Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Ақпараттық технологиялар құзыретінің орталығы

Жалпы ережелер

Ақпараттық технологиялар бойынша құзыреттілік орталығы (әрі қарай АТҚО) ақпараттық технологиялар саласында жұмыстар жүргізу үшін құрылған. Орталық өз қызметі бойынша Академиялық және ақпараттық технолологиялар проректорына бағынады. Орталық өз қызметінде төмендегілерді басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасы өз күшіндегі заңнамалары;
- Университет Жарғысы;
- сапа саласындағы "ҚБТУ"АҚ саясаты мен мақсаттар;
- ҚБТУ бойынша бұйрықтар мен өкімдер және университеттің сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) өзге де нормативтік құжаттары;
- «ҚБТУ» АҚ ішкі тәртіп ережелері;
- университет нормативтік актілері;
- аталған Ереже және ҚБТУ-дың өзге де ішкі құжаттары.


Негізгі міндеттері

ҚБТУ-дың ақпараттық технологиялар саласындағы саясаты мен стратегиясын дамыту. ҚБТУ-дағы ақпараттық технологиялар жай-күйіне әлемдік жетекші ақпараттық технологияларға қойылатын заманауи талаптар тұрғысына сәйкес баға беру. ҚБТУ басшылығына бекіту үшін ақпараттық технологияларды дамытуға жұмсалатын көзделіп отырған бюджет пен шығындар сметасын жасау және ресімдеу. ҚБТУ оқу үдерісі мен бизнес үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. ҚБТУ-дың барлық компьютерлік техникаларына техникалық және жүйелік қызмет көрсету (оперативтік қызмет көрсету, дербес компьютерлер мен оргтехникаларды стационарлық жөндеу). ҚБТУ-да жоғары өнімді компьютерлік есептемелер саласын дамыту. Суперкомпьютерлік технологияларды енгізу. Ақпараттық технологиялар бойынша іргелі, қолданбалы, инновациялық және өзге де зерттеулерді қаржыландыру көздерін іздестіру. Ақпараттық технологиялар бойынша іргелі, қолданбалы, инновациялық және т.б. зерттеулерді дамыту. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау мақсатында университет студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту. Ақпараттық және суперкомпьютерлік технологиялар базасы негізінде ғылыми және ғылыми-өндірістік қызмет саласында ынтымақтастық құру мақсатында Қазақстан Республикасы және шетелдік жоғары оқу орындарымен, мұнайгаз компанияларымен және өзге де ұйымдармен байланыс орнату. ҚБТУ-да студенттер мен іс-тәжірибедегі мамандарға арналған Ақпараттық технологиялар (АТ) әзірлеушілері мен өндірушілерінен сертификатталған оқытуды ұйымдастыру аясындағы білім беру қызметін дамыту. Сетрификатталған оқыту портфелін қалыптастыру. Сертификатталған оқытуды өткізуге бюджет пен смета қалыптастыру. Сертификатталған оқытуды ұйымдастыру.


