастық саласында кез келген қызметті жүзеге асыру.

Жауапкершілік

Орталық осы ережеде қарастырылған мақсаттар мен қызметтерді орындау үшін өзіне жауапкершілік жүктейді, соның ішінде:
-олардың сапасы мен уақытылы орындалуы;
- берілген өкілеттікті пайдалану дұрыстығы мен толықтығы;
- сапа саласындағы міндеттемелерді, СМК және СМПБиЗ құжаттамаларының талаптарын орындау;
- жүктелген қызметтердің орындалу барысы туралы Университет басшылығына уақытылы хабарлау.

Эван Симпсон
Жетекші
phone +7 (727) 272-24-25 (501)
email es2almaty@gmail.com
home 457 каб.
Мухтарова Мадина
Бас менеджер
phone +7 (727) 266 34 51 (446)
email mukhtarovamadina92@gmail.com
home 357 каб.