Cіз бөлімінде ҚБТУ жайлы
Халықаралық қатынастар

Үлестес университеттер


University of London

2009 жылы ҚБТУ Лондон университетінің "Үлестес орталығы" мәртебесін алды. Лондон университеті Ұлыбританияның көне және ең ірі көппәнді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Оның құрамына 12 колледж және 10 мамандандырылған зерттеу институты кіреді. "Үлестес орталық" мәртебесінің арқасында ҚБТУ студенттері Лондон университетінің бір бөлігі болып табылатын Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің дипломын ала алады. Қазіргі таңда ЛЭМ өзінің саясат, бизнес және құқық әлеміндегі үлкен байланыстарының арқасында үлкен беделге ие болып отыр. 2009 жылғы ақпан айының көрсеткіштеріне сәйкес Ұлыбританияның бұрынғы немесе қазіргі мемлекет басшыларының 32%-ы; сонымен қатар Ұлыбритания Қауым палатасының 28 мүшесі мен Лорд палатасының 42 мүшесі ЛЭМ-де білім алған немесе сабақ берген деген ақпарат бар.



Harvard Business School

2011 жылы ҚБТУ Гарвард бизнес мектебінің Стратегия мен бәсекеге қабілеттілік институтының ресми серіктесі болды. Осының нәтижесінде ҚБТУ-дың Бизнес мектебі студенттері Гарвардтың бүкіл әлемге әйгілі оқытушысы Майкл Портер жасаған Microeconomics and Competitiveness (MOC) курсын өту мүмкіндігін алды. ҚБТУ Қазақстандағы MOC (MOC Affiliate Network) серіктестік желісіне кірген бірден-бір университет болып табылады. Гравард бизнес мектебі, өз кезегінде, U.S. News & World Report баспасы жариялаған тізімде бірінші орынға, ал Financial Times баспасының ғаламдық тізімінде үшінші орынға ие болып отыр. Сонымен бірге, американдық және әлемдік бизнес-мектептердің алғашқы ондығына кіреді және "Лига Плюща" университеттері бизнес-мектептерінің алтауының бірі болып табылады.

Қос диплом бағдарламасы


London School of Economics and Political Science

Лондон университетімен бірге «Қосылу орталығы» арқасында ҚБТУ-дың Халықаралық экономика мектебі (ХЭМ) факультетінің түлектері ҚБТУ дипломы мен Лондон университеті канцлерінің орынбасары қол қойған Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE)дипломын алады. ХЭМ факультетіндегі барлық оқу үрдісі мен оқытушылар Лондон университетінің сапаны қамтамасыз ету тобымен бағаланып, бекітілді.
LSE Лондон университетінің бөлімшесі ретінде 1895 жылы құрылған. Ұлыбританияның үздік 20 университеті кіретін «Рассел» элиталық тобының мүшесі болып табылады.



Geneva Business School

Бизнес мектеп факультеті бакалавриатының студенттеріне екі диплом алуға мүмкіндік бар: ҚБТУжәне серіктес Geneva Business School (Швейцария) немесе University of Northampton (Англия) ЖОО-ның біреуініңдипломы. Ол үшін ҚБТУ-да үш жыл және Швейцариянемесе Англияда бір жылоқу қажет. Магистратура студенттері үшін Испанияның EADA университетіменқос диплом бағдарламасы жұмыс істейді.


Студенттермен алмасу бағдарламасы

ҚБТУ бағдарламасы аясында халықаралық алмасу бойынша студенттер бір немесе екі семестр Henley Business School, University of Reading, University of Northampton, Boston University сияқты Ұлыбритания және АҚШ-тыңбелгілі ЖОО-да, Польшаның Kozminski Universityең ірі жеке оқу орнында, Корея мен Малайзия, басқа да 20-дан астам техникалық университетте оқи алады.


Шетелдік оқытушылар

• АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд елдерінен келген штаттағы 42 шетелдік оқытушылар қызмет істейді

• Әр жыл сайын 30-дан астам шетелдік оқытушылар шақырылады (Ұлыбритания).