Атқаратын қызметі

ҚБТУ ақпараттандыру стратегиялық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру және ДК техникалық және бағдарламалық құралдар мен есептеу желілерін алу және пайдалануға беру саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу. ҚБТУ-да оқу және өзге де бизнес үдерістерін автоматтандыру үшін қажетті дайын бағдарламалық өнімдерді алу немесе әзірлеу қажеттігі туралы ҚБТУ басшылығына идеялар мен ұсыныстар дайындау. ҚБТУ қолданушыларына ақпараттық қолдау көрсету. ҚБТУ қолданушыларына техникалық қолдау көрсету. ҚБТУ-ды ақпараттандырудың стратегиялық бағдарламасын техникалық іске асыру және ДК техникалық және бағдарламалық құралдар мен есептеу желілерін алу және пайдалануға беру саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу. ҚБТУ-да жоғары өнімді компьютерлік есептеулер саласын дамыту. Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша Университет құрылымдарымен бірлесе әрекет ету. Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және тәжірибе-эксперименталдық жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу. Ақпараттық технологиялар базасы негізінде ғылыми және ғылыми-өндірістік қызмет саласында ынтымақтаса жұмыс істеу мақсатында мұнайгаз компаниялары және энергетикалық кешендерімен, білім беру ұйымдарымен, өзге де, соның ішінде халықаралық компаниялар және ұйымдармен ұзақ мерзімді серіктестік қатынас орнату және дамыту бойынша жұмыстар жүргізу. Университеттің ғылыми-зерттеу жетістіктерін алға жылжыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға қатысу. ҚБТУ-да студенттер мен іс-тәжірибедегі мамандарға арналған Ақпараттық технологиялар (АТ) әзірлеушілері мен өндірушілерінен сертификатталған оқытуды ұйымдастыру аясындағы білім беру қызметін дамыту. Қазақстан Республикасы нарығында Ақпараттық технологиялар (АТ) әзірлеушілері мен өндірушілерінен ұсынылған сертификатталған оқытуды жүргізудің өзектілігін, қажеттілігін және тиімділігіне бағалауды анықтау бойынша талдау жүргізу.
ҚБТУ башылығымен төмендегілерді келісу және бекіту:
- сертификатталған оқыту портфелі
- сертификатталған оқыту жүргізу бюджеті мен сметасы БАҚ-қа тақырыптық мақалалар, пресс-релиздер және өзге де жарнамалық және PR материалдар даярлау және орналастыру, сондай-ақ: тақырыптық көрмелерге, конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және т.б. қатысу. -АТ әзірлеушілер және өндірушілермен, БАҚ-пен, мемлекеттік құрылымдармен және компаниялармен, әлеуетті тыңдаушылармен бірлесе әрекет ету және серіктестік қатынастар орнату.


Жауаптылық

Өз қызметін компьютерлік техникаларды пайдаланудың жалпы қабылданған нормативтері негізінде жүзеге асыру. АТҚО құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге келісімдер, келісімшарттар және мәмілелер жасау және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу. Университеттің ғылыми және материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту бойынша ұсыныстар беру. ҚБТУ аясында уақытша ғылыми ұжымдар, ғылыми-өндірістік, инновациялық және ендіруші құрылымдар құру бойынша ұсыныстар беру, талдау және үйлестіру. Университеттің құрылымдық бөлімдерінен Орталыққа жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті мәліметтер сұрату және дер кезінде алып отыру. Орталық құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хаттар алмасу. Орталық қызметіне қатысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте ҚБТУ атынан мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен қарым-қатынас өкілдігін жүзеге асыру. Университет және Орталық қызметінің маңызды мәселелерін талқылау мен шешуге қатысу. Орталық жыл сайынғы жоспары мен бекітілген перспективаларына сәйкес оқу-өндірістік қызметті жүзеге асыру. Орталыққа аталған Ережеде көзделген қызметқе қатысты емес өкілеттіктерді жүктеуге жол берілмейді.


Орталықтың өкілеттіктері

Орталық аталған ережеде жүктелген міндеттер мен қызметтерді тиісті тұрғыда орындауға жауапкершілік арқалайды, соның ішінде:
- Аталған Ережеге сәйкес жұмыс сапасы;
- берілген құқықтарды пайдалану дұрыстығы және толықтығы;
- сапа менеджменті жүйесі құжаттамалары талаптары мен сапа саласындағы міндеттемелерді орындау;
- жүктелген қызметтердің орындалу барысы туралы ҚБТУ басшылығын дер кезінде хабардар етіп отыру.
Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес университетке келтірілген шығын үшін, материалдық құндылықтарды бүлдіру мен жою үшін (олардың кінәсінен болған) белгіленген тәртіпте материалдық жауапкершілік арқалайды.


Өзге құрылымдық бөлімдермен өзара әрекеттесу

Орталық өз қызметін жүзеге асыру барысында:
- университеттің өзге құрылымдық бөлімдерімен қызметтік өзара қарым-қатынасқа түседі және олармен қажетті ақпараттармен алмасады;
-Орталық қызметі мәселелері бойынша дайындалатын нормативтік құжаттар жобасын мүдделі құрылымдық бөлім басшыларымен, университеттің лауазымды тұлғаларымен келіседі.
-Университет басшылығының келісімі бойынша ҚБТУ құрылымдық бөлім қызметкерлерін Орталық ұымдастырған/өткізген және өзге құрылымдық бөлімдердің қатысуы талап етілетін іс-шараларды іске асыруға тартады.

Иващенко Сергей Витальевич
Атқарушы директор
phone +7 (727) 272-10-43 (418)
email s.ivashenko@kbtu.kz
home 510 каб.