Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Серіктестер мен демеушілер
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ университеттің ең маңызды демеушісі болып табылады. Жыл сайын студенттерге атаулы оқуақыларды тағайындап, ҚБТУ зертханаларын жасақтап, ақпараттық қолдау көрсетеді.
Теңізшевройл
ҚБТУ-дың Қазақстан Теңіз Академиясының Бас демеушісі. Теңізшевройл - геологиялық барлауды, өңдеуді, өндіруді, мұнай өтімі мен жалғаспалы өнімдерді басқаратын қазақстандық кәсіпорын, және де өзінің қызметін ең алдыңғы қатарлы техникалық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік стандарттарына сәйкес іске асырады.
Agip KCO
Agip KCO – 2009 жылы ҚБТУ-дың 10 түлектеріне Италияның Турин қаласындағы Политехникалық Университетінде магистратура бағдарламасы бойынша оқуға гранттар бөлген.
British Council
British Council –білім алуға және мәдениеттік байланысқа жол ашатын алдыңғы қатарлы халықаралық ұжым. 1934 жылы қайырымдылық ұжымы ретінде тіркелген British Council қазіргі уақытта дүниежүзінің 109 мемлекетінде жұмыс атқарады.
British Gas Kazakhstan
"Би Джи Групп" алдыңғы қатарлы халықаралық энергетикалық компания, өзінің қызметін 5 құрлықта әлемнің 25-тен астам мемлекетінде жүзеге асырады. "Би Джи Групп" стратегиясы энергетикалық нарықтың терең білімін үйлестіреді, нақтырақ айтқанда табиғи газ өндіру - өндіруден бастап тұтынушыға жеткізігенге дейін.
Exterran Kazakhstan LLP
Экстерран компаниясы табиғи газды сығып қызмет көрсетудің толық шоғырын ұсынатын халықаралық көшбасшы.
Halliburton International Inc/Landmark Graphics
Halliburton — әлемдік көшбасшы, кешенді шешімдер провайдері және энергетика саласында қызмет көрсету, жабдықтар, технологиялар, құрылыс және техникалық қызметтерді қамтиды.
HSBC Банк Казахстан
HSBC банктік және қаржылық қызметтерді көрсететін әлемдегі ең ірі ұжым болып табылады. Ұжымның негізгі кеңсесі Лондонда орналасқан. HSBC-ң халықаралық желісі 10 000 кеңсе Еуропа және Азия-Тынық мұхит өңірінде, Солтүстік және Латын Америкасында, Таяу Шығыс пен Африканың 86 мемлекеттерінде орналасқан.
Invensys
2008 жылдың 19 маусымында Invensys Process Systems (IPS) компаниясының демеулігімен ҚБТУ-да SCADA зертханасының ашылу салтанаты өтті.
Kazenergy
"KazEnergy" қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасында ашылып, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің орнықты және серпінді дамуы үшін қолайлы шарттар жасауына қолдау көрсетуге шақырылған ерікті бейкоммерциялық тәуелсіз заңды тұлғалар бірлестігі.
KazStroyService
АО "НГСК КазСтройСервис" халықаралық стандарттар сапасы мен қауіпсіздік және басқару жүйесіне сәйкес материалды-техникалық жабдықтау мен мұнай-газ секторының нысандар құрылысы және жобалаумен айналысады.
KBR
KBR компаниясы энергетика, көмірсутегі, мемлекеттік қызмет және азаматтық инфрақұрылым секторларын қолдайтын, жобалау, құрылыс және қызметтер саласындағы әлемдік жетекші компания болып табылады.
Kcell
GSM Қазақстан/Kcell-дің ірі скандинавиялық телекоммуникациялық холдингі TeliaSonera құрамына кіреді, компанияның 49% - ы "Қазақтелеком"АҚ-на тиесілі.