Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Ақпараттық технологиялар департаменті

Жалпы ережелер

IT-инфрақұрылымды қолдау департаменті (ары қарай Департамент) «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ның (ары қарай ҚБТУ немесе Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент ақпараттық технологиялар саласында жұмыстар жүргізу үшін құрылған.
Департаментті ҚБТУ Ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалып және қызметтен босатылып отыратын Департамент директоры басқарады.
Департамент өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
- іс жүзіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы;
- университет Жарғысы;
- ҚБТУ ұйымдарының шешімдері, бұйрықтары, қаулылары; < br> - сапа бойынша «ҚБТУ» АҚ-ның Саясаты мен Мақсаттары, университеттің сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) басқа да нормативтік құжаттары;
- ҚБТУ кәсіби қауіпсіздігі мен денсаулығын басқару жүйесінің (КҚпДБЖ) құжаттары;
- ҚБТУ-дың қолданыстағы Ережесі мен басқа да ішкі құжаттары.


Негізгі мақсаты

Департамент алдына төмендегідей мақсаттар қойылады:
Ақпараттық технологиялар аясында ҚБТУ-дың стратегиясы мен саясатының дамуы.
ҚБТУ ақпараттық технологияларының жетекші ЖОО-ның заман талаптарына сәйкестігі бойынша жай-күйін бағалау.
ҚБТУ бизнес-үрдістері мен оқу барысына жаңа ақпарттық технологияларды енгізу.
ҚБТУ-да өнімділігі жоғары компьютерлік есептеуіштерді дамыту, ақпараттық жүйелерді өңдеу.
Жоғары білікті IT мамандарын дайындау мақсатында ҚБТУ студенттерін ақпараттық жүйелерді өңдеуге және ҚБТУ инфрақұрылымының ақпараттық технологияларын қамтамасыз етуге жұмылдыру.


Қызметтер

Департамент төмендегідей қызметтерді атқарады:
ЖК мен есептеуіш желілердің техникалық және бағдарламалық құралдарын сатып алу және пайдалану саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу және ҚБТУ-ды ақпараттандырудың стратегиялық бағдарламаларын өңдеу және жүзеге асыру.
ҚБТУ ақпараттық технологияларының дамуы үшін болжанған шығыстардың бюджеті мен сметасын құру және белгіленген тәртіп бойынша бекітуге ұсыну.
Жалпы университеттік компьютерлік желіні дамыту: жобаларды әзірлеу, кәбілдік жүйені жоспарлау, белсенді желілік жабдықтарды конфигурациялау, мониторинг және әкімшілік желілер.
Университет қызметінің үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін жалпы университеттік компьютерлік желіні әкімшілік басқару және қолдау.
Компьютерлік жабдықтарды ағымдағы кепілдіксіз жөндеу және/немесе компьютерлік техниканы жеткізушілердің кепілдігі бар және кепілдіксіз жөндеу жұмыстарын компьютерлік техниканы жеткізушілердің ұйымдастыруы.
ҚБТУ қолданушыларына ақпараттық және техникалық қолдау көрсету.
ҚБТУ компьютерлік паркін пайдаланудың есебі мен мониторингін жүргізу.
ЖК мен компьютерлік желілердің техникалық және бағдарламалық құралдарын сатып алу және пайдалану саласында бірыңғай техникалық саясат пен ҚБТУ-ды ақпараттандырудың стратегиялық бағдарламаларын техникалық жүзеге асыру.
ҚБТУ-да өнімділігі жоғары компьютерлік есептеуіштер саласын дамыту.
Суперкомпьютерді әкімшілік басқару және техникалық қолдау. Суперкомьютерге техникалық қолдау көрсету бойынша Департамент қызметкерлерін оқыту.
Департамент қызметі жайлы сұрақтар бойынша ҚБТУ нормативті құжаттар жобаларын өңдеу, оларды ҚБТУ органдарына бекітуге шығару.
Департамент қызметі бойынша жылдық жұмыс жоспарлары мен есептерді өңдеу, оларды бекітілген тәртіпке сай ресімдеу.
ҚБТУ-дың нормативтік құжаттар мен ҚР заңнамасында көзделген басқа қызметтерді орындау.


Жауапкершілік

Департамент қолданыстағы Ережеде көрсетілген мақсаттар мен қызметтердің орындалуына жауапты, соның ішінде:
- олардың уақытында орындалуы мен сапасы;
- берілген өкілеттілікті қолданудағы толықтық пен дұрыстық;
- СМЖ мен КҚпДБЖ құжаттар талаптарын, сапа бойынша міндеттерді орындау;
- жүктелген қызметтердің орындалу барысы жайлы Университет басқармасын уақытылы хабардар ету.


Құқықтар

Департамент құқылы:
Департамент өз өкілеттігін жүзеге асыру мен қызметтерін орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға және алуға.
Департаменттің құзыреттілігіне қатысты сұрақтар бойынша жеке тұлғалар мен тыс ұйымдармен, мемлекеттік органдармен бекітілген тәртіпке сай бірлесіп әрекет етуге.
ҚБТУ-дың жетекшілік етуші Проректорларына мынадай сұрақтар бойынша ұсыныстар енгізуге:
- Департамент құрылымын жетілдіру;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге келісімшарттар мен келісімдерді жүзеге асыру және қорытындылау;
- ҚБТУ мен Департаменттің ғылыми және материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту.


Басқа құрылымдық бөлімдермен қарым-қатынас

Департамент өз қызметін орындау барысында:
- университеттің басқа құрылымдық бөлімдерімен қарым-қатынасқа түседі және қажетті мәліметтермен бөліседі;
- университеттің мүдделі лауазымдық тұлғалары, құрылымдық бөлім басшыларымен Департаменттің қызметі жайлы сұрақтар бойынша дайындалған нормативті құжаттар жобаларын бекітеді.
- Университет басшылығының келісімі бойынша ҚБТУ-дың құрылымдық бөлім қызметкерлерін Департамент және қатысуды талап ететін басқа да құрылымдық бөлімдер ұйымдастыратын/өткізетін іс шараларды жүзеге асыруға жұмылдырады.

Байтасов Калилалло Маркисович
Директор департамента
phone +7 (727) 250-46-54 (вн. 515)
email k.baitasov@kbtu.kz
home 171 каб.
Сиделёв Николай Александрович
Заместитель (Сектор сопровождения и разработки программного обеспечения)
phone +7 (727) 272-10-43 (вн. 418)
email n.sidelev@kbtu.kz
home 177 каб.
Архипов Алексей Владимирович
Заместитель (Сектор сопровождения IT инфраструктуры )
phone +7 (727) 272-16-55 (вн. 370)
email a.arkhipov@kbtu.kz
home 170 каб.